Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 4084 0 пікір 28 Наурыз, 2011 сағат 03:41

ҚазАқпарат-Анонс: 2011 жылғы 28 наурыз бен 4 сәуір аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

ҮКІМЕТ

28 наурызда Мәжілісте Үкімет сағаты өтеді. Бұл күні парламентшілер «2010 жылы туризм және спорт салаларында атқарылған жұмыстар және алдағы даму міндеттері туралы» тақырыпты талқыға салады.

ПАРЛАМЕНТ

28 наурызда ҚР Парламенті Мәжілісінде «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтеді.

ҚОҒАМ

3 наурыз бен 3 сәуір аралығында  Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттар сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын  жүргізеді.

28 наурызда Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Лилль 1 (Франция) университетінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басшысы Фпансуа Оливье мырзамен екіжақты меморандумға қол қояды.

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ

24-30 наурыз аралығында Астанада ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған жас музыканттардың 45-ші республикалық фестиваль-конкурсы өтеді

2011 жылғы 3 сәуір күні Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 4 ақпандағы №1149 Жарлығына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 41 бабының 3-1 пунктіне сәйкес 2011 жылдың 3 сәуір күні Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы болып өтеді.

АСТАНА

ҮКІМЕТ

28 наурызда Мәжілісте Үкімет сағаты өтеді. Бұл күні парламентшілер «2010 жылы туризм және спорт салаларында атқарылған жұмыстар және алдағы даму міндеттері туралы» тақырыпты талқыға салады.

ПАРЛАМЕНТ

28 наурызда ҚР Парламенті Мәжілісінде «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтеді.

ҚОҒАМ

3 наурыз бен 3 сәуір аралығында  Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттар сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын  жүргізеді.

28 наурызда Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Лилль 1 (Франция) университетінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басшысы Фпансуа Оливье мырзамен екіжақты меморандумға қол қояды.

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ

24-30 наурыз аралығында Астанада ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған жас музыканттардың 45-ші республикалық фестиваль-конкурсы өтеді

2011 жылғы 3 сәуір күні Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 4 ақпандағы №1149 Жарлығына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 41 бабының 3-1 пунктіне сәйкес 2011 жылдың 3 сәуір күні Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы болып өтеді.

АСТАНА

28 наурызда Қазақстандағы мемлекеттік басқару жүйесін реформалау мәселелері бойынша журналистерге арналған тренинг өтеді.

28 наурызда XXXII республикалық орындаушылар байқауының қазылар алқасымен баспасөз мәслихаты өткізіледі.

28 наурызда XXXII  республикалық орындаушылар - ҚР музыка колледжері оқушылары байқауының ашылуы болады.

29 наурызда «ҚР атом саласының даму болашағы мен ахуалы» халықаралық конференциясы өтеді.

29 наурызда Иран суретшілерінің көрмесі ашылады.

АЛМАТЫ

28 наурызда шетел тілдерінің ауылдық мектеп мұғалімдерінің семинары өтеді.

28 наурызда Қайырымдылық акциясы аясында қайырымдылық концерт өткізіледі. Одан жиналған қаражат Шәкен Әділғазыны емдеуге аударылады.

ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР.  АТАУЛЫ КҮНДЕР. ЕСІМДЕР.

НАУРЫЗДЫҢ 28-І, ДҮЙСЕНБІ

ОҚИҒАЛАР

5 жыл бұрын (2006) Павлодарда Мүмкіндігі шектеулі адамдарды қорғайтын және қолдайтын қайырымдылық қоры және тұтынушылар құқығын қорғайтын қоғам құрылды.

Жаңа ұйымның ұйымдастырушысы - он қоғамдық бірлестік және партиялар. Қор мүгедектерге, жалғыз басты аналарға, тұрмысы төмен адамдарға және де құқықтарына қысым жасалған қала тұрғындарына да заңды және материальды тұрғыдан көмек көрсетеді.

3 жыл бұрын (2008) Семейдің №16 орта мектебінде аймақтағы бірінші математика ғылымдарының докторы Тілеубай Амановтың мұражайы салтанатты түрде ашылды, сонымен қатар профессордың 85-жылдығына арналған мемориальдық тақта орнатылды.

Тілебай Аманов Қазақ КСР Ғылым Академиясының Математика және механика институтында бірінші болып функция ілімі бойынша ғылыми бөлімшені ұйымдастырып және математиканың осы ілімі бойынша зертхананы құрастырды. Ғалым 1923 жылдың тамызында Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданында дүниеге келген. Семей қаласындағы педагогика институтының математика кафедрасын көп жылдар бойы басқарды.

ЕСІМДЕР

50 жыл бұрын (1961) №2 Атырау қалалық сотының төрағасы, аға әділет кеңесшісі ҚҰТҚОЖА Парасат Жақыпұлы дүниеге келді.

Атырау қаласында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.

1983-1996 жылдары - Шевченко қалалық прокуратурасының тергеушісі, Гурьев қалалық прокуратурасының тергеушісі, Гурьев облыстық агроөндірісінің заңгері, Гурьев су прокуратурасы прокурорының көмекшісі, Атырау облыстық прокуратурасы бөлімінің прокуроры, Ақтау қалалық прокурорының көмекшісі, орынбасары, Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының бөлім бастығы. 1996-1997 жылдары -Атырау қаласының прокуроры. 1997-2002 жылдары - Ақтөбе облыстық прокурорының бірінші орынбасары. 2002-2004 жылдары - Атырау облыстық прокурорының орынбасары. 2004-2005 жылдары - Атырау облысы әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кеңесшісі, Алматы қалалық Әділет департаменті бастығының орынбасары. 2005-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының жетекшісі, төрағаның кеңесшісі. 2007-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Құқық қорғау және сот жүйелері мәселелері бөлімінің сектор меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мемлекеттік құқық бөлімінің консультанты. 2008-2010 жылдары - Атырау қалалық сотының төрағасы қызметтерін атқарған. 2010 жылдан бастап - қазіргі қызметінде.

45 жыл бұрын (1966) Қостанай облысы Сарыкөл ауданының әкiмi ҒАБДУЛИН Қанат Мырзағалиұлы дүниеге келді. Биология ғылымдарының кандидаты.

Қостанай облысында туған. Қазақстан ауылшаруашылық институтын (Қазақ ұлттық аграрлық университеті), Қазақстан ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бiтiрген. Еңбек жолын 1983 жылы Қостанай облысы Семиозер ауданы «Қазанбасы» кеңшарында жұмысшы болып бастаған. 1983-1991 жылдары - Қазақ ауылшаруашылық институтының дайындық бөлiмiнiң тыңдаушысы, Кеңес армиясының қатарында болып, Қазақ ауылшаруашылық институтының студентi. 1991-1997 жылдары - Қазақ ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкерi, аспиранты, агрономы. 1997-2001жылдары - Қостанай облысы Әулиекөл ауданының «Мырза» ЖШС директорының орынбасары. 2001-2002 жылдары - Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің аға оқытушысы. 2002-2005 жылдары - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімінің орынбасары. 2005-2006 жылдары - «Қостанай облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылық департаментi» мемлекеттік мекемесінің директоры қызметтерiн атқарған.

2006 жылдан бастап - қазіргі қызметінде.

