Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Деп жатыр 4233 4 пікір 26 Қыркүйек, 2018 сағат 14:51

Астанаға кіру ақылы болмақ

 Мемлекетіміздің бас  қаласы Астанаға кіру ақылы болмақ. Бұл туралы elorda.info басылымы жазды.

Ақылы қызмет тек таңғы уақытта енгізіледі деп жоспарлануда, басқа кезде жол жүру толығымен тегін болады. Елорда әкімдігі Астанаға ақылы кіру жобасын қарастырып жатыр.

Қаланың жол желісіне жүктемені төмендету мақсатында қалаға ақылы кіру жобасы пысықталу үстінде. Бұл туралы қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында Астана әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун хабарлаған.

"Жүргізілген зерттеулер мен Астанаға келетін көліктің кешенді талдауы көрсеткендей, таңғы 7 мен 9 аралығында көлік санатына байланысты кірудің ақылы түрін енгізу көлік құралдары қозғалысы ағынының орташа жылдамдығын 15-20 процентке арттыруға мүмкіндік береді. Аталған жобаны жүзеге асыру МЖӘ аясында жоспарланған", — деп түсіндірді әкімнің бірінші орынбасары.

Оның айтуынша, ақылы кіруді тек таңғы жұмысқа бару уақытында ұйымдастыру жоспарлануда, басқа уақытта көліктің кез келген түрі үшін жол жүру толығымен тегін болады.

Бүгінгі таңда, Сергей Хорошуннің сөзінше, қалаға күн сайын алты магистраль (Астана-Қарағанды, Астана-Қостанай, Астана-Павлодар, Астана-Қосшы, Астана-Қорғалжын, Астана-Көкшетау) бойынша орта есеппен 82 000 көлік құралы келіп-кетеді екен.

Abai.kz

 

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1519
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3300
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5898