Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
3968 0 пікір 1 Қазан, 2018 сағат 11:11

Қарияларды қараусыз қалдырған балалары алимент төлеуге міндеттеледі

Алиментті біздің қоғам балаға төлейтін қаражат ретінде қабылдайды, - деп жазады Абай-ақпарат turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Бірақ қауқарсыз қарт ата-аналар өз балаларынан да алимент өндіре алады. Егер балалары өз еркімен ата-аналарына алимент төлемесе, оларды сотқа сүйреуге құқылы. Қараусыз қалған қария бір емес, бірнеше баласына алимент төлете алады. Ата-ана құқығынан айырылған қарт кісілер алимент талап ете алмайды.

Қарияларды қараусыз қалдырған балалары екі жағдайда алимент төлеуге міндеттеледі. Біріншісі, ата-анасы еңбекке қабілетсіз және көмекке мұқтаж болса. Ол үшін ата-анасы өзінің көмекке мұқтаждығын растауы тиіс. Оған дәлел ретінде зейнетақы куәлігі мен еңбекке қабілетсіздігін растайтын анықтама көрсетіледі. Мамандар бұл жағдайда өз перзентінен ақша өндіріп алуына көп уақыт кетеді деп отыр.

Егер қарт адам өздігінен құжат жинауға қауқарсыз болса, жеке агенттіктердің көмегіне жүгіне алады. Мұндай компаниялар өтінішті онлайн түрде рәсімдейді. Қызмет құны ақылы. Шамамен 15 мың теңгеге жуықтайды. Компания клиентінің атынан жұмыс жүргізуі үшін нотариустан әкелінген сенімхат керек. Бұл да ақылы. Мұндай жағдайда, алимент көлемі екі тараптың да материалдық жағдайына байланысты. Егер баланың тұрақты жұмысы, үйі болмаса, кәмелеттік жасқа толмаған балалары болса, соттан істі қайта қарауды сұрай алады. Содан кейін сот ай сайын төленетін алимент көлемін анықтайды. Бұдан бөлек, қос тарап келісімге келіп, ай сайын берілетін қаржы көлемін анықтай алады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1970