Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 6213 12 пікір 25 Қыркүйек, 2018 сағат 09:56

Әртіссымақтар қашанғы алшаңдамақ?

Басқа күндерді айтпай-ақ, әр аптаның екі күн демалысында Қазақстандағы телеарналардан тұшынып көретін ештеме таба алмайтынымыз өтірік пе?

Біздегі телеарналарды көрген шетелдіктер: «Бұл мемлекеттегі ең қадірлі мамандық иелері - артистер шығар?..» деп ойлайтыны рас. Біздегі экранды бермейтін айрықша құрмет иелері осылар екені өтірік пе? Ана Қабатов сияқтылардың беделі тіпті ерекше!

Сонда бұл елде басқа мамандық иелері, Совет одағынша айтқанда толып жатқан «нағыз еңбек адамдары» бұл телеарналарға, олардың басшыларына неге керексіз?

Осы жағы мүлдем түсініксіз…

Қазақстандағы барлық телеарналар мен олардың басшылары әртістен басқаларды адам деп санамайтын болғанына соңғы 30 жыл куә. Ал, қазақты қорлап, мазақ ететіндерге бүгінгі жоғарыдағылардың құрметі тіпті ерекше сияқты.

Менің бір түсінбейтінім – халықты әбден жалықтырған фонограммамен өтірік ән салатындар, түкіріктерін шашыратып, аузы-бастарын қисаңдатқан ана «Түнгі студия» жүргізушілері сияқтылар – экранда да, қазақтың таусылып бітпейтін тойларында да тек солар ғана алшаң басып жүр.

Біздің Президент аппараты, Үкімет, Парламент, үлкенді-кішілі әкімдер ақпарат саласындағы осы бір өрескелдіктерге неге мән бермейді?

Шынымен де қазақ тілін менсінбейтін ол шіркіндерге «бари бир» болғаны ма?..

Жұмаш Көкбөрі

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354