Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2571 0 пікір 25 Наурыз, 2011 сағат 01:26

ҚР екі бірдей адам өлтірген деп күдіктелуші, Татарстанда қолға түсіру кезінде қаза тапты

Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстанның Ақсай қаласында кісі өлтірген деген күдікті Татарстанда қолға түсіру кезінде қаза тапты, деп хабарлады Қазақстан ішкі істер министрлігінің арнайы өкілі Қуанышбек Жұманов.

«Осы іс-шараның шеңберінде Батыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері ресейлік әріптестермен бірлесіп, Татарстанда бірлескен арнайы операция өткізді. Аталған операция 2009 жылы Ақсай қаласында екі кісі өлтіру қылмысын жасаған 50 жастағы күдіктіні ұстауға бағытталған болатын», - деп айтты Жұманов бейсенбі күнгі брифингте.

Оның айтуынша, «ұстау кезінде күдікті қарулы қарсылық көрсетіп, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін жаруға әрекет жасады. Алайда, полиция қызметкерлері оның әрекеттерінің жолын уақтылы кесті».

«Содан кейін күдікті полиция қызметкелерін атуға әрекеттенген. Іздестірудегінің қарулы қарсылығының жолын кесу барысында Татарстан Ішкі істер басқармасының қызметкері табельдік қаруды қолданып, нәтижесінде іздестірудегі адам алған жарақаттардан қайтыс болды», - деп айтты Жұманов.

Қазіргі уақытта Ақсай қаласындағы кісі өлтіру фактісі бойынша салыстырмалы баллистикалық сараптамалар жүргізу үшін Татарстанның ІІМ-нен сот-медициналық және баллистикалық сараптамалардың қорытындылары сұратылды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1492
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3261
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5584