НАУРЫЗДЫҢ 29-Ы, СЕЙСЕНБІ

АҚШ-та вьетнам соғысы ардагерлерінің күні. 1973 жылғы қаңтардың 27-де Парижде Вьетнамдағы соғысты тоқтату және бейбітшілікті орнату туралы төртжақты Келісімге қол қоюдың салтанатты рәсімі өтті. Сол жылы американ әскерін және олардың жақтастарын Оңтүстік Вьетнамнан шығару аяқталды. 1973 жылғы наурыздың 29-да соңғы америка жауынгері Вьетнамнан кетті. Сондықтан дәл осы күні АҚШ-та вьетнам соғысы ардагерлерінің күні болып атап өтіледі.

ОҚИҒАЛАР

5 жыл бұрын (2006) 1913-1918 жылдары ұлттың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған «Қазақ» газеті қайта оралды. ХХ ғасырдың басында ұлтымыздың азаттық рухының күміс қоңырауы болып, қазақтың көзі, құлағы, үні ретінде тіл қатып, Тәуелсіздік идеясын ел арасында пәрменділікпен насихатаған «Қазақ» газеті Алаштың ұлдары Әлихан, Ахмет, Міржақыптардың айта алмай, жасай алмай кеткен істерін көтеруді мақсат етіп отыр.

1 жыл бұрын (2010) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштерін нақтылауға бағытталған «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

ЕСІМДЕР

115 жыл бұрын (1896-1986) атақты шопан, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері ҚУАНЫШБАЕВ Жазылбек дүниеге келді.

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында туған. 1936-1967 жылдары - Жамбыл облысы Көктерек, Айдарлы қой өсіретін ұжымшарларда аға шопан қызметтерін атқарған.  1948 жылы - әр жүз саулықтан 130-дан төл алған, ал 1958 жылы - әр жүз саулықтан 145-тен қозы алған. Ол өсірген қаракөл қойларының елтірілері халықаралық көрмелерде, жәрмеңкелер мен Дели (Үндістан), Бухарест (Румыния), Познань (Польша), Нью-Йоркте (АҚШ) өткізілген аукциондарда көрсетілді. Оның есімі Қазақстанның Алтын Құрмет кітабына жазылған. «Айдарлы» ұжымшарында оның қой өсіру жөніндегі тәжірибесін үйрететін алғашқы мектеп ұйымдастырылып, Бірлік ауылында гранит тұғырға бюсті орнатылған. 3-4-ші сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған.

Ленин орденімен, «Орақ және балға» алтын медалімен және медальдармен марапатталған.

55 жыл бұрын (1956-2004) ақын ӘБІЛДАЕВА Гүлзәкира дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданында туған. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген. «Пионер» журналының редакциясында, Жамбыл облыстық  «Еңбек туы» газетінің редакциясында, «Мәдениет және тұрмыс», «Парасат», «Білім және еңбек», «Зерде» журналдарында жауапты қызметтер атқарған. 1984-1990 жылдары - Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйі мен Әдебиет қорында жұмыс істеген. 1990-1991 жылдары - «Ақ желкен» журналының редакторы. 1991 жылы - Қазақ телерадио корпорациясының Қазақ радиосы «Шет ел жаңалықтары» бөлімінің редакторы қызметтерін атқарған. 1978 жылы «Балауса» баспасынан «Таңғы дауыс» деген атпен жеке жыр жинағы жарық көрген.

40 жыл бұрын (1971-2006) қаржыгер, банк қызметкері, физик, бизнес және менеджмент магистрі ӘБЕНОВ Қожахан Қожаханұлы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Мәскеу физика-техникалық институтын, Мэриленд штатының университетін бизнес және менеджмент магистрі лауазымымен бітірген. «Эдмунд Маски» бағдарламасының жүлдегері. 1996-1997 жылдары -«ABN AMRO Bank Kazakhstan» АҚ-ның бірлескен қаржы басқармасында несиелік талдаушы қызметін атқарған. 1997-1998 жылдары - Амстердам қаласындағы «ABN AMRO Bank» АҚ-ның мұнайгаз саласындағы жобалық қаржы басқармасының стажері болған. 1998-2002 жылдары - «ABN AMRO Bank Kazakhstan» АҚ-ның басшының орынбасары, құрылымдық қаржы басқармасының бастығы, банктің басқару мүшесі,  мұнайгаз және энергетикалық сектор басқармасының бастығы. 2002-2004 жылдары -  «ҚазТрансГаз» ЖАҚ-ның бас директорының кеңесшісі,  «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның бірлескен даму бойынша басқарушы директоры. 2004-2006 жылдары - «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

Әбенов Қожахан Қожаханұлының атымен «Халық студенттері» бағдарламасы бойынша арнаулы стипендия тағайындалған.

НАУРЫЗДЫҢ 30-Ы, СӘРСЕНБІ

АҚШ-та дәрігер күні. 1842 жылы дәрігер Крауфорд Лонг анезтезияны алғаш рет пайдаланған күннің жылдық мерекесіне арналып аталып өтеді.

ОҚИҒАЛАР

10 жыл бұрын (2001) «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» Халықаралық стипендиясы стипендиаттарының Қауымдастығы» құрылды. Ұйымның негізгі мақсаты - түлектерді қоғамдық өмірде жұмылдыру мен белсенділігін арттыру, түлектердің күш-жігерін, олардың өміріндегі, тәжірибелік қызметінде кездесетін мәселелердің тиімді шешімдерін іздестіру үшін ұжымдық тәжірибені ықпалдастыру болып табылады. Қауымдастықтың негізгі міндеттерінің бірі - Әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу үшін түлектердің күш-жігерін, зияткерлігін, шығармашылығын және іскерлік әлеуетін біріктіру, Қазақстан Республикасының экономикалық, әлуметтік және саяси прогресіне мүмкіндік беретін жасампаздық іс-шараларды өткізу.

«Болашақтықтардың» құқықтары мен қызығушылықтарын қорғауға, біртұтас шаңыраққа біріктіріп ұйымдастыруды Қауымдастық өзіне жауапкершілікке алды.

5 жыл бұрын (2006) АҚШ-тың мәдениет жөніндегі бірлескен жиыны мен Америкалық география институты өзара кеңесе келе қазақстандық белгілі ғалым, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының академигі Сағындық Сатыбалдыны халықаралық бейбітшілік сыйлығымен марапаттады.

Бейбітшілік үшін сыйлығы қоғамда өзгерістер енгізген және өзінің ерекше дарындылығымен көзге түскен адамдарға ғана беріледі. Бұл сыйлықты берудегі мақсат - тума талант тұлғалардың саясат, экономика, дін және этникалық салада аса жоғары нәтижелерге қол жеткізген еңбектерін насихаттап қана қоймай, олардың кеңінен таралуына жағдай жасау. С.Сатыбалды бұл сыйлыққа қоғамды дамытуға арналған экономикалық тың жобалары үшін ие болып отыр.

Сағындық Сатыбалдыұлы Сатыбалдин Қостанай облысы Семиозер ауданының (қазіргі Әулиекөл) Жангельдин атындағы кеңшарда 1937 жылғы мамырдың 5-інде дүниеге келді. 1960 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) экономика факультетін бітірді. 1962 жылы халық шаруашылығын жоспарлау кафедрасының аға оқытушысы болып тағайындалды. Академик С.Сатыбалдин 400-ден астам ғылыми еңбекті, зертеулерді, соның ішінде 45 ұжымдық монографияларды, оқулықтарды жариялады. Олар ТМД елдерінде, АҚШ, Вьетнам, Оңтүстік Корея, Жапония, ҚХР, Швеция, Пәкістан және әлемнің басқа мемлекеттерінде басып шығарылған.

