Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2830 0 пікір 7 Сәуір, 2011 сағат 04:18

Қазақстандағы Монархиялық Капитал жүйесінің эволюциясы (басы)

Төмендегі талдау, қазіргі кездегі Қазақстанда қалыптасқан саяси - экономикалық ахуалға қатысты «Дана жол ынталы тобының» көзқарасы. Оның себептері мен құрылымының қалыптасуы, және де осы жүйенің болашақ эволюциясы мен оның немен аяқталатыны туралы баяндау.

Бұл көзқарас: біріншіден, ағылшын экономисі Давид Рикардо бастап, кейіннен  Карл Маркспен жалғастырылып, аяқтаған «Еңбек теориясының құнына»; екіншіден, Гегель мен Маркстың «Диалектикалық материализміне» жүгінеді.

Алдымен мына түсініктердің мәніне үңілейік:

1. Кез-келген мемлекеттік немесе қоғамдық құрылым қоғамға немесе мемлекетке қажетті барлық тауарлар мен қызмет түрін жасау тәсіліне негізделеді.

2. Кез-келген идеялар мен түсініктер біздің әлемнің қоғамдық заңдары мен физикалық білімдерінің тереңдігімен анықталады.

Қоғамның қоршаған орта туралы түсінігі, мәдени деңгейі, идеялары, саяси құрылымы және т.б. қандай болса, қоғамды қоршаған барлық материалдық игілігін алу тәсілі сондай болады. (қоғам қолданатын тауарлар ұшақтар, медицина саласы, қажетті тұтыну тауарлары, жанармай, энергетика, білім, транспорт, т.б.).

Төмендегі талдау, қазіргі кездегі Қазақстанда қалыптасқан саяси - экономикалық ахуалға қатысты «Дана жол ынталы тобының» көзқарасы. Оның себептері мен құрылымының қалыптасуы, және де осы жүйенің болашақ эволюциясы мен оның немен аяқталатыны туралы баяндау.

Бұл көзқарас: біріншіден, ағылшын экономисі Давид Рикардо бастап, кейіннен  Карл Маркспен жалғастырылып, аяқтаған «Еңбек теориясының құнына»; екіншіден, Гегель мен Маркстың «Диалектикалық материализміне» жүгінеді.

Алдымен мына түсініктердің мәніне үңілейік:

1. Кез-келген мемлекеттік немесе қоғамдық құрылым қоғамға немесе мемлекетке қажетті барлық тауарлар мен қызмет түрін жасау тәсіліне негізделеді.

2. Кез-келген идеялар мен түсініктер біздің әлемнің қоғамдық заңдары мен физикалық білімдерінің тереңдігімен анықталады.

Қоғамның қоршаған орта туралы түсінігі, мәдени деңгейі, идеялары, саяси құрылымы және т.б. қандай болса, қоғамды қоршаған барлық материалдық игілігін алу тәсілі сондай болады. (қоғам қолданатын тауарлар ұшақтар, медицина саласы, қажетті тұтыну тауарлары, жанармай, энергетика, білім, транспорт, т.б.).

Осы ұшақтарды құрастырып отырған қоғам өзінің мүшелерінен аэродинамикалық заңдылықтарды, механика мен инженерлік білімді меңгеруін талап етеді және ол білімді одан әрі дамытып жалғастыратын адамдарды өсіріп отырады. Сәкесінше, бұл қоғамда сол үшін бейімделген мектеп және ЖОО бағдарламалары болады. Бұл қоғамдағы адамдардың көбісі жоғарғы білімді болады. Осындай қоғам саяси, идеялық және мәдени тұрғыдан, ондай білімді қажет етпейтін қоғамнан қатты ерекшеленеді.

