Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2580 0 пікір 6 Сәуір, 2011 сағат 09:53

Сайлау өтті. Өзгеріс бола ма?

Президент сайлауы мәресіне жетті. «Нұр Отан» партиясының атынан сайлауға түскен президенттіке кандидат Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың 95,55 пайыз даусын жинап, айқын басымдылықпен жеңіс тұғырына көтерілді. Н.Назарбаев осымен төртінші рет ҚР президенті қызметіне кіріспек. Жаңа президенттің инагурациясы сәуірдің 8 күні өтетінін ОСК мәлімдеді.

Нұрсұлтан Әбішұлы 1991 жылдан бері Қазақстанды басқарып келеді. Ол бұған дейін өткен президент сайлауларында да басымдықпен жеңіске жеткен. 1991 жылы өткен сайлауда 98,7 пайыз, 1999 жылы - 79,78 пайыз, 2005 жылғы президенттік сайлауда - 91,15 пайыз дауыс жинаған болатын.

Сайлаудың алдын-ала қортындысы жария болысымен «Нұр Отан» партиясы ел аумағында Н.Назарбаевтың жеңісін тойлау шараларын бастап кетті. Елдегі түрлі қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктерде өз алқауларын айтып жатыр.

Ал, сайлауға қатысқан бақылаушылардың пікірі әрқилы. ЕҚЫҰ-ның бақылаушыларының сайлауға көңілі толмаған екен. Олар Н.Назарбаевқа лайықты қарсылас болмады деп отыр. Және сайлауда бірқатар заң бұзушылықтар болғанында алға тартады. Есесіне, ТМД бақылаушылары сайлау демкратиялық негізде өтті деп бағалапты. Ал, Еуропа кеңесі парламенттік ассамблеясы сайлау халықтың ерік-жігерін көрсеткенін жария етті.

Қазірдің өзінде сайлаудан кейін  билікте түрлі өзгерістер болатыны жайлы әңгіме ел ішін кезіп жүр. Осыған орай саясаттанушыларға бірнеше сауал қойған едік.

Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қозғалысының жетекшісі:

- Сайлау өтті. Алда қандай өзгерістер болуы мүмкін?

- Президент «саяси реформалар жасаймыз» деді. Және оның негізгі бағыттарында көрсетті. Бірақ, түбегейлі өзгерістер болады деп ойламаймын.

Менің ең басты күтетінім - жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң. Алайда, осыдан екі-үш жыл бұрын президент «Мәслихаттар жергілікті өзін-өзі басқарудың бір формасы, бізге заңның қажеті жоқ»  деген шығарып салма сөзін айтқан. Сондықтанда, демократялық инститтуттың негізгі бір саласы болып табылатын жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң қабылданбайтын сықылды. Демек, менің күтіп отырған ең басты саяси реформам жасалмайды деген сөз.

Әрине, сайлау, БАҚ-ы, саяси партиялар туралы заңдарға бірқанша өзгерістер енгізілуі мүмкін. Және ЕҚЫҰ басқада халықаралық ұйымдардың Қазақстанға қатысты айтқан біраз мәселелері қаперге алынатын шығар.

Алайда, қандай да болсын өзгерістер жақын арада емес, кейірінек болуы мүмкін.

- Үкіметтің ауысуы мен болуы ықимал мәжіліс сайлау туралы не дейсіз?

- Бұл екеуі де біздің қоғамға ешқандай өзгеріс әкелмейді. Оны бәріміз жақс білеміз. Атқарушы билік Назарбаевтың қолында қалады және ол үлкен өзгеріске ұшырамайды. Ал, Үкіметтің ауысқанынан еш нәтиже күтпеймін.

Парламент сайлауы болып, жасанды түрде көппартиялы парламент жасақталу бек мүмкін. Бірақ, парламентке барған «Нұр Отаннан» өзге партиялар ешнәрсеге ықпал ете алмай, құр айғаймен жүйкелерін жұқартып отырудан басқа амал қалмайтын сияқты.

