Қазақстандық делегация еуропалық шенеуніктермен келіссөз өткізді
БРЮССЕЛЬ. 19 наурыз. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Қазақcтан Президентінің көмекшісі Нұрлан Ермекбаев Әділет министрлігінің жауапты хатшысы Марат Бекетаевпен және Экономикалық даму және сауда вице-министрі Қуандық Бішімбаевпен бірге Брюссельде сапармен болып, еуропалық шенеуніктермен және жетекші халықаралық сарапшылармен кездесулер өткізді.
Қазақстандық делегацияның өкілдері Еурокомиссия төрағасының дипломатиялық кеңесшісі Паоло Пиньеромен, Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі кабинетінің мүшесі Карл Халлергардпен кездесіп, Еуроодақ пен Қазақстанның арасында жаңа базалық келісім жасау туралы алдағы келіссөзді ескере отырып, Қазақстан мен Еуроодақтың арасындағы екіжақты ынтымақтастықты әрі қарай дамытудың жайын талқылады. Сондай-ақ тараптар ЕҚЫҰ төрағалығы кезіндегі Қазақстанның экономикалық және саяси даму мәселелерін сөз етті.
ҚР Президентінің көмекшісі Н.Ермекбаев пен делегация мүшелері сондай-ақ Қазақстан мен Еуроодақтың арасындағы қарым-қатынастардың ағымдағы жағдайы мен оны дамыту перспективасына арналған «дөңгелек үстел» отырысына қатысты.