Жексенбі, 20 Сәуір 2025
3486 0 пікір 11 Қазан, 2018 сағат 10:29

Түркия Идлибтан демилитаризация аймағын құрғанын мәлімдеді

Түркия Сирияның Идлиб провинциясынан деэскалация (аймақтан әскерді шығару) аймағы құрылды деп мәлімдеді.

Осының алдында Ресей мен Түркия Идлибте қауіпсіз аймақ құру туралы келісімге келген. Бұл келісімге сәйкес, оппозициялық топ та аймақтан ауыр әскери техникаларын шығаруы тиіс. Демилитаризация аймағында тек Ресей мен Түркияның бақылау күзеті қалады. Олар соғыстың тоқтағанын бақылайды.

Бірақ Сириядағы ең ірі жиһадшылар тобының бірі "Тахрир аш-Шам" ұйымы бұл келісімге қатысты пікірлерін білдірмеді.

Түркия мен Ресейдің демилитаризация аймағын құру келісімі Сирия үкіметінің Идлибке шабуылдауының алдын алды. БҰҰ мен әлемдік лидерлер бұл соғыс 3 млн халқы бар Идлибтегі жағдайды одан сайын өршітеді деп дабыл қаққан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2068
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4939
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4141