Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3875 0 пікір 2 Қазан, 2018 сағат 11:34

Билік қорқаққа керек

- Мен сенімен қош айтысамын.
Вэй әдетінше тағзым мәзіретін жасады. Ол жай шапан киіпті. Басында – хатта. Қолында-аса таяқ. Қарына дорба ілген.
Мақытбек бұл кезде қамалдағы оңаша жайда тынығып жатқан болатын. Күзеті анар ағаштарының арасына жасырынып, төңіректі торып жүр.
- Неге? – деді Мақыт қасын керіп. – Мен ертең Сұлтанның нисбасын қабылдаймын. Енді күллі Халифаттың әміршісі - мен.
- Жоқ, қыпшақ, – Вэй келіспеді. – Қателесесің. Сен құл кейпіңде қала бердің. Бұрын тек біреуге бағынушы едің енді көптің құлына айналдың.
Мақытбекті ашу бунады.
- Не сандалып тұрсың, қақбас! Мен - сұлтанмын! Менің есімім Жаратушы есімімен қатар айтылады. Мен қазір азатпын, ақ дегенім алғыс, қара дегенім қарғыс.
- Жоқ, қыпшақ, – Вэй басын шайқады. – Азаттық деген – Құдай. Ал сен оның шаң басқан жердегі көлеңкесі ғанасың. Азаттық іздеген адам билікке ұмтылмайды.
- Бірақ оның таңдауы маған түсті. Пенделерінің тағдырын менің қолыма сеніп тапсырды.
- Бұның рас, – деді Вэй. – Ол сені көп арасынан суырып алып, әмірші етті. Бірақ бұның рақым, не жаза екенін ешкім айта алмайды. Өйткені биліктің жолап кеткен адамның ырқын шырмап-матап тастайтын қасиеті бар. Билікке жету үшін асқан батырлықтың қажеті де жоқ. Көбіне ол уысқа кездейсоқ түседі. Оны өзгенің қолына ерікпен беру ғана ерлік болып саналады. Барлығымыз жаратқанның құлымыз. Ал, ортамыздағы ең тәуелді, құлақ кестісі – патша. Сен құлдық пен биліктің арасы алшақ еместігін түсінуің керек. Пенделер әлемінде патшалар тумайды.
- Жоқ, шал. Алла әділ. Ол таққа отырғызу үшін ерік-жігерімді матап, ұзақ сынады, -деді Мақытбек. – Бар азабына төзіп, әмірін екі етпейтінге ғана билік беруге болатынын Жаратқан анық біледі.
- Билік қорқаққа керек, - Вэй жауап қайырды. – Ол өзін төмендететін ортадан сескенетін адамға ғана пайдалы. Бүгін Алла сені таққа отырғызды, ал ертеңгі күні өз шаштаразыңнан да үрейленетін бейшара күйге түсесің. Жазадан қашып құтылған патша аз.
(Бейбарыс сұлтан мен ұстазының диологы: Е. Тұрсыновтың "Мәмлүк" романынан үзінді )

Серік Әбікеннің facebook парақшасынан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5345