Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклон ықпалында болады
АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклон ықпалында болады. Республиканың батыс облыстары - циклон, ал оңтүстік-шығыс және шығыс облыстары суық ауа ағындарының ықпалында болады.
Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі Қазгидромет мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлайды.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерін тұман басады.
Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Жамбыл облысының кей жерлеріне тұман түсіп, жел қуаты секундына 18-23 метр болады. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының да кей жерлерінде жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Таяу үш тәулікте Іле, Қаратал, Шу, Сырдария және Жайық өзенінің төменгі ағыстарында мұз құрсауларының әлсіреп, жарылуы күтілуде. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында су деңгейінің ауытқуы байқалады. Арыс өзені арқылы Сырдарияға су ағыны ұлғаяды. Республиканың солтүстік бөлігіндегі өзендерде қысқы режім сақталады.