Қостанайда «Жақыныңа жәрдемдес» қайырымдылық акциясы басталды
ҚОСТАНАЙ. 24 наурыз. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - ҚР Қызыл Жарты ай қоғамының Қостанай облыстық филиалы тарапынан көмекке зәру жетім балаларға қолдау көрсету мақсатында «Жақыныңа жәрдемдес» қайырымдылық акциясын жариялады.
Акция барысында үйсіз-күйсіздер мен зейнеткерлерге көмек қолын созу да көзделіп отыр.
Қоғам филиалының төрайымы Раиса Савченконың айтуынша, акция барысында түрлі шараларды өткізу жоспарланған, олардың қатарында - төтенше жағдайлар кезінде бірінші медициналық көмек көрсету, әлеуметтік маңызы зор аурулардың алдын алу бар. Акцияны ұйымдастырушылар қолдаушыларға да көп үміт артып отыр, олар салған қаржы қайырымдылық купондарын сатудан түскен қаражатпен күшейтілмек. Р.Савченко аяқ-киім мен киім, сонымен қатар түрлі азық-түлік өнімдерін шығарумен айналысатын қостанайлық кәсіпорындар бұл акция жұмысына белсенді атсалысады деп үміттеніп отыр.