Сәрсенбі, 13 Қараша 2024
3051 0 пікір 17 Қыркүйек, 2018 сағат 10:39

Алматыда BRT желісі бойынша 18 метрлі автобустар жүретін жаңа бағыт ашылады

Жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланың көлік инфрақұрылымын реконструкциялау қарқынын тексерді және жеке автопарк алған №128 бағыт бойынша қызмет көрсететін жаңа автобустарды көрді, деп хабарлайды Абай-ақпарат Алматы әкімінің сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі кезде BRT желісі бойынша 28 тұғырнамада 68 бекетті павильондар жасақталуда, тротуарлар мен веложолдар абаттандырылуда, жасыл желек отырғызылуда. Айдың соңына дейін Мұстафин және Сүлейменов көшелеріне жарық беретін 115 торшерді монтаждау аяқталады.

BRT автобус желісінде 17 бағыт бойынша 300-ден астам көлік бірлігі жүретін болады. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ақпараты бойынша жыл аяғына дейін 18 метрлі автобустар жүретін қосымша бағыт ашу жоспарланған.

«Жүргізілген сараптама 12 қыркүйекте BRT желісін іске қосу арқасында жолаушылар ағыны бір күнде 100 ден 142 мың адамға, яғни өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 40 пайызға артатынын көрсетті. «Атакенттен» Қазақ Ұлттық Университетіне автобус 2,5 минутта жетеді екен, ал бұрын 10 минутқа созылатын», - деді басқармадағылар.

Тимирязев көшесінің кейбір қиылыстарындағы бағдаршамдар объектілерінде жаяу жүргіншілер үшін жеке фазалар қарастырылады.ЖКА алдын алу үшін ІІД бірге видеофиксацияның автоматты желісі орнатылатын 10 тораптық нүкте белгіленді.

Жұмыс сапары барысында мегаполис басшысы жеке автопарк алған Yutong маркалы жаңа автобустарды көрді.

Ескі жылжымалы составқа тұрғындар тарапынан көп шағым түсетін, оны ретке келтіру үшін №128 бағыт бойынша енді төмен еденді 12 метрлі 17 көлік бірлігі жолаушыларды тасымалдайды. Бұлардан өзге, қарашада тасымалдаушы №72 бағыттағы жылжымалы составты толық жаңартады.

Жалпы, жыл аяғына дейін жаңа қоғамдық көліктің үлесін 80%-ке дейін жеткізу жоспарланған.

Айта кетерлігі, жалпы Алматыда биылғы жылы 524 көше жөнделді, 1400 ескі аула жаңарды.300 км арық салынды және жөнделді, 800 км инженерлік желі тартылды.

Қаланың барлық жер асты өтпелі жолдары жаңарды. Жыл аяғына дейін барлық көше жарықтарының үштен бірі жарық диодты және энергия жинақтаушы шамдарға ауыстырылады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1239
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2950
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 3320