Т. Тиянақов. Қазақтікі не талтаң?
Бұл әлемде мақтануға бізден шебер халық жоқ шығар, сірә. Оның сыртында ел болашағын ойлайды деген азаматтарымыз мақтауға да, жүдә, машықтанып алған. Біз шындап мақтанғанда, көршілес өзбек, түрікмендерді айтпағанда, Ресейдің өзі де қазақ елінің жібін есе алмай қалады. Бөсіп кеткенімізде, АҚШ-тан бастап бүкіл Еуропаң да шаң қауып, біздің «еселеп өсіп» келе жатқан экономикамыздың жанында олардың тірлігі бейшаралық деңгейде қалады.
Біздегі үкіметтік жалған басылымдарды оқысаңыз, осындай ойдың туары - ақиқат. Ойпырмай, расында солай болғаны ма?! Жан-жағымызды пайымдап бір көрейікші. Күні кеше, елінің қарғысына ұшыраған президент тұсында, «феодализм» шырмауында жатқан түрікмендердің қазіргі күйі бізден жақсы. Электр жарығы, алау от (газ), қала көліктері, тіпті қарт-қарияларға нан да тегін көрінеді. Баяғы кеңес үкіметі жете алмаған коммунизмге түрікмендер қол жеткізіпті. Демек, түрікмен елінің бүгінгі басшылығы қара басынан бөлек ел қамын, ұрпақ болашағын да ойлайды, қарт-қарияларын сыйлайды.

Осының бірде-бірі бізде бар ма? Әрине, жоқ. Күн санап шарықтаған электр қуаты, газ, азықтүлікті ғана көреміз. Жылдың соңғы тоқсанында (1 шілдеден бастап, барлық бюджет қызметкерлері екі айлық демалысқа үстеме жалақысыз кетеді де, айлықты қыркүйектің соңында бір-ақ алады) қосылатын 25 пайыз үстеме кімге нәпақа болмақ? Сонда біздің түрікмендерден артықшылығымыз қайсы? Олардың коммунизм жағдайында жүрсе де ләм-мим деп мақтанбауының сыры неде?
Өзбектердің жағдайы да бізден төмен емес көрінеді. Олар жеке кәсіпкерлерге салынатын салық мөлшерін барынша азайтып отыр. Тумысынан еңбекқор өзбек халқы мақтануға бейім, әупілдек қазақтардың үйін салып, байлығын еселеп жүр. Ресейді қараңыз, ел басқарып отырған басшыларының іс-әрекеттеріне көзің тоймайды! Өз елі азаматтарының қамын ойлағандық деп соларды айтуға болар еді. Дәлел дейсіз бе? Дәлел жетеді.
Арғысын айтпағанның өзінде, қазақ жеріндегі Байқоңырды алып көрелік. Мұндағы Ресейге қарайтын мектеп мұғалімдерінің орташа жалақысы - 80-85 мың теңге, ал Қазақстанға қарайтын мектеп мұғалімдерінің алатыны - 35-40 мың теңге. Айырмасы екі еседен артық. Байқоңырда тұратын қазақтардың біршамасы Ресей азаматтығын алатын көрінеді. Оның пайдасы шаш етектен. Мәселенки, 10 жыл бойы Байқоңырдағы Ресейге қарасты мекемеде қызмет істеген азаматқа Ресейдің кез келген қаласынан тегін пәтер беріледі. Әрбір баласына берілетін жәрдемақының көлемі де едәуір жоғары. Ал әр отбасындағы үшінші балаға Ресей үкіметі арнайы есепшот ашып, 300 мың рубль аударып қояды. Біздің теңгемен 1, 5 млн немесе 10 мың доллар ақша. Оны әлгі бала 18 жасқа толғанда алып, өз қажетіне жарата алады.
Бізде қазақ еліне, болашақ ұрпаққа деген осындай қамқорлық неге жоқ? Үшінші емес, оныншы бала тусаң да, 30-40 мың теңгемен алдарқатып, көпбалалы ананың төсіне құны жоқ темір тағып жібереді.
Сонда деймін-ау, біз немізге жетісіп мақтанамыз, осы? Бұл өзі ата-бабаларымызда болмаған қандай «қасиет»? Біздікі, осы, не талтаң?..
«Общественная позиция»
(проект «DAT» № 12 (95) 06 наурыз 2011 жыл