Екінші, ұшақтарды құрастырмай оларды шикізатқа айырбастап отырған қоғам, өзінің мүшелерінен аэродинамикалық, механикалық және инженерлік білімді талап етпейді. Өйткені, оларға ол білімнің қажеті жоқ. Сондықтан олардың мектеп және ЖОО бағдарламалары бірінші қоғамға қарағанда түбегейлі ерекшеленіп тұрады. Сәйкесінше, мәдени жағынан екінші қоғам бірінші қоғамнан әлде қайда төмен болады.

Осы аталған екі қоғам құрылымның ерекшелігінің негізі, діл ерекшелігінде, немесе ұлттық ерекшеліктерінде, жағрапиялық не рассалық ерекшеліктерінде емес, ол әр ұлт өзін-өзі оны қоршаған барлық игілігімен қамтамасыз ететін тәсілінде жатыр.

3. Бүгінгі таңдағы кез-келген қоғам таптардан құралады. Бұл таптар белгілі бір өлшемдермен анықталады. Олар:

1. Негізгі табысты алу көзі бойынша;

2. Бүкіл қоғаммен дайындалған өнімді бөлудегі таптардың орны бойынша;

3. Әрбір қоғамда билеуші таптың болары заңдылық. Билеуші тап бұл - қоғамның өзге таптарымен салыстырғандa заң шығару және құқықта қолданылатын тәжірибеден экономикалық пайданы көп мөлшерде алатын тап.

4. Әрбір билеуші тап заңдарды қабылдайды және өздерінің қызығушылықтарына орай экономикалық саясатты жүргізеді.

5. Билеуші таптардың қолындағы биліктің екінші бір тапқа ауысуы - биліктегі төңкеріс деп аталады.

Төңкеріс өктемдік әрекет түрінде болуы мүмкін.

1. Мұндай төңкерістер билеуші тап қоғамның көп бөлігін кедейлендіру және ұлттың бар байлығын өз қолына шоғырландыру саясатын жүргізгенде басталады.

2. Билеуші таптың осындай экономикалық саясатының жалғасуы сол қоғамның жаһандық бәсекеде күресуінде өзге ұлттардан жеңіліс тауып, өз аумағынан айрылуға және жаулап алушы мемлекетке бағынуына апарып соғады. Аталмыш жағдайда, билеуші тап өз қарсыласын басқа таптың ішінде табады. Қарсылас таптың қажетті қоры мен басқару қабілеті бар және ол тап ұлт қызығушылығын бейнелей отырып, халықты құртатын саясатқа қарсы шығып, билікті тартып алады.

Француз төңкерісі, ағылшын, орыс, неміс, қырғыз төкерістері осыған мысал бола алады.

Төңкеріс өктемдік әрекет түрінде болмауы мүмкін.

Егер:

1. Билеуші тап ағымдағы экономикалық саясаттың аяғы қоғамның көп бөлігінің кедейленуіне әкеліп соғатынын және бүкіл байлық бір ғана билеуші тапқа шоғырланатынымен, немесе аталған қоғамның өзге ұлттармен жаһандық бәсекеде жаулап алушы мемлекетке бағынатынымен, сөйтіп, нәтижесінде жеңіліс табатынын түсінеді. Ондай жағдайда, билеуші тап өзі заңға өзгерістер енгізеді. Бұл жағдай, экономикалық және саяси биліктің бір таптан екінші тапқа көшуіне алып келеді.

Жаңа аумақтарды басып алу және ұлттық байлықты ұлғайту кез-келген тап үшін ең тиімді құрал болып табылады.

Мәселен, Сингапур, Малайзия, Оңтүстік Корея, Чили, Шығыс Еуропа, Грузия, Қытай сияқты мемлекеттер және т.б.

Енді қоғамдық саяси жүйе мен таптарды сипаттауға көшейік:

Қазіргі кезде әлемде қандай таптар бар?

Қазіргі әлемде келесі таптар қалыптасқан.

1. Капиталистер табы.

Табыс көзі - тауарларды сату мен қызмет көрсетуден келген табыс және олаpды өзінің өндірістік құралдарында шығарып, қоғамға ұсыну.

