Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 4154 0 пікір 30 Наурыз, 2011 сағат 05:16

Абылай Мауданов. Дәмер қалай Дамир атанды?

Дәмер Әбіш - журналист, сатирик. Облыстық «Қостанай таңы» газетінде «Мен сенің мемлекеттік тіліңе түкірдім...» деген адаммен соттасып, бүкіл Қазақстанды шулатты ана жылы. Сол ағамыз биыл аяқастынан Дамир болып шыға келді әрі шашын бояп алғаны бар. «Быды-быды» сын-сықақ беті ай сайын «айқайлап» тұр осы Дәмер-Дамир ағамыздың арқасында. Қостанайдың шала қазақтарымен қырықпышақтасып өмір бойы қазақ намысын қорғаумен келген Дәкең биыл бөтен мінез көрсетті. Аты өзгерген ағаға Бейімбетше былай деп көрген едік.

Былтыр:

- Уа, кімсің?

- Дәмермін!

- Қызметіңіз?

«Қостанай таңында» «қаханмын»,

«Быды-быдыға» «әмірмін!»

- Атағыңыз?

- Атақты арыстандай ақыртқанмын,

Талайды тізеге сап бақыртқанмын.

Шүкірмін дегендерді айға теңеп,

«Түкірдім» дегендерді қақыртқанмын.

Биыл:

- Уа, кімсіз?

- Дамирмін!

- ?..

- Ау, неге сонша аңырдың?

Өйткені, тілімнің жауларымен

Мен биыл тамырмын.

Әдірем қалғыр «ә-ңізді»

Әкесін танытып «А» қылдым.

-  «Ә» мен «і»-ге соншалық қасардыңыз?

- Келгеннен соң жасарғымыз,

Жаңа жылымен Қоянның

Осындай бір ой алдым.

Шаштан бастап бояндым...

- Түсінікті.

Одан әрі әңгіме қозғама, ағай...

- Дәмер десе шау тартып қалғандаймын,

Дамир десе сезінем бозбаладай...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052