Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 3497 0 пікір 31 Наурыз, 2011 сағат 09:58

Нұра Матай. Ұлтшылдар неден ұтылды?..

Осы күні ұлттың үнін оның көзқарасы мен ұстанымын көрсету, жеткізу - еріккеннің ермегіне айналғандай. Бірнеше адамның төбесі қосылған кез келген қоғамдық қозғалыс бүтін бір ұлттың атынан сөйлеуді әдет қылып алды. Осындай қозғалыс, ұйымдардың үндеулері, ашық хаттары, сөйлеген сөздері бір қалыпты болып келеді. Ең әуелі қандайда бір ұлттық мәселені көтергенде бадырайып тұратын дүние - жалаңдық. Ұрандату, қызыл сөз. Нысанасы біреу - билік. Және бұқара алдында сөйлеу мен мәселені көтерудегі саяси сауатсыздық оның үстіне ұлт мәселесі деп алып шыққан дүниеге түбегейлі демей-ақ қояйық, тым құрыса, ненің не екеніне талдаудың, дайындықтың жоқтығы. Сонымен жалаңдыққа бейім біраз ғана жұртты жинап қазақтың атынан жиылысты жиі ашу - елді біз айтып отырған ұйымдар мен қозғалыстардан қашыра бастады. Себебі, бүгінгі қоғамға қызыл сөз бен жалаң ұранның өтпейтіндігін уақыт дәлелдеді.

Ұлттық ұйымдардың қауқары Алматыдан аса алмай келеді.  Алматы болғанда, Алматының ішін кернеп бара жатқан және түгі жоқ. Ұлттық ұйымдар деп отырғанымыздың дені  ұран мен ұр да жық сөзге бейім аз ғана топтың айқай толы жиыны ғана. Әлбетте, ұйымдар арқылы ұлт сөзін айтып жүрмін дейтін азаматтардың бойындағы ұлтшылдығы мен азаматтығына, намысқойлығына шәк келтірмейміз. Біздікі - етікті етікші тіксе деген тілек қана.

«Ұлтым» деп шырылдаған ұйымдардың жиындарына азаматтар белсенділігінің тым төмен болуын  жоғарыда  жорыдық. Тағы бір қосар, ұлттық мәселелер билік пен өзге де қоғамға ықпалды топтар мен ұйымдардың, азаматтардың тарапынан еленбей келеді. Керісінше, торғайдай топтың жеке ұстанымдары мен билікке көзқарастарын ұлттың атынан айтуы ұлттың деңгейі ретінде қабылданып, бүтін халықтың атына сын келіп жататыны жасырын емес.

Ақпанда жария болған сайлауға кейбір ұлттық ұйымдардың белсенділері де қатысты. Аяғы құрдым болды. Неге? Себеп - деңгей мен дайындықтың жоқтығында. Және ел аумағында салмақтың жоқтығы һәм қаржылық тапшылық. Қаржы демекші, Еуропаны паналап жүрген Мұхтар Әблязов пен Рахат Әлиевтің қаржысына бола жер мәселесін көтерген ұлттық ұйымдар мен өзге топтардың да даусы құмығып, құмға сіңді. Иә, ұлттық мәселе бар. Бірақ оны кімнің және қалай көтеруінде.

Ә дегенде ел ішінде «Мұхтар Шаханов сайлауға түседі екен», «оппозициядан Тоқтар Әубәкіров ұсынылмақшы» деген әңгіме ақыры бойкот жариялаумен тынды. Шындығында, бүгінгі қоғамның деңгейі Шаханов, Әубәкіровпен өлшеніп тұрғанын айтпасқа болмайды. Қос тұлғаны жұрт батыр көреді. Яғни біз «батыр келіп құтқарып алады, елді мұратына жеткізеді» деген психологиядан әлі арылмағанбыз. Саясаттағы, ел басқарудағы, жұрттың қамын күйттеудегі батырдың рөлі Хан Кененің көтерілісінен кейін тарих сахнасынан кеткенін көзіміз көрсе де, көңіліміз сенгісі жоқ.

Әсілі, ұлттық ұйымдардың топтасуы мен өзара бірлігі һәм әрбір істі жан-жақты сауатты көтере білуі жетіспей жатқанын да айтқымыз келеді. Әйтпесе, арқасын елге сүйеген қуатты,  тұтас бір ұлттық ұйым құрылса, осы уақытта биліктің негізгі санасар қарсыласына әрі үкіметтің шешімдеріне ықпалы күшті қоғамдық қозғалысқа айналар еді. Әзірге мұның бәрі арман. Ал, батыр күту психологиясының ел жадынан қашан шығары да беймәлім. Біз бес қаруы сай батыр күтіп жүрген бүгінгі замана жастары қазіргі күннің талабына сай бағыт-бағдар нұсқар ұлттық топтардың немесе жекелеген тұлғалардың болмауынан (деңгей, дәрежесі лайықты) дағдарып тұр.

Баяғы сауал сол сұрақ: Не істейміз?

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2063