5 жыл бұрын (2006) Қазақстанда Халықаралық жазушылар мен публицистер қауымдастығының ресми өкілдігі ашылды. Халықаралық қауымдастықтың еліміздегі өкілдігі Алматыдан орын алды.

Әлемнің 35 мемлекетінде 4 жылдан бері тыңғылықты жұмыстар атқарып келе жатқан қауымдастық біздің ақын-жазушыларымызды, публицист-журналистерімізді сол елдерге таныту мақсатында істер атқаратын болады. Қауымдастықтың штаб-пәтері Лондонда, Орталық Еуропа бюросы Прагада, баспа орталығы мен Басқарма орны Ригада.

1 жыл бұрын (2010) Алматы мен Астана қалаларында 2011 жылы өтетін 7-ші Қысқы Азия ойындарының басталуына қанша күн қалғанын есептейтін кері есептеу таблосы салтанатты түрде іске қосылды. 2011 жылы 30 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Алматы, Астана қалаларында 7-ші Қысқы Азия ойындары өтті.

Кері есептеу таблосын іске қосу салтанаты Астанамен бір мезгілде Алматы қаласында да өтті. Еліміздің бас қаласында табло «Астана-Арена» жаңа футбол стадионының алаңында орнатылса, оңтүстік астанада ол Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының алдында орын тепті.

1 жыл бұрын (2010) Ислам Конференциясы Ұйымының жанынан Қазақстанның Тұрақты өкілдігі ашылды.

Бұл қадам біздің еліміздің әлемнің 57 мемлекетінің басын қосып отырған осынау беделді халықаралық бірлестікпен өзара қарым-қатынасын нығайтуға бағытталып отыр.

ЕСІМДЕР

85 жыл бұрын (1926-1991) қоғам қайраткері, Қазақ КСР-нің еңбегі сіңген құрылысшысы  ЫҚСАНОВ Мұстахым Біләлұлы дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында туған. Алматы темір жол техникумын, Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітірген. 1952-1954 жылдары - Алматы қаласы ЛКЖО Фрунзе аудандық комитетінің бірінші хатшысы. 1954-1957 жылдары - «Жетісайқұрылыс» тресінің бастығы, бас инженері, өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы, прорабы. 1957-1961 жылдары - Қазақтың ирригация құрылысы тресінің бастығы. 1961-1962 жылдары - Ильичев аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы.  1962-1963 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы өлкелік су шаруашылығы басқармасының бастығы. 1963-1966 жылдары - Қызылорда облыстық партия комитеттерінің бірінші хатшысы. 1966-1970 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары. 1970-1971 жылдары - Жамбыл облыстық партия комитеттерінің бірінші хатшысы. 1971-1975 жылдары - Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің хатшысы. 1975-1986 жылдары - Орал облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы. 1986 жылдары -  Үлкен Алматы каналы және Бартоғай су қоймасын пайдалану жөніндегі басқарманың бастығы қызметтерін атқарған. 1986 жылы зейнеткерлікке шыққан.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі  6-7-ші шақырылымының депутаты. КСРО Жоғарғы Кеңесінің  7-8, 10-11-ші шақырылымдарының депутаты.

Ленин, Қазан революциясы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған. Орал қаласындағы ол тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылған. Ықсанов атындағы ұжымдық шаруашылық бар.

60 жыл бұрын (1951) экономика ғылымының кандидаты, Халықаралық инженерлер академиясының академигі, Халықаралық «Интеграция» қоры басқармасының төрағасы, «Нұр Отан» ХДП жанындағы «Абырой» қоғамдық-кеңес беру кеңесінің төрағасы ТЕРЕЩЕНКО Сергей Александрович дүниеге келді.

Ресей Федерациясының Приморск өңірінде туған. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, Алматы жоғары партия мектебін бітірген. 1989-1990 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, Қазақ КСР Президентінің орынбасары, Қазақ КСР Президенті Кеңсесінің жетекшісі, Қазақ КСР Президенттік кеңесінің мүшесі. 1990-1991 жылдары - Шымкент облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, Шымкент облыстық кеңесінің төрағасы. 1991-1994 жылдары - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі. 1992-1993 жылдары - сонымен қатар Қазақстан Республикасының Шетел инвестициясы жөніндегі ұлттық агенттіктің төрағасы. 1993-1994 жылдары -  Ұлттық валюта енгізу жөніндегі ұлттық комисияның төрағасы қызметтерін атқарған. 1994 жылдан - Халықаралық «Интеграция» қоры басқармасының төрағасы. 1998-2008 жылдан - «ЦентрКредит банкі»  АҚ, «Трансаэро» ӘК» ААҚ, «Индустриальный банк Казахстана» ААҚ, «Бәйтерек» БК АҚ,  «Vita» АҚ-ның директорлар кеңесінің мүшесі. 2004 жылдан - Қазақстан Республикасының Сақтандыру нарығына қатысушылар қауымдастығының президенті.  1999 жылдан - «Отан» саяси кеңес партиясының мүшесі. 1998-1999 жылдары - «Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі қоғамдық штаб» Қоғамдық Ұйымының төрағасы. 1999-2002 жылдары - «Отан» партиясы төрағасының міндетін атқарушы. 2002-2006 жылдары - Қазақстан Халықтары ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. 2004 жылдан - Қазақстандағы славян, орыс және казактар қауымдастығының төрағасы. 2008 жылдан - «Нұр Отан» ХДП жанындағы «Абырой» қоғамдық-кеңес беру кеңесінің төрағасы.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 11-12-ші шақырылымының депутаты.

«Казахстан; реформа, рынок», «Социал-демократия: история, теория, практика», «Казахская земля - колыбель моя (Книга жизни)», «Арифметика успеха. Алгебра власти» деген кітаптары бар.

2-ші дәрежелі «Барыс», 1-ші дәрежелі «Достық» ордендерімен, медальдармен, Президент сыйлығының лауреаты, Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы.

50 жыл бұрын (1961) Атырау облысының прокуроры, заң ғылымдарының кандидаты, аға әділет кеңесшісі СМАТЛАЕВ Бауржан Мамытбекұлы дүниеге келді.

Шымкент қаласында туған. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген. 1983-1987 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының тергеушісі, аға тергеушісі. 1987-1991 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасында жұмыс істеген. 1991-1992 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы Еңбекші ауданы прокурорының орынбасары. 1992-1996 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы Абай ауданының прокуроры. 1997-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының прокуроры. 1999-2007 жылдары - Семей қаласының прокуроры, Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудандық прокурор, Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы басқармасының бастығы, Ақтөбе облысы прокурорының орынбасары, Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары. 2007-2009 жылдары - Павлодар облысы прокурорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. 2009 жылдың қараша айынан - Атырау облысының прокуроры.

НАУРЫЗДЫҢ 31-І, БЕЙСЕНБІ

ОҚИҒАЛАР

5 жыл бұрын (2006) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жанынан Қоғамдық сарапшылар палатасы құрылды.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қоғамдық сарапшылар палатасы құрылған. Сарапшылар палатасы заң шығару үдерісін жетілдіру, азаматтық қоғам институты мен депутаттар арасындағы диалогты одан әрі дамыту, сондай-ақ Парламент қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында құрылып отыр. Палатаның негізгі міндеттері - әлеуметтік саланы жаңғырту мәселелері жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік- құқықтық актілердің жобаларына сараптама жасау, әзірленіп, қаралып жатқан заң жобалары бойынша ұсыныстар дайындау.

