Сенбі, 23 Қараша 2024
3628 30 пікір 14 Қыркүйек, 2018 сағат 19:09

Ақтөбеде «7-20-25» бағдарламасы бойынша бастапқы жарна 10 пайызға азайтылды

Ақтөбедегі аз қамтылған отбасылардың баспаналы болуына жаңа мүмкіндік. «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы бойынша төленетін алғашқы жарнаның 10 пайызын жергілікті әкімдік өз мойнына алмақ. Бүгін «Нұр Отан» партиясының Бастауыш партия ұйымдарының аймақтық форумы барысында Ақтөбе облыс әкімдігі мен "Баспана" ипотекалық компаниясы осындай меморандумға қол қойды.

Осылайша, жас отбасылар мен Ақтөбе облысының бюджеттік сала қызметкерлері «7-20-25» бағдарламасы бойынша пәтер құнының 10%-ын ғана төлеп, үй алу мүмкіндігіне ие болады.

Меморандумға сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі аталған азаматтарға бастапқы жарнаның жартысын төлеуді өз мойнына алады және осы мақсатқа 2 млрд теңге бөледі.

- «Ақтөбе облысының әкімі мен «Нұр Отан» партиясына бастапқы жарнаны азайту бойынша әлеуметтік бастамаларды қолдағаны үшін алғысымды білдіргім келеді. Облыс қарқынды дамып келеді және «7-20-25» бағдарламасына қатысушылардың саны бойынша көшбасшылардың бірі. Қазіргі уақытта біз «Нұр Отан» партиясымен бірлесе отырып, еліміздің басқа өңірлерінде де осы бастамаларды жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз», - деді «Баспана» ипотекалық ұйымының басшысы Қайрат Алтынбеков.

Сонымен қатар, арнайы сапармен Ақтөбе облысына келген «Нұр Отан» партиясының Хатшысы Тамара Дүйсенова Президенттің бес әлеуметтік бастамасының жүзеге асырылу барысына бақылау жүргізіп, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.

Алғашқы нысан Ақтөбе қаласының «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында мемлекеттік бағдарлама бойынша бой көтерген тұрғын үйлер болды. Ақтөбе облысы «7-20-25» бағдарламасымен несие алуға қабылданған өтінімдер саны бойынша облыстар арасында 4 орынға ие. Биылғы  жылы 870,0 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланса, соңғы 8 айдың қорытындысы бойынша 412,1 мың шаршы метр тұрғын үй өз иелерін тапты.

Партия Хатшысы Тамара Дүйсенова алғашқы жарнаның көлемін азайтуға бағытталған іс-шаралар тұрғындарға үлкен көмек екенін атап өтті.

- Бұл негізінен әлеуметтік қамсыздануға жататын азаматтарға, жетім балалар, көп балалы отбасылар, сосын жалақысы төмен азаматтарға деп белгілі бір категорияғадағы азаматтарға берілетін болады. Екінші екі миллиардтан астам қаражат сол азаматтардың алғашқы жарналары кемітіледі. Бұл үлкен мүмкіншілік деп отырмыз, - партия Хатшысы.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбе «7-20-25» бағдарламасы бойынша бастапқы жарнасы азайған екінші аймақ болып отыр. Бұған дейін «Нұр Отан» партиясының тікелей ұсынысы арқылы «Баспана» ипотекалық ұйымының даярлаған «Жас Арман» және «Қамқор Баспана» өнімдері пилот ретінде Шымкент қаласында іске қосылған еді.

Abai.kz

30 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5534