2. Пролетариаттар табы.

Табыс көзі - өзіндік физикалық еңбек нәтижесінде алынған белгіленген табыс.

3. Шаруалар табы.

Табыс көзі - басым бөлігі жердегі физикалық еңбектен түсетін пайда.

4. Қызметкерлер тобы: мұғалімдер, дәрігерлер, мемлекеттік және жекеменшік компаниялардағы кеңсе қызметкерлері, өз жағдайына байланысты пара алуға болмайтын суретшілер мен әртістер және т.б.

Табыс көзі - өзіндік ой еңбегінің нәтижесінде алынатын белгіленген табыс.

5. Феодалдар табы.

Табыс көзі - пара алу мақсатында ел заңдарын желеу етіп, қызмет дәрeжесін пайдалану.

Мысалы, адам жол ережесін бұзды ма, әлде бұзған жоқ па; заңды дұрыс орындады ма, жоқ па; мүлікті дұрыс тіркеді ме, жоқ па; лицензиялар бар ма, жоқ па; немесе шешім шығарудан және т.б. түсетін пайданы шенеуніктер қалтасына жымқырып отырады.

6. Монархиялық капитал.

Табыс көзі - кәсіпкеpлікпен айналысуға «рұқсат беруші ретінде» жүретін табыс, немесе табиғи байлықтар мен жерді сатудан түсетін табыс.

Ескерту!

Аталған шикізат өнімдерін сатудан түсетін табыс монополияланбаған, яғни олар табысты ірі трансұлттық компаниялармен немесе бай-шенеуніктермен өзара бөлісіп алады. Бірақ, қоғамның көп бөлігінің жақсы өмір сүруін қамтамасыз етуге шикізаттан түсетін табыс жеткіліксіз болып отыр.

7. Абсолюттік монархия табы.

Табыс көзі - жер және табиғат байлықтарын сатудан түсетін монополиянған табыс.

Табиғат байлықтарын сатудан алынатын табыс халықтың басым бөлігінің өмір деңгейінің жақсы болуына жеткілікті.

ІІ. Енді қоғамдық-саяси жүйені қарастырсақ.

Бүгінгі таңда өзін керекті тауарлармен қамтамасыз ететін тәсілі бойынша және биліктегі тұрған тап бойынша 5 жүйені алып қарастырайық.

1. Капитализм

2. Социализм

3. Абсолюттік монархия

4. Феодализм

5. Феодалдық-буржуазиялық құрылым

1. Капиталистік жүйе.

1. Өздерін керекті тауарлармен қамсыздандыру жолы - халыққа қажетті барлық керекті нәрселерді ұлттық зауыттарда жасау.

2. Билікте отыратын тап - капиталистер.

3. Билікте отыру негізі - халықты барлық керек-жарақпен қамтамасыз ететін зауыттар капиталисттердің қолында болады.

4. Табиғат ресурстарын өзінің өнеркәсібінде қолданады.

5. Өзінің өнеркәсібі және ауылшаруашылығы халықтың 100%-ын тұтыну тауарларымен қамтиды.

6. Мысал ретінде - АҚШ, Ұлыбритания, Еуропалық одақ мемлкеттері, Жапония, Оңтүстік Кореяны айтуға болады.

2. Социалистік жүйе.

1. Өзін қажетті тауарлармен қамтамасыз ету жолы - халыққа қажетті нәрсені ұлттық зауыттарда шығару.

2. Билікте отыратын тап - пролетариат.

3. Биліктің қарамағында болатын, халықты барлық заттармен қамтамасыз ететін зауыттар нақты бір адамға емес, бүкіл қоғамға тиісті. Пролетариат деп - өз еңбегімен зауыттарда жұмыс жасап, халықты қажетті заттармен қамтамасыз ететін қоғамның бір бөлшегін айтамыз.

4. Табиғат байлықтары өзінің өнеркәсібінде қолданылады.