 

5 жыл бұрын (2006) Теһранда белгілі Иран жазушысы, ғалым, Орталық Азия бойынша сарапшы, профессор Мұхаммед Хусейн Абединидің «Қазақстанның мәдени келбеті» атты кітабы жарыққа шықты.

Парсы тілінде жарық көрген бұл кітапта Қазақстандағы қазіргі заман мәдениеті, тарих пен салт-дәстүр туралы мәліметтер әр түрлі дерек көздерінен топтастырылған. М. Х. Абедини өзінің бұл шығармасында елімізге ислам діні келгенге дейінгі әңгімелер мен аңыздарды, мұсылмандықтың беку кезеңін, жағрафиялық орналасуын, сондай-ақ, қазіргі уақыттағы саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай мен бар салада бұған дейін жүргізілген реформалардың жүзеге асырылуын жан-жақты талдауға тырысқан.

3 жыл бұрын (2008) Елордалық «Фолиант» баспасы семейлік журналист Дәулет Сейсенұлының «Шәкәрім» кітабын басып шығарды.

Абайтанушы, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның Жазушылар одағының мүшесі Мұрат Сұлтанбековтың пікірінше, жаңа шығарманың мазмұны ақын туралы бай материал жинаған автордың үлкен еңбегін паш етеді. Шәкәрім туралы жаңа туындыда ойшылдың бүкіл өмірі мен шығармашылық жолы сөз болады. Кітапта ақынның өмірбаянынан фактілер, Шәкәрімді жақсы білген адамдардың естеліктері келтірілген, белгілі ғалымдардың сұхбаттары берілген.

Дәулет Сейсенұлы Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының Саржал ауылында туған. ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітіргенен кейін облыстық «Семей таңы» газетінде, «Ақиқат» журналында жұмыс істеген, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі болған. Журналист «Жұлдыздар сөнбейді» әңгімелер жинағының және үш деректі кітаптың авторы.

1 жыл бұрын (2010) Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ көлік дәлізі [Жамбыл облысындағы учаске] [«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізі] Инвестициялық бағдарлама - 2-жоба) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

ЕСІМДЕР

55 жыл бұрын (1956) Алматы қалалық Сауда-өнеркәсіп және кәсіптік палатасының президенті, «ҚазЭкспо» халықаралық көрме компаниясының президенті МОЛДАҒАЛИЕВА Мария Ташкенбайқызы дүниеге келді.

Өскемен қаласында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1981-1984 жылдары - комсомолдық және партиялық жұмыстар атқарған. 1984-1991 жылдары - Республикалық көркемөнер кеңесінің хатшысы, Қазақстан суретшілер одағы Көркемөнер қорының өнер зерттеушісі, аға өнер зерттеушісі, директоры, бас директоры. 1991 жылдан «Қазэкспо» халықаралық көрме компаниясының президенті. 1994-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасы төралқасы төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. 2001 жылдан - Алматы қалалық Сауда-өнеркәсіп және кәсіптік палатасының президенті.

1 СӘУІР

ОҚИҒАЛАР

141 жыл бұрын (1870) Петерборда шығыстанушы-түріктанушы Василий Радлов (1837-1918) «Ер Тарғын» атты қазақтың батырлар жырын басып шығарды.

90 жыл бұрын (1921) орыс патшасының Сібір және Орал казак әскерилері үшін тартып алынған жерлерді қазақ шаруаларына қайтару туралы декрет шықты. Осы декретке сәйкес Ертіс жағалауындағы 177 мың десятинадан (1 десятина 1,09 гектарға тең) және Оралдың сол жағалауындағы 208 мың десятинадан астам жер қазақ шаруаларына қайтарылды.

86 жыл бұрын (1925) Александр Викторович Затаевичтің (1869-1936) «Қазақ халқының 1000 әндері мен күйлері» атты кітабы жарық көрді. Бұл жинаққа халық музыкасының ежелгі замандағы қазақ ауыз әдебиетінің теориясы мен тарихы, қазақ халқы композиторларының шығармасы мен материалдары енді.

80 жыл бұрын (1931) Қазақ медицина институтының (қазіргі Санжар Аспандияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті) сол кездегі ең алғашқы жалғыз емдеу факультетінде оқу үрдісі басталды. Факультетте бірінші курс студенттерін қалыпты анатомия, гистология, гигиена, химия, физика, биология, диалектикалық материализм, саясат экономиясы, дене шынықтыру және қазақ тілі кафедраларында оқытты. Қазақ медицина институты республикадағы ең бірінші жоғары медициналық оқу орны болды. Институттың бірінші директоры (ректоры), Петербор әскери-медициналық академиясын бітірген, ірі ғалым, талантты ұйымдастырушы, мемлекет қайраткері Санжар Жафарұлы Аспандияров еді.

ЕСІМДЕР

140 жыл бұрын (1871-1927) ақын, әнші ЕШНИЯЗҰЛЫ Кете Жүсіп дүниеге келді.

Қызылорда облысы Қармақшы ауданында туған. Әкесі Ешнияз белгілі айтыс ақыны, әнші болған. Әке өнерін жалғастырған Кете Жүсіп 14 жасынан жыр айтып, ән салған. Ол Шәкей сал, Ырысты қыз, Қалыш келіншек, Қаңлы Жүсіп, Құлназар секілді тағы да басқа Сыр бойының әйгілі ақындарымен айтысқан. Оның шығыстық сюжетке құрылған 10-ға жуық дастандары бар: «Шаһзада», «Сұр мерген», «Өткен заман», «Барымта», т.б. «Үш ақынның айтысы», «Алты ақынның айтысы», «Шөкейсал мен алты ақынның айтысы» секілді поэтикалық айтыстарға қатысу арқылы ол моральды-этикалық жағдайларды өз ойынша талқыға сала білді. Оның бірқатар әндері көркем құралдарға және тәрбие беру мазмұнына бай болып келеді.

СӘУІРДІҢ 1-І, ЖҰМА

Күлкі күні. Бұл күнді тойлау Францияда бастау алған деседі. Ежелгі римдіктер де ақпанның он жетісінде «ақымақтар мерекесін» атап өткен. Шығыс Үндістанда наурыздың отыз бірінде «қалжыңдау салты» ежелден етек алған екен. Әзілкештердің бұл әрекеті сәуірдің біріне тап келді. Сол кезден бастап, бұл ойын халық қолдауына ие болды. Әзіл қалжыңға бір иығын беріп тұратын қазақта да бұл күнге байланысты неше түрлі қызық әңгімелер бар. Ерте көктемнің ала құйын мінезін қалжыңмен жуып-шайғысы келген халық бұл күні жақындарын алдауға барын салады.

Халықаралық құстар күні. 1906 жылы құстарды қорғау жөніндегі Халықаралық конвенцияға қол қойылды. Құстардың барлық түрін жұмыртқа салу және жылы жаққа қайту мезгілдерінде қамқорлыққа алу, жоғалып кету қаупі бар құс түрлерін қорғау, құстарды аулаудың кейбір түрлеріне тыйым салу, құс өсіру және адамдарды табиғатты сақтауға сауаттандыру үшін қорықтар ашу осы конвенцияның негізгі қағидаларына жатады.