- Билікке жаңа, жас азаматтар тартылуы мүмкін бе?

- Әбден мүмкін. Дегенмен, олар өзгеріс әкеледі дегенге өз басым сенбеймін. Өйткені, олар орындаушы рөлін ғана атқарып, дайындаушы, жасаушы бола алмайды.

- Өзіңіз қандай өзгерістердің болғанын қалайсыз?

- Сайлау туралы заңға және сайлау процесіне толық өзгеріс енгізу қажет. Алайда, «бұл сайлау тамаша өтті, сондықтан өзгеріс енгізудің керегі жоқ» дейтін шығар. Екінші, саяси партиялар туралы заңды да түзету керек. Және оларға жұмыс істеуге мүмкіндік берілуі тиіс.

-Сайлау барысын қалай бағалайсыз?

- Билік тарапынан сайлаудың біріншісі кезеңі толық жасалынып қойылды. Екінші кезеңі біршама жақсы өтті. Себебі, ол жерде заң бұзудың, жасандылық жасаудың қажеттілігі туған жоқ. Бұл жолы сайлауға шақыру жарнамаларының болғаны және электронды сайлау жүйесінің алынып тасталғаны дұрыс болды.

Расул Жұмалы, саясаттанушы

- Сайлау өтті. Алда қандай өзгерістер болуы мүмкін?

- Айтарлықтай өзгеріс болмайды. Әрине, формалық, құрылымдық жағынан өзгерістердің болатыны анық. Конституция бойынша, үкімет отставкаға кетеді.  Жаңа үкімет жасақталады. Бәлкім, кезектен тыс парламент сайлауы болатын шығар. Ал, саяси-экономикалық, әлеуметтік ірі өзгерістер болмайды. Бәрі де бұрынғы жолмен жалғаса береді. Ал, Үкіметке, парламентке жаңа адамдардың келуінен де ешәрсе өзгермейді. Себебі, Үкімет басшысын президент тағайындайды. Ол елбасының белгілі бір саладағы көмекшісі, мемлекеттік қызметкер қана.

- Өзіңіз қандай өзгерістердің болғанын қалар едіңіз?

- Әкімшілік реформаны мықтыы деңгейде жүргізу керек. Яғни мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби деңгейін, сапасын арттыру. Қосарланған, көшірме жұмыс атқаратын агенттіктерді жою керек. Жалпы, мемлекеттік аппараттың халықтың, БАҚ-ы алдындағы жауапкершілігін арттыру қажет. Біздегі жемқорлық, бағаның шарықтауы, экономиканың мұнайға тәуелділігі сайып келгенде адам факторына - мемлекеттік қызметкердің кәсіби деңгейіне келіп тіреледі.

- Билікке жаңа, жас азаматтар тартылуы мүмкін бе?

- Жастардың лауазымды қызметтерге тағайындалуының өзі ешнәрсені өзгерте алмайды. Себебі, үкім ететін, шешім шығаратын негізгі билік бәрібір бұрынғы кадрлардың - ескі гвардияның қолында қала береді. Екіншіден, жастардың өмір тәжірбиесі жоқ. Және олар еуропадан білім алған кезінде еуропа экономикасының құрылымы, саясатының жай-жапсарын оқыды. Ал, Қазақстан мен еуропаның экономикасы мен саясатында айырмашылықтар көп.

- Сайлау барысын қалай бағалайсыз?

- Қызықсыз өткен сияқты. Өйткені, балама кандидаттар өте әлсіз болды.  Оны өздері де мәлім етті, саясаттанушыларда растады. Сондықтан менің ойымша, Қазақстан тарихында қызықсыз, интригасы жоқтың қасы, алдын-ала кімнің жеңіп шығатыны айдан анық белгілі болған бір сайлау болды.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588