5. Өзінің өнеркәсібі және ауылшаруашылығы хaлықтың 100 пайызын тұтыну тауарларымен қамтамасыз етеді.

6. СССР және Варшава блогындағы мемлекеттер мысал бола алады.

3. Абсолюттік монархия.

1. Өзін қажетті тауарлармен қамтамасыз ету әдісі - қажетті тауарларды алу үшін, табиғат байлықтарын айырбастау.

2. Билікте отыратын тап - абсолюттік монархия.

3. Биліктің қарамағында табиғи байлықтар мен жерді сатудан түсетін монополияланған табыс болады.

Табиғат байлықтарын сатудан алынатын табыс халықтың басым бөлігінің өмір деңгейінің жақсы болуына жеткілікті.

4. Табиғи ресурстар - басқа ұлт өндірген ауылшаруашылық өнімдерге және өнеркәсіптегі өндірілген өнімдерге айырбастау үшін пайдаланылады. Табиғи ресурстар халықтың барлық тұтыну сұранысын тауарлармен қамтамасыз етуге жеткілікті.

5. Өзінің өнеркәсібі және ауылшаруышылығы мүлде дамымаған.

6. Мысал мемлекеттер - БАӘ, Кувейт, Катар, Сауд Арабиясы, Бруней және т.б.

4. Феодалдық жүйе.

1. Өзін қажетті тауарлармен қамтамасыз ету түрі тек «үй жағдайында» жасалған тауарлар ғана және жеміс-жидек өсіруден немесе көршілерден өнімді ұрлаудан түседі.

2. Билікте отыратын тап - Феодалдар.

3. Билікте отыру негізі - автоматтар санына ғана байланысты.

4. Табиғат байлықтары жоқ.

5. Жеке өнеркәсіп және ауылшаруашылығы дамымаған.

6. Мысалға Сомали, Судан, Ауғанстан, Тәжікстан, Қырғыз және т.б. мемлeкеттерін жатқызамыз.

5. Монархиялық капитал (Феодалдық-буржуазиялық құрылым).

1. Өзін керекті тауарлармен қамтамасыз ету жолы - халық тұтынатын тауарлардың бірінші жартысы елдің зауыттарында өндіріледі, ал екінші жартысы шикізатты сатудан түсетін табыс, бірақ ол халықтың жоғары өмір сүру деңгейін қамтамасыз ете алмайды. Мысалы, халық тұтынатын тауарларды 100% деп алсақ, соның 10 %-ы ұлттық өнеркәсіптен және ауылшаруашылығынан түссе, 30 %-ы шикізатты қажетті өнімге айырбастаудан түседі. Сонымен, халық тұтынатын тауарлардың 100 %-нан тұтынудың тек 40%-ын ғана қамтиды.

2. Билікте отыратын тап - бай-шенеуніктерге сүйенетін монархиялық капитал.

3. Билік табиғи ресурстардан түсетін табысты қадағалайды және бөледі. Шикізат өнімдерін сатудан алынатын тауарлар саны, ұлттық өндірісте өндірілетін тауарларға қарағанда көп.

Ол дегеніміз, монархиялық капитал бақылап отырған шикізаттан түсетін пайдаға сатып алынған тауарлар, капиталистердің қолындағы ұлттық зауыттарда өндірілетін тауарлар көлемінен жоғары болып табылады.

4. Табиғат ресурстары - басқа ұлт өндірген ауылшаруашылығындағы өнімдерге және өнеркәсіптегі өндірілген өнімдерге айырбастау үшін пайдаланылады. Бұл халықтың жалпы тұтынуының жартысын қамтиды.

5. Өзінің өнеркәсібі және ауылшаруышылығы халықты 10% тұтыну тауарларымен қамтамасыз етеді.

6. Мысал мемлекеттер - Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Нигерия, Түркменстан, Египет және т.б.

«Дана жол ынталы тобы»

«Абай-ақпарат»

Жалғасы бар

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5613