Иран Ислам Республикасының ұлттық мейрамы - Республика күні. 1979 жылы бүкілхалықтық референдумның нәтижесі бойынша Аятолла Хомейни Иранды Ислам Республикаcы деп жариялады.

Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы қаңтардың 29-да орнатылды.

ОҚИҒАЛАР

96 жыл бұрын (1915) Павлодар қаласынан Екібастұзға дейін 150 шақырымға созылған телефон желісін орнату аяқталды.

16 жыл бұрын (1995) Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Кеден комитеті құрылды.

6 жыл бұрын (2005) Алматыда «Солтүстік Қазақстан облысы» энциклопедиясы басылып шықты. Бұдан бұрын Солтүстік Қазақстан өңірінің тарихы мен қазіргі дамуы туралы әртүрлі басылымдар болғанымен, мұндай іргелі еңбек алғаш рет шығарылды. Кітапта Қазақстанның маңызды ауыл шаруашылығы және өндірістік аймағы болып табылалатын Солтүстік Қазақстан облысы туралы көптеген мәліметтер жүйеленіп, облыстың географиялық орналасуы, әкімшілік-аумақтық бөлінісі, халқының құрамы, табиғи байлықтары, экономикасы, білім беру, денсаулық сақтау ісі, мәдениеті туралы мол мағлұматтар берілген.

4 жыл бұрын (2007) ел аумағында Қазақстан Республикасының «Ойын кәсіпкерлігі туралы» заңы күшіне еніп, соған сәйкес бұрын берілген лицензиялардың мерзімі аяқталып, ойын мекемелері енді тек ғана Қапшағай мен Бурабайда ашылатын болды.

3 жыл бұрын (2008) Алматыда белгілі қылқалам шебері, Шоқан Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Республикасының Суретшілер және Кинемотографистер одақтарының мүшесі Әбдірашит Сыдыханов туралы кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарық көрген шығармада Әбдірашит Сыдыхановтың 100-ден астам туындылары бар. Жоба авторы - қылқалам шеберінің қызы Зәуреш Сыдыханова. Суретшінің жеке көрмелері Ресей, Польша, АҚШ, БАӘ, Франция, Швейцария, Канада, Германия және Түркия мемлекеттерінде, сондай-ақ еліміздің өнер мұражайларында өткізілген.

2 жыл бұрын (2009) екінші қазақстандық аумақ болып табылатын Жайық өзенінің сағасы және Каспий теңізімен іргелес жағалаулар халықаралық маңыздағы су-батпақты алаптары Рамсар тізіміне енді.

Қазақстан Рамсар конвенциясына 2007 жылғы мамырда қосылды, сол арқылы өз аумағындағы су алаптарын адамзат үшін сақтап қалу міндетін өзіне алды. Бұған дейін Рамсар тізіміне Жайық алабынан басқа Теңіз-Қорғалжың көлдер жүйелері де енгізілген болатын.

2 жыл бұрын (2009) елордамыздағы Бейбітшілік және келісім сарайында шетелдік қонақтардың қатысуымен халықаралық мәдениеттер және діндер орталығының таныстырылымы өтті. Орталықтың басты міндеті халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды жолға қою, төзімділіктің қазақстандық моделін насихаттау болмақ.

1 жыл бұрын (2010) Алматыда жаңа ақпараттық-қайырымдылық «Семейный круг» атты журнал жарық көрді. Айына бір рет шығатын баспа тегін таратылады. Аталмыш баспада әр түрлі тақырыптарды қамтитын толық ақпарат берілген. «Твоя красота», «Твое здоровье», «Мужской досуг», «Твой малыш», «Твой дом: товары и услуги», «Досуг», «Благотворительность» атты айдарларының негізіндегі мақалалар шығып тұрады. Ең бастысы, олар отбасы құндылықтарын сақтауға бағытталған.

1 жыл бұрын (2010) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы болашақ опера және балет театрының іргетасына капсула қалады. Театр Сарайшық пен Тәуелсіздік көшелерінің және Тұран мен Қабанбай батыр даңғылдарының бойында орналасатын болады. Жобаны «IT Engineering S.А.» атты швейцарлық компаниясының филиалы құрастырған. Ғимараттың ауданы 37,7 мың шаршы метрді құрайды. «Құрлысшылар бұл нысанның құрлысын Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына аяқтауға уәде беріп отыр. Бұл керемет театр 1200 орынға есептелінген және ол демалуға болатын әлемдегі ерекше орындардың бірі болмақ», - деді Елбасы.

55 жыл бұрын (1956) Германияның Федеральдік барлау қызметі құрылды.

50 жыл бұрын (1961) Днепропетровск электровоз құрастыру зауыты алғашқы өнімін шығара бастады.

45 жыл бұрын (1966) Сенегалда әлемде ең алғаш рет Африка өнері халықаралық фестивалінің ашылу салтанаты өтті.

ЕСІМДЕР

60 жыл бұрын (1951) «Астана аймақтық электр желілі компаниясы» акционерлік қоғамының бас директоры КУШНАРЕНКО Валерий Анатольевич дүниеге келді.

Ақмола облысы Астрахан ауданында туған. Целиноград ауыл шаруашылық институтын (қазіргі Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті) бітірген. 1974-1980 жылдары - Целиноград электр желісі кәсіпорнының реле қорғаныс және автоматика қызметінің инженері, аға инженері. 1980-1999 жылдары - Целиноград (Ақмола) қалалық электр желілерінің реле қорғаныс, автоматика және байланыс қызметінің бастығы, кәсіподақ комитетінің төрағасы, бас инженері. 1999-2010 жылдары - Астана қалалық электр желілерінің бас директоры қызметтерін атқарған. 2010 жылдан бастап - қазіргі қызметінде.

«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

45 жыл бұрын (1966) Ақмола облысы Ішкі істер департаментінің бастығы МӘТКЕНОВ Тілеген Советұлы дүниеге келді.

Алматы облысы Іле ауданында туған. КСРО Ішкі істер Министрлігінің Алматы арнайы орта милиция мектебін, КСРО Ішкі істер Министрлігінің Алматы мектебін бітірген. 1988-1989 жылдары - Қапшағай қалалық ішкі істер бөлімінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік инспекторы. 1989-1993 жылдары - Алматы қаласының Октябрь аудандық ішкі істер басқармасы қалалық милиция бөлімшесінің қылмысты іздестіру бөлімінің оперөкілетті, аға оперөкілетті. 1993-1995 жылдары - Алматы қалалық ішкі істер басқармасының маңызды істер жөніндегі аға оперөкілетті, бөлім бастығының орынбасары. 1995-1996 жылдары - Алатау аудандық ішкі істер департаментінің қылмысты іздестіру бөлімінің бастығы, Алатау ауданы бойынша мемлекеттік тергеу комитет басқармасының қылмысты іздестіру бөлімінің бастығы. 1996-1997 жылдары - Мемлекеттік тергеу комитеті мемлекеттік басқарма бастығының орынбасары, Бостандық аудандық ішкі істер департаментінің бастығы. 1997-2001 жылдары - Жетісу аудандық ішкі істер департаментінің бастығы. 2001-2004 жылдары - Бостандық аудандық Ішкі істер департаментінің бастығы. 2004-2008 жылдары - Қарағанды облысы Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары. 2008-2009 жылдары - Қостанай облысы Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. 2009 жылдың қаңтарынан бастап - қазіргі қызметінде.

