Сенбі, 23 Қараша 2024
2878 0 пікір 19 Қыркүйек, 2018 сағат 11:15

Алматы әкімі ГФР-ның сыртқы істер министрімен кездесті

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Германия Федеративтік Республикасының сыртқы істер министрі, бундестаг депутаты Нильс Анненмен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстар мәселелерін талқылады.

Мегаполис басшысы Алматы қаласы мен Германия арасындағы тауар айналымының оң динамикаға ие екендігін жеткізді. Алматыда немістің «ақылды» технологиясы мен инновациялық құрылымдарына, сонымен қатар германдық бизнесті қала экономикасына тартуға қызығушылықтың үлкен екенін айтты.

ГФР-ның сыртқы істер министрі өз кезегінде Қазақстан мен Германияны стратегиялық серіктестіктің жақындата түсетінін атап өтті. Ол биылғы күзде Алматыда өтетін жыл сайынғы «Қазақстандағы Германия экономикасының күндері» бизнес-форумының екі ел арасындағы іскерлік байланысты одан әрі нығайтуға ықпал ететінін айтты.

Нильс Аннен қаладағы жаяу жүргінші және көлік инфрақұрылымын модернизациялауды атап өтті.

«Өзімнің туған қалам Гамбургте BRT жүрдек автобустар желісі жүзеге асуда, қоғамдық көлік дамуда. Мұның барлығы бизнес және инвесторлар үшін қаланы барынша тартымды етеді, жаңа офистер ашуға құлшындырады әрі қала тұрғындары үшін өте ыңғайлы»,- деді ол.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5454