Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026
46 - сөз 6317 15 пікір 14 Қыркүйек, 2018 сағат 15:26

Қарақұсова: Қазақ тілін үйрене беремін

Осыған дейін мәжіліс депутаты Гүлжан Қарағұсова қазақша сұхбат беремін деп әлеуметтік желіде күлкіге қалған болатын. Алайда ол соған қарамастан қазақ тілін үйрене беретінін айтты.

«Қазақ тілін үйрене беремін. Бірақ тілді үйреніп жүргенім үшін қолдау керек. Енді ғана (қазақ тілін үйренуді – автор) бастадым. Неге? Себебі, 50 жыл бойы мен орыс тілінде ойлап, оқып, жұмыс істедім», - деді Мәжілістің Есеп комитеті отырысынан шыққан депутат.

Естеріңізге сала кетейік, «Азаттық радиосы» әзірлеген видеоматериалда Қасым Жомарт Тоқаевтың «бірінші сыныпқа ағылшын тілін оқыту қажет пе?» деп көтерген мәселесіне депутаттар жауап берген. Қарағұсова бұған қазақша жауап беруге тырысқан. Алайда, депутаттың қазақ тіліндегі жауабын желі қолданушылары күлкіге айналдырған болатын.

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1237
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2762
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 891
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 837