45 жыл бұрын (1966) «Қазатомпром» ҰАК» АҚ заң департаментінің директоры ӘЙКЕНОВ Марат Оршанұлы дүниеге келді.

Қарағанды қаласында туған. Қарағанды политехникалық институтын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тергеу комитетінің Қарағанды жоғары мектебін бітірген. 1989-1990 жылдары - Ленин аудандық Ішкі істер бөлімінің жүргізушісі. 1990-1992 жылдары - шахтадағы жер асты шебері. 1992-1995 жылдары - Қарағанды облыстық Ішкі істер басқармасы арнайы зертханасының сарапшысы. 1995-2000 жылдары - Ленин аудандық Ішкі істер департаменті бөлімінің бастығы. 2000-2001 жылдары - Қарағанды қаласы Ішкі істер департаментінің Жаңа-Майқұдық полиция бөлімі бастығының орынбасары. 2001-2005 жылдары - Қарағанды облыстық Әділет басқармасы (департамент) бастығының орынбасары, бастығы. 2005-2006 жылдары - Астана қалалық Әділет департаментінің бастығы. 2006-2009 жылдары - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы жөніндегі комитет төрағасы қызметтерін атқарған. 2009 жылдан бастап - қазіргі қызметінде.

«Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», Блинников атындағы алтын медальмен, Еуразия патент мекемесінің медальдарымен марапатталған.

СӘУІРДІҢ 2-І, СЕНБІ

Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз күштері құрылған күн. 1993-інші жылғы сәуірдің 2-сінде Қазақстан Республикасы Президенті «Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз күштерін құру туралы» Жарлыққа қол қойды.

Бүкіләлемдік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні. Біріккен Ұлттар ұйымы Бас Ассамблеясы 2007-нші жылғы желтоқсанның 18-інде арнайы № A/RES/62/139 қарарымен бекіткен. 2008-інші жылдан бастап жыл сайын сәуірдің 2-сінде атап өтіледі. Бұл Бүкіләлемдік күн Катар мемлекетінің ұсынысы бойынша белгіленді, мұны Біріккен Ұлттар ұйымының Бас Хатшысы 2008-інші жылғы жолдауында атап өтті. Бас Ассамблеяның қарарында, ең алдымен, балалардағы аутизм мәселесіне көңіл бөлінді, аутизмнен зардап шеккендер арасында балалар үлесінің жоғары болуы мазалайтыны айтылған, неғұрлым ерте диагноз қою және тиісті тексеру жүргізу атап көрсетілген. Қарар қоғамды, оның ішінде отбасыларын, аутизмнен зардап шеккен балалар туралы хабардар ету үшін барлық шараларды қабылдауға ұсыныс береді.

Халықаралық балаларға арналған кітап күні. 1956 жылдан бастап Халықаралық кеңестің шешімімен жыл сайын дат жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің (1805-1875) туған күніне орай атап өтіледі.

ОҚИҒАЛАР

81 жыл бұрын (1930) Қазақстанның ғылыми-зерттеу мекемелері қызметкерлерінің 1-ші съезі өтті.

71 жыл бұрын (1940) Семейде Абайдың мұражай-үйі ашылды (Мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалды Абай мұражайы).

15 жыл бұрын (1996) Қазақстан Республикасы азаматтарының тегі мен әкесінің атын қазақша жазу тәжірибесін қазақ халқының қалыптасқан дәстүрлеріне сәйкес келтіру жөніндегі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы» Жарлығы шықты.

9 жыл бұрын (2002) Павлодарда Қазақстан халықтарының Кіші Ассамблеясында Қазақстандағы этникалық болгарлардың «Славяне» қоры ресми түрде тіркелді.

3 жыл бұрын (2008) Алматыдағы «Медеу» спорт кешенінде «Бейжің-2008» Олимпиадалық алау эстафетасы басталды. Олимпиадалық ойындардың басты рәмізін салтанатты табыс ету рәсімін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ашты. Мемлекет басшысы мұз айдынында орнатылған тұғырға фанфар әуенімен көтерілді. Елбасымен бірге тұғырға Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сиюнь мен 1980 жылғы олимпиадада грек-рим күресінен чемпион атанған тұңғыш қазақ Жақсылық Үшкемпіров көтерілді. Алаңда сондай-ақ, әр жылдары алтын медаль жүлдесін жеңіп алған қазақстандық спортшылар сап түзеді. Қазақстан Президенті олимпиадалық алауды Қытай елшісінің қолынан қабылдап алып, оны алғашқы болып өзі алып жүрді. Осыдан кейін Нұрсұлтан Назарбаев Олимпиада алауын қазақстандық атақты боксшы, 2004 жылғы Афины Олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаевқа табыс етті. Айта кетейік, Бейжің Олимпиадасының ашылу рәсімінде Қазақстан жалауын алып жүру құрметі Бақтияр Артаевқа сеніп тапсырылған еді.

3 жыл бұрын (2008) Алматыда «Қазпошта» АҚ ғимаратында ХХІХ Олимпиадалық ойындарға арналған көркемсуретті жаңа пошта маркасының таныстырылымы болды.

Марканың авторы - суретші Данияр Мұхамеджанов. Маркада Алматыдағы Республика алаңының аясында Халықаралық олимпиада комитетінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиады комитетінің және Олимпиада алауы эстафетасының логотипы бейнеленген.

3 жыл бұрын (2008) Алматыда еліміздің тарихындағы алғаш рет Пошта мұражайы ашылды, сонымен қатар қалалық пошта бөлімінің ауласында пошта аллеясы және заманауи филателистикалық салоның таныстырылымы болды. Мұражай экспозициясын пошта қызметкерлері жинастырды, және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мұрағатының қызметкерлері материалдарды берді. Мұражайдың хронологиялық шеңбері тарихи кезеңдерді қамтиды, қазақстандық пошта қызметінің құрылуы мен даму туралы деректер жинақталған.

2 жыл бұрын (2009) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жапонияның ең үздік жоғарғы оқу орындарының бірі болып табылатын Васэда университетімен (Waseda University) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжаттың басты мазмұны ынтымақтастықтың келешектегі дамуы, білім саласын қолдауы, оқытушылар мен студенттер арасындағы кәсiби және мәдени өзара қарым-қатынастары болып табылады. Ортақ қызығушылық салалары болып академиялық қызметтің дамуы, ғылыми-зерттеу саласындағы ынтымақтастық, студенттер мен мамандарды оқыту анықталған.

1 жыл бұрын (2010) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев республикада нәтижеге бағытталған мемлекеттік жоспарлау жүйесін әрі қарай енгізуге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет үдерісін жетілдіру мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

1 жыл бұрын (2010) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл Заң елімізде жекеменшік сот орындаушылары институтын енгізуге және атқарушы құжаттардың мүлтіксіз орындалуының қолданыстағы жүйесін жетілдіруге бағытталған.

1 жыл бұрын (2010) Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Аталмыш Заң Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілерін «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңға сәйкестендіруге бағытталған.

1 жыл бұрын (2010) Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласында Мәдениет үйі жанынан «КурчатоВ-news» атты жасөспірімдердің баспасөз-орталығы ашылды. Баспасөз-орталығында балалар қалалық екі газеттің балаларға арналған беттерінің тілшілері, редакторлары ретінде, сонымен қатар жергілікті арнадан көрсетілетін телебағдарламалардың жүргізушілері рөлінде өздерін сынап көреді.

