Сенбі, 23 Қараша 2024
3299 2 пікір 5 Қазан, 2018 сағат 09:18

Қытайда туыстары қамалғандар Ангела Меркельден көмек сұрады

Алматыда Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы (бұдан ары Шыңжаң) Құлжа қаласынан Қазақстанға көшіп келген қазақ отбасыларының өкілдері Қытайда қамауда отырған туыстарын босатуға көмек сұрады.

Олар Алматыдағы Германия консулдығына барып, осы елдің канцлері Ангела Меркельден көмек сұраған хатын тапсырды. Консулдық өкілі жиналған адамдардың екеуін ғана кіргізіп, хатын қабылдап алды.

Жиналған ондаған адам Қытайда туыстарының "саяси үйрену орталықтарында" жазықсыз қамауда отырғанын, Қазақстан билігінен, халықаралық құқық қорғау ұйымдарынан оларды босатуға жәрдем қылуын сұрады. Туыстарының алды бірнеше жыл қамауда отыр. Олардың сөзінше, қамалғандар қатарында имам мен мұғалімдер де бар.

Қытайда жергілікті қазақтардың қысым көріп жатқаны туралы 2017 жылдың сәуір айынан хабарлана бастаған. Былтыр Астанада өткен Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы кезінде еуропалық қазақ Өмірхан Алтын бұл мәселені Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында көтерген.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379