Мұқағали Мақатаев. Наурыз
Наурыз айы туғанда,
Той болушы еді бұл маңда.
Сақталушы еді сыбаға,
Сапарға кеткен ұлдарға,
Наурыз айы туғанда.
Наурыз, наурыз, күн игі!
Күні игі жердің - түрі игі.
Бауыры жылып науат-қар,
Бабымен ғана жібиді.
Шашылып ырыс шанақтан,
Шақырып бір үй бір үйді,
Шаттанушы еді бір игі.
Осынау игі кең жерге,
Наурыз айы келгенде,
Наурыз тойын бергенде,
Көрмегендер де - арманда,
Арманда - оны көрген де.
Келіп ем өмір - орманға,
Наурыз айы келгенде.
*** Ақпан кетті араз боп наурызбен, Наурыз жүр жоғалған бағын іздеп. Көктем жетті көрісіп, жанын үзген, Қыс аттанды қоштасып тағы бізбен. Көктем жетті көл-көсір шуақ қуып, Қыс барады қиылып, жылап тұрып. Шатырында үйлердің наурыз жүр, Мұз көргісін ақпанның лақтырып. Тозған тонын бойына кие алмай бір, Қайда барса қарт Аяз сыя алмай жүр. Асқар таулар атасын шақырады, Ой мен қырын атасы қия алмай жүр. Қарар емес наурыз атағына, Алар емес ақпанды қатарына. Күні бойы жылаған қарт пенденің, Түні бойы мұз тоңды сақалына. |