1 жыл бұрын (2010) Солтүстік Қазақстан облысының Мамлютка қаласында Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО халық мұғалімі, Мамлют орта мектебінің алғашқы директоры Григорий Кубраковтың құрметіне ескерткіш тақта ашылды.

Григорий Максимович Кубраков 1920 жылы Солтүстік Қазақстан облысының қазіргі Есіл ауданындағы Петровка ауылында дүниеге келді. Медицина техникумын және Петропавл педагогикалық институтын бітірген. Ауыл шаруашылығы өндірісінде еңбек етті, мұғалім, облыс мектептерінің директоры болды. 1963-1988 жылдары Мамлют шипажайлық мектеп-интернат директоры болып қызмет атқарды. Оның басшылығымен оқу-медициналық мектеп республикадағы үлгілі оқу орнына айналды. Григорий Кубраков Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті болды, «Парасат», Қызыл жұлдыз, Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған.

210 жыл бұрын (1801) Петерборда машина жасау зауыты (қазіргі Киров атындағы) құрылды.

45 жыл бұрын (1966) кеңестік «Луна-10» атты спутнигі Айға қонды. Бұл ғарыш аппараты бұндай жетістікке әлемде ең бірінші болып жеткен.

20 жыл бұрын (1991) Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтасық жөніндегі кеңесіне қатысушы-елдер парламентарилерінің Мадридтегі кездесуі барысында ЕҚЫК Парламенттік Ассамблеясын (қазіргі ЕҚЫҰ-ның Парламенттік Ассамблеясы) құру туралы шешім қабылданды. Ассамблеяның құрылтайшы сессиясы 1992 жылғы шілденің 3-5-і аралығында Будапештте өтті.

ЕСІМДЕР

70 жыл бұрын (1941) өнертанушы, сыншы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері АРАВИН Юрий Петрович дүниеге келді. Тверь қаласында (Ресей) туған. Қазақстан Республикасы Композиторлар одағы басқармасының мүшесі, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқығы жөніндегі комиссиясының мүшесі, «Алтын-Жұлдыз» телерадио бағдарламалары республикалық байқауының лауреаты. Новосібір консерваториясы тарихи - теоретикалық факультетін, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының аспирантурасын (ғылыми жетекшісі - профессор Б.Г.Ерзакович) бітірген. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында, қазақтың мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында музыкалық - тарихи және теориялық пәндерден дәріс берген.  Педагогикалық қызметін ғылыми - зерттеу және музыкалық - ағарту жұмыстарымен байланыстырған. Ол халықтық - кәсіби композитор -күйшілердің өмірі мен творчествосына, симфонизмнің әндік бастаулары мәселелері, Қазақстан композиторларының симфониялық музыкасындағы музыкалық бейнелердің жанрлық жинағы мен бағдарламалылығына қатысты мәселелерді көтерді. Оның музыкатанулық қызметін, ғылыми және творчестволық көп қырлы ізденісін конференцияларда жасаған баяндамалары мен хабарламалары, радио мен телевидениеден берген хабарлары, филармониядағы лекциялар циклы, мерзімді басылымдарда жарияланған. «Дыбыстар музейі», «Қазақ музыкасының кіші антологиясы» сияқты танымал телехабарлардың және «Тотем» радиосындағы «Дала шоқжұлдызы» авторлық циклдық хабарлардың авторы. «Қазақстан» каналындағы оның қазақтың халықтық музыкасы туралы телехабары Қазақстандық телекөрермендердің ең сүйікті хабары болып табылады. «Абай жадына арналған лирикалық поэма», «Қазақстанның симфониялық поэмаларының тақырыбы мәселесі туралы», «Халық қаћармандары туралы үш поэма», «Мұқан Төлебаевтың «Қазақстан» поэмасы», «Қазіргі замандық ұйғыр симфониясының бастама көздері», «Әндік симфонизм тарихына», «Дала шоқжұлдызы: қазақ музыкасы туралы очерктер мен этюдтер» тағы басқа шығармалары қазақтың өнертануына қосылған өлшеусіз үлес болып табылады. 100-ден астам жарияланымдардың авторы.

«Парасат» орденімен, медальдармен марапатталған.

60 жыл бұрын (1951) техника ғылымының докторы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің технологиялық процесстерді және өндірісті автоматтандыру кафедрасының меңгерушісі СҮЛЕЙМЕНОВ Батырбек Айтбайұлы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Қазақ политехникалық институтын (қазіргі Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті), Мәскеу болат және қорыту институтының аспирантурасын бітірген. 1975-1977 жылдары - Қазақ политехникалық институтының инженер, аға инженері. 1982-1997 жылдары - Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің стажер-оқытушысы, ассистент, аға оқытушы, доцент, докторант. 1998-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің Жекешелендіруді бақылау басқармасының бастығы. 1999-2000 жылдары - «Қазақстан темір жолы» РМК жаңа технологиялар және ғылым департаменті бастығының бірінші орынбасары. 2000-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының ақпараттық технологиялар курсының жетекшісі қызметтерін атқарған. 2000 жылдан бастап - қазіргі қызметінде.

120-дан астам ғылыми еңбектің және өнертабыстың авторы.

60 жыл бұрын(1951) Алматы қаласының спортқа дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернатының директоры міндетін атқарушысы,

Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақтан Республикасының дене тәрбиесі мен спортына еңбек сіңірген қайраткер, философия ғылымдарының кандидаты, профессор, еркін күрестен КСРО-ның спорт шебері ИМАНҚҰЛОВ Асқарбек Сқақұлы дүниеге келді. Алматы облысында туған. Қазақ дене тәрбиесі институтын (қазіргі Қазақ туризм және спорт академиясы), Экономика және құқық академиясын бітірген. 1969-1970 жылдары - еркін күрестен КСРО біріншілігінің екі дүркін чемпионы, Венгриядағы «Надежды Олимпиады» халықаралық турнирінің жеңімпазы болған. 1971 жылы Мәскеу қаласында өткен КСРО халықтары V спартакиадасында 4 орынға ие болған. 1972-1973 жылдары Кубада өткен  халықаралық турнирінің екі дүркін жеңімпазы, 1969-1975 жылдары - Қазақстанның құрама командасының мүшесі, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы болған. Алғашқы бапкері -Қ Байдосов. 1975-1992 жылдары - Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебінің жаттықтырушы-ұстазы. 1992-1998 жылдары -Алматы қаласы №1 Олипиадалық резервтегі училище директорының спорт жұмыстары жөніндегі орынбасары. 1998-2002 жылдары - Алматы қаласындағы еркін күрес түрінен республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры. 2002-2008 жылдары- Алматы қаласындағы күрестер түрі бойынша олимпиадалық резервін дайындау орталығының директоры қызметтерін атқарған.

2008 жылдан бастап - қазіргі қызметінде.

 

СӘУІРДІҢ 3-І, ЖЕКСЕНБІ

Геолог күні. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1966 жылғы наурыздың 31-індегі Жарлығымен елдің минералды-шикізат қорын құруда кеңес геологтары сіңірген қызметі құрметіне орай бекітілді. Бұл Жарлықтың шығуына 1966 жылы алғашқы Батыс-Сібір мұнайлы аймағы кен орнының ашылуы түрткі болды. Геолог күні бұрынғы Кеңес одағының барлық геологиялық және өндіру мекемелерінде атап өтіледі. Геологтармен қатар бұл мерекені маркшейдерлер, қопарғыштар, шахта үңгушілері, сондай-ақ пайдалы қазбаларды іздеумен және өндірумен айналысатын басқа да адамдар өздерінің төл мерекесі деп есептейді. Мейрамның өткізілу уақыты - сәуірдің бірінші жексенбісі - бекер таңдалмаған, өйткені қыстың аяқталғаны жазғы дала жұмыстары мен экспедицияларға даярлықтың басталуын білдіреді.

