Жұма, 22 Қараша 2024
Сүйінші! 4698 10 пікір 16 Қазан, 2018 сағат 20:57

Сүйінші, Алаш! Санкт-Петерборда Әлиханға ескерткіш тақта қойылады!

Сүйінші, Алаш ұрпақтары, сүйінші! Осыдан тура жарты сағат бұрын ғана Санкт-Петербордан қуанышты жаңалық келіп жетті. Алты Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның 1890-1894 жылдары оқып бітірген бұрынғы Императорлық Орман институты, қазіргі Санкт-Петербор мемлекеттік орман-техникалық университетінің Ғылыми кеңесі бас ғимаратының маңдайына өзінің даңқты түлегі, 2015 жылы ЮНЕСКО Бас конференциясынының 38-сессиясы «бүкіл әлемдік шынайы даңқты қайраткер» деп таныған Әлихан Бөкейхан туралы естелік тақта орнату туралы ұсынысты 27 дауыспен қолдап, 7 дауыс қарсы, 5 дауыс қалыс қалып, басым көпшілік дауыспен мақұлдады.

Ескерткіш тақта орнатуды ҚР ауыл шаруашылық министрлігінің қызметкері, осы ЖОО-ның тағы бір қазақ түлегі Майкен Әзенов ұсынып, Ғылыми кеңестің қарауына Әлихан Бөкейхан туралы барлық тарихи анықтама-мәліметті осы жолдардың авторы жазып беріп, ұсынысты «Ақ жол» Демпартиясының Азат Перуашев бастаған парламенттік фракциясы Орман-техникалық университетінің ректорына арнайы хат жолдады.

Нәтижесінде осындай қуанышты шешім қабылданды. Ескерткіш тақтаны жасатып, орнатуды «Ақ жол» партиясы өз жауапкершілігіне алып отыр.
Одан бөлек ұлт көсемінің қиян-кескі күреске толы ғұмырының ақырғы 15 жылын (1922-1937 жж.) өткізген Мәскеудегі Б. Кисловский орамы, 4 үйі мен Самара қаласындағы 1909-1917 жылдары тұрған Казанская көшесі, 30 (қазір 32 үй) үйіне де естелік тақта орнату ісі қолға алынды.

«Ақ жол» партиясының Мәжілістегі фракциясынан Мәскеудегі Елшілікке тиесілі хат жолданды. Енді Мәскеуден хабар күтіп отырмыз.

Құтты болсын! Алаш қайраткерлерінің аруақтары жар болсын, Алаш ұрпақтары!

Cұлтан Хан Ақұлы

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1452
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5241