Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2619 0 пікір 19 Наурыз, 2011 сағат 05:28

Қазақстан экономикалық реформаларды және сыртқы саяси басымдықтарды жүзеге асыру мәселелерінде Орталық Азиядағы көшбасшы ел - Халықаралық дағдарыс тобының вице-президенті А. Делетроз

БРЮССЕЛЬ. 19 наурыз. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Қазақстан  экономикалық  реформаларды    және  сыртқы саяси басымдықтарды  жүзеге асыру мәселелерінде     Орталық  Азиядағы көшбасшы ел.    Халықаралық дағдарыс тобының     вице-президенті Ален Делетроз    қазақстандық  журналистерге  берген   сұхбатында  осындай пікір айтты.

Халықаралық  сарапшы  өз  сөзінде:  «Cіздердің аймақтарыңызда Қазақстан ең дамыған мемлекетке айналып  отыр.  Ол шын мәнінде өте   мазмұнды  сыртқы саясат  жүргізіп  отырған      жалғыз  мемлекет  қана. Оған  қоса,  Қазақстан    Орталық  Азияда   экономикалық реформалар   саласында  да көш  алдында», - деп атап көрсетті.

Ален Делетроздың   айтуынша,   ЕҚЫҰ төрағасы   ретінде  Қазақстан    он бір жылдық   үзілістен кейін  жоғары  деңгейде    Ұйым  саммитін     ұйымдастыра алды,   жас мемлекет  үшін  бұл  үлкен жетістік.  ЕҚЫҰ елдерінің арасында  үлкен қайшылықтар болғанына  қарамастан, Астанада    бірлескен декларацияға қол қою  мүмкін болды.  «Бұл үлкен жетістік»,   деп атап көрсетті   ол.

Халықаралық   дағдарыс  тобы  -    бес құрлықта  135-тен астам   қызметкері  бар   коммерциялық емес,  тәуелсіз  халықаралық   ұйым.  Ол        халықаралық қоғамдастықтың қақтығыстардың алдын алу мақсатында    болжам жасау,  түсіну және әрекет ету қабілеттерін нығайту  үшін құрылған  ұйым.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5555