Дүйсенбі, 15 Қазан 2018
Дін мен тін 486 5 пікір 9 Қазан, 2018 сағат 09:58

Яушевтер мешіті - Қостанайдың көркі

Ағайынды Яушевтер салдырған мешіт - Қостанайдың, тіпті қазақ халқының рухани һәм сәулеттік өнерінің қымбат қазынасы. Мешітті өзінің бағытында және сәулет өнерінің мұрасы ретінде сақтап қалу Қостанайдың танымалдығын арттырары сөзсіз.

Бәлкім, Англиядағы Солсбериге шіркеудің шпилін тамашалауға барған "ресейлік туристер" секілді Қостанайдың мешітін көруге Қазаннан, Түркиядан туристер ағылып қалуы да ғажап емес! Кім біледі болашақта бұрынғы кеңестік шеңберіндегі елдердің әл-ауқаты асқан уақытта осы бір сәулет өнерін әлдилеп келіп тамашалап кетушілер қатары көбейер?!

Патша заманының тұсында провославия дініннен бөлек жұрт Қостанай қаласына кіре алмай жүрген кезде қаланың орталығына өзінің "І дәрежелі көпес" деген атақ-абыройы, беделі арқылы мұсылман мешітін салдырған Яушевтер - құрметке лайық тұлғалар.

Түбі бір түркі елінің бір бұтағы татар жұртынан шыққан Яушевтердің Қостанай қаласының тарихынан алар орны бөлек! Сондықтан да мешітті сәулет өнерінің мұрасы ретінде сақтап қалу бізге міндет болуға тиіс.

Алмасбек Әбсадық

Abai.kz

5 пікір