Сәрсенбі, 2 Қыркүйек 2026
3462 1 пікір 12 Қыркүйек, 2018 сағат 11:02

Дональд Трамп 11 қыркүйек құрбандарын еске алу жиынында сөз сөйледі

АҚШ президенті Дональд Трамп 17 жыл бұрын United Airlines ұшағы құлаған жерге жақын орналасқан Пенсильвания штатының Шэнксвилл мемориалдық паркіндегі еске алу жиынына қатысты. Ол құрбан болған жолаушыларды қастыққа қарсы күрескен қаһармандар деп атады.

Ұшақта бары 37 жолаушы, оның ішінде төрт террорист және 7 экипаж мүшесі болған. Ұшақ жолда құлаған. Ресми мәлімет бойынша, ұшақ құлаған жерден вашингтондық Капитолияға дейін небәрі 20 минөт қалған.

АҚШ-та 11 қыркүйек – 2001 жылдың 11 қыркүйегінде Нью-Йоркте, Вашингтонда және Пенсильвания штатында орын алған теракті құрбандарын еске алу күні.

17 жыл бұрын "Әл-Каида" ұйымының жанкештілері жолаушылар ұшағын айдап әкетіп, Нью-Йорктегі Дүниежүзі сауда үйінің ғимаратын, Вашингтон жанындағы Пентагон ғимаратын соққан. Үш мыңға жуық америкалық және өзге елдердің азаматтары қаза тапты. Олардың ішінде Пенсильвания штатына құлаған ұшақтағы жолаушылар да бар.

Нью-Йоркте Дүниежүзі сауда үйінің егіз мұнарасы болған орынға терактіден тірі қалғандар мен қаза тапқандардың туыстары келіп, еске алды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 405
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1402
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 373
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 342