Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 3379 0 пікір 31 Наурыз, 2011 сағат 04:32

Еурокомиссия электромобильдерді дамытуға 24 миллиондай еуро бөлмек

БРЮССЕЛЬ. 31 наурыз. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Еуропалық комиссия    электромобильдерді дамыту жөніндегі  транс-еуропалық бастаманы қолдау  туралы  шешім  қабылдап,бұл жобаны  жүзеге асыруға  24,2 миллион  еуро қаржы бөліп отыр.

Жобаның  жалпы құны  - 41,8 миллион еуроны  құрайды. Бұл туралы Еурокомиссияның баспасөз   қызметінен   хабарлады.

Жоба   42 серіктеспен  ынтымақтаса  отырып  жүзеге асырылмақ. Серіктестердің қатарында өнеркәсіптердің,  коммуналдық қызметтер  мен  муниципалитеттердің,  университеттер  мен  ғылыми-техникалық  мекемелердің өкілдері, электромобиль өндірушілер   бар. Бұл  бастаманың мақсаты -   жаңалықты  дамыту және    Еуроодақтың  жекелеген өңірлерінде   тәжірибе алмасу, сондай-ақ   электромбильдерді  еуропалық нарыққа   кеңінен шығару.

Еурокомиссия  вице-президенті Сийм Калластың айтуынша, «қазіргі таңда көліктердің  96 пайызы мұнайға   тәуелді.  Бұл тиімсіз   жағдай.   Еуроодақтың  2050 жылға дейінгі көлік   стратегиясының  мақсаты  - осы тәуелділікті  қысқарту  және    мобильділіктің  өсуіне мүмкіндік беру».

Еурокомиссар    сондай-ақ 2050 жылға  дейін  Еуроодақтың көліктердің   атмосфераға  шығаратын зиянды    газдарын   60 пайызға    қысқартуды мақсат етіп  отырғанын  жеткізді.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048