Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3553 0 пікір 18 Наурыз, 2011 сағат 09:15

Өміржан Әбдіхалықұлы. Салған әнім сайлау-ай

«Қазақстан үшін дауыс бер» атты бейнероликті бүгінгі күні барша жұрт телеарналардан күніне неше мәрте көріп жүргені аян. Жастарды сайлауға шақыру үшін композитор Арман Дүйсенов ән жазып, оның атын «Қазақстанға дауыс бер» деп атап бір топ әншілер шырқаған бейнеролик қазір тележәшіктің төрінде тұр. Саяси шараға арналған ән жөнінде әнші Медеу Арынбаевпен аз-кем әңгіме-дүкен құрған едік (айтпақшы, екеуара сұхбатымызда әншінің лексиконы мейілінше сақталғанын ескертеміз).

- Жастарды сайлауға шақыру үшін түсірген бейнероликтеріңіз телеарналардан көрсетіліп жатыр. Оны бәріміз көріп те жүрміз. Ең әуелі әнге «Қазақстан үшін дауыс бер!» деген атауды қалай қойдыңыздар? Себебі, сайлауға төрт кандидат түсіп жатыр. Сол төртеудің бірі жеңіске жетер. Бірақ, «Қазақстан үшін дауыс бер!» дейтіндей еліміз халықаралық ірі шараға қатысып жатқан жоқ қой. Жалпы осы атау жайында айтып беріңізші?

- Өзіңе ұнамады ма, не? Не болды? Мұндай сұрақ қойғаныңның себебі не сонша?

- «Қазақстан үшін дауыс бер!» деген түсініксіз сөз ғой.

- Кім үшін дауыс бер дейміз сонда?

- Мысалы, сайлауға шақырамыз, сайлауға кел, сайлауға дегендей.

- Сайлауға шақыру деген баяғыда өтіп кеткен дүние. Бұл сұрақты маған қоятын жөндерің жоқ. Мен - орындаушымын.

Студияға барып қалсам: «Мәке, осындай бір шаралар болып жатыр»,- деді. Ділназ Ахмедиева өлең айтыпты. «Жігіттер» де айтып жатыр екен. Сөздің ашығы, «Еркек дауыс керек болып жатыр», - деді. Арман бауырыммен (Арман Дүйсенов.-Ред) аралас-құралас адамдармыз. Творчестволық қарым-қатынастамыз. Керемет ән шығыпты. Әні жақсы -патриоттық сезім бар. Мен енді «Қазақстан үшін дауыс бер!» деген жолдарын  аңғарған жоқпын. Сайлаудың алдындағы шараға бұл ән серпін беретін сияқты, маған сондай ой келді.

Бірақ оның артынан түсіп, неге бұлай деуіміз керек, неге бүйтпеуіміз керек деп талқыға салып не болмаса бауырларымның алдына бір талап қойып жатқан жоқпын. Неге өйтпеске?! Қазіргі елбасымыздан бастап Қазақстанда төрт кандидат қойылып жатыр. Шынымды айтсам, кандидаттар емтихан тапсырып жатқан кезде ойластырылып жатқан шара еді. Және бір-екі кандидаттың өтіп жатқанын естіп жатқан кез. Кім өтсе де өтетінін, төрт кандидаттың болатынын білдік қой. Сайлауға үндеу болмай-ақ қойсын, «Қазақстан үшін, жер үшін ертеңіңді ойла, жастар», деген әңгімемен, сондай оймен шығарылған дүние ғой.

- Әндеріңіз нақты бір тілде айтылмайды. Қазақша басталады, орысша жалғастырып кетесіздер де қайтадан қазақша айтасыздар. Сонда бұл қандай тіл?

-Басында қазақша тілде болыпты. Содан еліміз көпұлтты болғаннан кейін және Қазақстанда тек қана қазақ тұрмаймыз. Ең бастысы қазіргі еліміздің алдына қойып жатқан мақсаты сол - ауызбіршілік, тыныштық. Қанша ұлт бар! Басқа тілде айтпай-ақ қояйық, барлығының білетін тілі -  орыс тілі болғаннан кейін солай болды. Арман және «Арнау» тобындағы жігіттер қосылып әннің сөзін мағынауи тұрғыда аударып сосын рифмаға келетіндей етіп жасаған екен. «Проголосуи за Казахстан» дегенде дауыс бер деген сөз жоқ емес, бар, оны мойындайсың ғой. «Сайлауға дауыс бер» дегеннен «Қазақстан үшін дауыс бер» деген ұғымдылау, сезімді оятатын сияқты. Қазақшасындағы «Қазақстан үшін дауыс бер» деген болмай қалды. Бірақ, орысшасы солай болып тұр.

- Осы әнді аралас, будан тілде айтпай-ақ қояйық, мемлекеттік тілде немесе ресми тілде ғана  айтайық деп талап қоя алмадыңыздар ма?

- Қоя алмадық. Ол қаржыға, уақытқа келіп тірелетін нәрсе. Екі тілде бірдей жетсін, бөлек-бөлек қылмай-ақ қояйық дедік.

- Өткенде сіздер баспасөз мәслихатын өткізген кезде бұл ән және бейнеролик - өздеріңіздің патриоттық сезімдеріңізден туындап жатқан дүние екенін айттыңыздар. Яғни патриоттық дегеніміз орысшадан аударғанда отаншылдық, елшілдік, ұлтшылдық, мемлекетшілдік деген ұғымды білдіреді ғой. Осы тұрғыдан келгенде мысалы, былтыр Қызылағаш ауылында апат болды, Тарбағатай ауданында да ауылдарды су алып кетті, сондай кезде сіздер, яғни әншілер қауымы патриоттықтарыңызды танытып ел арасына барып концерттер беріп болмаса басқа да көмектеріңізді жасадыңыздар ма? Сайлау алдында неге патриоттықпен шыға қалдыңыздар?

- Ондай жағдайлар болып жатса әншілер басын бұғып қалады деп айта алмаймын. Ондай түртпелі сауалды қоймай-ақ қой, бауырым. Бармады емес, елдер барып жатты. Әншілер ондай жерден қалмаймыз. Мүмкін сондай кездерде қаламұштарың жазылмай қалатын шығар. Ел басына күн туған кезде - біз қашанда елмен біргеміз.

- Әңгімеңізге рахмет!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5550