Сенбі, 23 Қараша 2024
2989 0 пікір 18 Қыркүйек, 2018 сағат 09:57

Ердоған мен Путин Идлибте қауіпсіз аймақ құру жөнінде келіскен

Ресей және Түркия президенттері Сирияның Идлиб қаласында 20 шақырымдық демилитаризацияланған аймақ құру жөнінде келіскен. Бұл жөнінде екі ел президентінің бірлескен мәлімдемесінде айтылған.

Қауіпсіз аймақ 15 қазанға дейін құрылуы тиіс. Осы уақыттың ішінде қаладан қарулы күш және ауыр қару-жарақ техникасы шығарылуы керек.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин 17 қыркүйекте Сочиде кездесу өткізді. Олар Сириядағы жағдай, екі елдің сауда және қауіпсіздік мәселелерін талқылаған.

Бочаров бұлағы маңындағы резиденцияда екі ел басшысы үш сағатқа жуық жабық есік жағдайында кездескен.

Идлиб – әзірге Сирия үкіметі бақыламайтын соңғы аумақ. Бұл аймақ бүгінде оппозиция мен ислам қарулы топтың бақылауында. Соңғы аптада Ресей әуе күштері Идлибке бірнеше соққы берді.

Ресей, Иран және Сирия президенті Башар Асад Идлиб Дамаскінің бақылауына өтуі тиіс десе, Түркия аймақты оппозициялық күш бақылай алады деген ұстанымда.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5487