Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
3745 0 пікір 28 Қыркүйек, 2018 сағат 10:47

Қазақстан сыртқы барлау қызметінің басшылығына Исатай Сартаев тағайындалды

Қазақстан президентінің жарлығымен "Сырбар" сыртқы барлау қызметіне Исатай Сартаев директор болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.

Ал оның орынбасары Нұрлан Оразов енді директордың бірінші орынбасары болды.

Бұған дейін "Сырбарды" генерал-лейтенант шеніне ие Ғабит Байжанов басқарған. Исатай Сартаев директордың бірінші орынбасары болған. 19 қыркүйекте президент Нұрсұлтан Назарбаев оны өзіне көмекші және елдің Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындады. Содан бері Исатай Сартаев директор міндетін уақытша атқарды.

"Сырбар" сыртқы барлау қызметі 2009 жылы құрылған. Бұл мекеме республика президентіне бағынады және оған есеп береді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1970