Бейсенбі, 3 Қазан 2024
Жаңалықтар 3774 0 пікір 31 Наурыз, 2011 сағат 06:47

Махаббат бекетінен мәңгілікке озды

Кино әлеміндегі қайталанбас тұлғалардың бірі - Людмила Гурченко қайтыс болды. Қазақ көрерменіне «Вокзалдағы екеу»  («Вокзал для двоих»), «Махаббат пен кептерлер» («Любовь и голуби») т.б. фильмдер арқылы танымал болған Людмила Маркована табиғаты тоқсан құбылатын әйел табиғатын паш етіп кетті. Сарыла күткен адамын кездейсоқ кезіктіріп қалып, асық жарына адалдығын әйгілейтін әйел де, біреудің иі жұмсақ күйеуін иелене кетуді білетін тікбақай, қала бикешінің де болмысы Гурченконың «бір басынан» табылып жатты. Харьков (Украина) қаласының тумасы, кешегі Кеңес Одағы киносының аты аңызға айналған жарық жұлдызы - Людмила Гурченко тамаша рольдерімен бірге жағымды (әрине, бәрін жағымды дей алмаймыз!) үнімен де жадымызда қалған екен.  Гурченконың жағымды үні дейтін себебіміз - әйгілі актрисаның қазақша «сөйлеген»  кейіпкерлерін көбіне  марқұм Фарида Шәріпова дыбыстайтын еді! Фарида Шәріпова - Шығыс Түркістандағы қалың қазақтың ортасында туып өсіп, атажұртына жеткен соң бойындағы ерекше өнердің, актрисалық тума талантының арқасында жарты әлемді жамбасына басқан КСРО-ны көктей өтіп Мәскеу барып, халық әртісі атанған жан. Асығыстықта Шәріпова мен Грученконың қаншалықты қарым-қатынаста болғанын біле алмай отырмыз, тегінде мәдениет пен өнердегі хас таланттардың бір-біріне сәулесін түсірмей өмір сүруі мүмкін емес. Бүгін, міне, екі асыл да бейдауа күндерді артқа қалдырып бақиға озыпты.

Кино әлеміндегі қайталанбас тұлғалардың бірі - Людмила Гурченко қайтыс болды. Қазақ көрерменіне «Вокзалдағы екеу»  («Вокзал для двоих»), «Махаббат пен кептерлер» («Любовь и голуби») т.б. фильмдер арқылы танымал болған Людмила Маркована табиғаты тоқсан құбылатын әйел табиғатын паш етіп кетті. Сарыла күткен адамын кездейсоқ кезіктіріп қалып, асық жарына адалдығын әйгілейтін әйел де, біреудің иі жұмсақ күйеуін иелене кетуді білетін тікбақай, қала бикешінің де болмысы Гурченконың «бір басынан» табылып жатты. Харьков (Украина) қаласының тумасы, кешегі Кеңес Одағы киносының аты аңызға айналған жарық жұлдызы - Людмила Гурченко тамаша рольдерімен бірге жағымды (әрине, бәрін жағымды дей алмаймыз!) үнімен де жадымызда қалған екен.  Гурченконың жағымды үні дейтін себебіміз - әйгілі актрисаның қазақша «сөйлеген»  кейіпкерлерін көбіне  марқұм Фарида Шәріпова дыбыстайтын еді! Фарида Шәріпова - Шығыс Түркістандағы қалың қазақтың ортасында туып өсіп, атажұртына жеткен соң бойындағы ерекше өнердің, актрисалық тума талантының арқасында жарты әлемді жамбасына басқан КСРО-ны көктей өтіп Мәскеу барып, халық әртісі атанған жан. Асығыстықта Шәріпова мен Грученконың қаншалықты қарым-қатынаста болғанын біле алмай отырмыз, тегінде мәдениет пен өнердегі хас таланттардың бір-біріне сәулесін түсірмей өмір сүруі мүмкін емес. Бүгін, міне, екі асыл да бейдауа күндерді артқа қалдырып бақиға озыпты. Бірі отарлаушы, бірі отарланушы екі елдің арасындағы егес пен еседен бәсі биік өнер, өнердегі өнеге, өнердегі туыстық өлемесе екен деп тілейміз.

Людмила Гурченко 1935 жылдың 12 қарашасында Харьков қаласында дүниеге келген. Өнердегі ғұмырында 80-нен астам фильмге түсіпті. Ол «Майдансыз 20 күн» («20 дней без войны»), («Пять вечеров»), «Механик Гавриловтың сүйікті әйелі» («Любимая женщина механика Гаврилова») (1982),  «Вокзалдағы екеу» («Вокзал для двоих») (1983), «Махаббат және кептерлер» («Любовь и голуби») (1984).    «Әйел бақыты» («Женское счастье») (2001),  «Сауық кеші-2, немесе 50 жыл өткен соң» («Карнавальная ночь-2, или Пятьдесят лет спустя») (2006) атты фильмдерде ойнады. Театрдан қол үзген жоқ. 70-тен асқан жасында орыс әндеріндегі бейнебаяндардан да көрініп жүрді.

Тоғыз жолдың торабындағы «даяшы келіншек» («Вокзалдағы екеу». Гурченко) қапылыста жолыққан ғашығын іздеп «Махаббат бекетінен» мәңгілікке аттанды.

 

«Абай-ақпарат»

 

0 пікір