Алматыда ТМД елдерінің жастар форумы өтіп жатыр
Алматыда ТМД елдерінің жастар форумы өтіп жатыр. Форум аясында белсенді жастар бір алаңға жиналып ауқымды іс-шаралар ұйымдастыруда. 12-14 қыркүйек аралығында жас көшбасшылар ортақ мәдениетаралық диалогты қалыптастырып, өзара қарым-қатынасты күшейтуді көздейді.
ҚР қоғамдық даму министрлігі, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтіп жатқан форум аясында Қазақстан жастарының және Ресей ынтымақтастығының күні өтеді. Іс шара шеңберінде жастар ұйымдары арасында меморандумдарға қол қойылады. Форумға келген Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан және Ресей федерациясы қоғамдық ұйымдарының өкілдері өзара тәжірибе алмасып, жастардың патриоттық белсенділігін арттыру жайында ой-пікірлерін ортаға салады.
Алқалы жиынға сондай-ақ кәсіпкерлер, волонтерлер, мемлекеттік орган мен БАҚ өкілдері және шығармашылықпен айналысатын жастар қатысады. Сонымен қатар форум бағдарламасында интерактивті тренингтер, танымал тұлғалармен кездесу және қызықты экскурсиялар ұйымдастырылады.
Abai.kz