Сенбі, 23 Қараша 2024
Үшбу хат 4698 4 пікір 20 Қыркүйек, 2018 сағат 12:14

"Адамзат. Шексіздік. Мәңгілік" атты әдеби форумға хат

«Бүгін Астанада "Адамзат. Шексіздік. Мәңгілік" атты Еуразиялық әдеби форумы өз жұмысын бастады. Форумды ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы құттықтау сөзімен ашты. Әдеби форумға Еуразия құрлығының түкпір-түкпірінен шетел қаламгерлері мен қазақ сөз өнерінің майталмандары жиналуда» деп хабарлады «Abai.kz» ақпараттық порталы.

Аталған форум Елордамыз Астананың 20 жылдығына арналып өтуде екен. Сондай-ақ, бұл шараға екі алып құрлықтың түкпір-түкпірінен өз еліне кең  танылған, ұлт қаламгерлері шақырылыпты. Дәл осындай ауқымды басқосу  1973 жылы өткізіліпті. Міне, содан бері 45 жыл өтіпті.

Өте қуанышты жағдай бұл! Аталған жиынға сәттілік, табыс және нәтиже тілеймін!

Ақын, жазушы, суретші, композитор, өнер иелері қай ұлттың болмасын алақанына салып әлпештейтін, құрмет тұтатын, үміт артатын адамдары. Ұлт басына күн туғанда, бірінші болып көсіліп сөз айтатын, білек түріп алдымен майданға шығатын серкелері. Қазақ ақыны Төлеген Айбергеновтің сөзімен айтсақ, «бұл өзі сыздаған барлық жараның аузында жүретін» марқасқалары!

Бүгінгі "Адамзат. Шексіздік. Мәңгілік" атты Еуразиялық әдеби форумға жиылған аға буын ақын жазушылар өте жақсы біледі, 1970 жылы қазанда  АҚШ компартиясының мүшесі Дэйвис Анджела Ивонн өзінің озық ойлы көз қарастары үшін «кісі өліміне қатысты» деген жалған айып тағылып, тұтқынға алынғанда, дүние жүзінің бүкіл коммунистері «Тарт қолыңды Дэйвистен!!!» деп  дүр сілкінген болатын. Көрдіңіз бе, бір Дэйвис Анджела үшін!

Бүгін ше?! Бүгін қазақтың үлкен бір қанаты, қомақты бөлімі, Шыңжаңдағы екі миллионға жуық қандасымыз зар жұтып, запыран құсып жатыр. Қазақ қана емес, ұйғыр, өзбек, қырғыз, моңғол, тәжік, әзірбайжан т.б. этникалық ұлт өкілдері саяси қудалау көруде.

"Адамзат. Шексіздік. Мәңгілік" туралы әлемдік тақырыпты қаузауға екі бірдей кәрі құрлықтың саңлақтарын Астана төріне шақырып отырған Қазақстан Жазушылар одағының да сол қазақты жоқтап, Қытай Үкіметіне «Тарт қолыңды қазақтан!!!» деп бір ұран тастайтын кезі келіп тұр!

«Тарт қолыңды Дэйвистен!!!» деп ұрандатқан аға-апайларымыздың бір бөлімі, мүмкін, осы форымға қатысып отырған да шығар. Себебі, біздің қазақ қаламгерлерінің үлкен буыны азамзаттың қанын судай ағызған коммунистік жүйенің текпісін бір кісідей-ақ көрді, көрмегені естіді!

Сондықтан, мен "Адамзат. Шексіздік. Мәңгілік" форумынан Шыңжаңдағы қазақтарды және этникалық аз ұлт өкілдерін «Саяси үйрену» лагерінен босату, бөлінген-жарылған отбасы мүшелерін бір-біріне қосу және қандастарымыздың екі ел арасындағы барыс-келісін баяғы қалпына келтіру туралы Қытай Халық Республикасының президенті Си Цзиньпин мырзаға Үндеу жариялауын, ол үндеуді Астанадағы ҚХР Елшісін шақырып, қолына тапсыруды үміт етем!

Құрметпен,

Ауыт Мұқибек, ақын.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5413