ОҚИҒАЛАР

15 жыл бұрын (1996) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Татарстан Республикасының Президенті болып екінші мерзімге сайланған М.Шаймиевтің ұлықтау рәсіміне қатысу үшін Қазан қаласына келді. Сонымен қатар осы сапар барысында Қазақстан мен Татарстан арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастықтың негізгі прициптері туралы келісімге қол қойылды.

5 жыл бұрын (2006) Германияның Зоесте қаласында Исламды зерттеу жөніндегі институттың қызметкерлері түгендеу жұмыстарын жүргізу кезінде мұрағаттан иврит тіліне аударылан Құран кітабын тауып алды. Аударма осыдан 150 жыл бұрын жасалған. Кітап Лейпцигте басылып шыққан.

4 жыл бұрын (2007) Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде студенттердің «Сыр орманы. Болашақ» қоғамдық бірлестігі құрылды. Қоғамдық бірлестіктің мақсаты мемлекеттік «Жасыл ел» бағдарламасын іске асыруына қатысу болып табылады.

3 жыл бұрын (2008) Оңтүстік Қазақстан облысында Сырдария өзені арқылы өтетін қалқымалы көпір пайдалануға берілді. Қалқымалы көпір Отырар ауданының Балтакөл ауылдық округының жағалауын біріктірді. Оның негізі - 37 арнайы қайық. Олар өзен үстіндегі жолды ұстап тұрады, сондықтан оған судың көтерілуі, не бәсеңсуі көпірдің қызметіне кедергі жасамайды. Көпірдің ұзындығы - 110 метр, ені - 4,5 метр.

3 жыл бұрын (2008) Оңтүстік Қазақстан облыстық «Нұр Отан» ХДП мүшелері және жауынгер-интернационалистер Батырлар аллеясын құрды. Батырлар аллеясы Мақтаарал ауданының Атакент ауылында жасалған.

2 жыл бұрын (2009) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің мәдени құндылықтарды ұрлауға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы», «Кеден одағында тауарлардың, жұмыстарды орындаудың, қызмет көрсетулердің экспорты мен импорты кезінде жанама салықтарды алу қағидаттары туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарына қол қойды.

2 жыл бұрын (2009) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде 2010-2015 жылдарға арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасы дамуына көмек көрсету жөніндегі шеңберлі бағдарламасына (ЮНДАФ) қол қойылды. 2010-2015 жылдарға арналған аталмыш бағдарлама бес жылда бір рет қабылданады. ЮНДАФ - Қазақстан-БҰҰ ынтымақтастығын анықтайтын негізгі құжат. Бұл бағдарламаның негізгі міндеті Қазақстанның басым мақсаттарын жүзеге асыру, сондай-ақ даму саласындағы басқа да халықаралық міндеттемелер аясындағы мәселелерді шешудегі БҰҰ жүйесімен бірлескен, келісілген және ықпалдасқан көмек көрсету болып табылады. Ынтымақтастықтың негізгі стратегиялық құжаты болғандықтан, ЮНДАФ БҰҰДБ, ЮНИСЕФ, ЮНФПА, ЮНИФЕМ, ЮНЭЙДС сияқты БҰҰ-ның арнайы құрылымдарымен қарым-қатынастың жалпы бағытын айқындайды.

2 жыл бұрын (2009) Алматыда «Қазпошта» АҚ ел аумағында «Еуропа» сериясы бойынша Халықаралық астрономия жылына арналған екі марка енгізілгенін мәлім етті. Жаңа маркаларда Галилейдің портреті мен табиғат аясындағы телескоп бейнеленген. Әрқайсысы 230 теңге тұратын маркалардың пішіні - 33х27,5 мм, таралымы - 150 мың дана.

ЕСІМДЕР

70 жыл бұрын (1941) жазушы ДОСМҰРАТҰЛЫ Балтабек дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылқұм ауданында туған. Алматы медицина институтын (қазіргі Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген.

«Сыр жағасы», «Арғын ата ұрпағы», «Замандас келбеті» атты деректі, «Жеті қарақшының шөміші», «Созақ елі» атты деректі прозалық кітаптары мен хиссалары, «Асылдың тұяғы» атты трагедиялық драмасы жарық көрген.

65 жыл бұрын (1946) ақын, жазушы, аудармашы, сыншы АЛДАМЖАРОВ Бекділдә дүниеге келді.

Қызылорда облысының Қазалы ауданында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген. «Лениншіл жас» газетінде (қазіргі «Жас алаш»), «Жазушы» баспасында, Қазақ теледидары музыка редакциясында жұмыс істеген. Қазір «Жұлдыз» журналының бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарады.

Оның «Нөсер», «Жыл мезгілдері», «Айлы түндер», «Нұр мен түнек», «Іздедім сені», «Мизам айы», т.б. өлеңдер кітабы, «Қара нөсер», «Жықпыл», «Ұлы сел», т.б. романдары жарық көрген. Ол Фирдоусидің «Шахнама» эпосының «Мәнушеһір» және «Кей Хосроу» дастандарын, гурзин шайыры Отар Челидзенің балаларға арналған «Алхан мен Шалхан» дастанын және Александр Пушкин, Александр Блок, Пабло Неруда, Евгений Евтушенко, Андрей Вознесенский, т.б. ақындардың өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Сын жанрында да қалам тартқан.

50 жыл бұрын (1961) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 4-шақырылымының депутаты, Экономикалық реформа және аймақтық даму жөніндегі комитетінің мүшесі, Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының құрметті азаматы РАХМЕТОВ Ержан Оразұлы дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында туған. Алматы темір жол көлігі инженерлері институтын (қазіргі Мұхамеджан Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы), Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономика институтын бітірген. 1985-1992 жылдары - Алматы «Металлист» зауыты электр-теханикалық бөлімінің энергетигі, бас энергетигі, цех бастығы. 1992-1999 жылдары - «Сонар мұнай өнімдері» ЖШС-інің техникалық директоры, басқарма бастығы, вице-президенті, бас директорының орынбасары, бас директоры. 1999-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология мәселелері және табиғатты пайдалану жөніндегі комитетінің мүшесі. 2004-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 3-шақырылымының депутаты, Экономикалық реформа және аймақтық даму жөніндегі комитетінің мүшесі қызметтерін атқарған. 2007 жылғы қыркүйектің 18-інен бастап - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 4-шақырылымының депутаты, Экономикалық реформа және аймақтық даму жөніндегі комитетінің мүшесі.

Құрмет орденімен, «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.

35 жыл бұрын (1976) Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының әкімі ЕЛЕУСІЗОВ Мәди Қанатбайұлы дүниеге келді.

Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, Ресей кеден академиясын бітірген. 1997-2009 жылдары - «Южбозой» акционерлік қоғамының, Ақтөбе облысы бойынша Кеден басқармасының экономисі. 2009-2010 жылдары - Ақтөбе облысы әкімі аппарат жетекшісінің орынбасары қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде 2010 жылдың сәуірінен бастап істейді.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3265
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5598