Қазақстандағы Монархиялық Капитал жүйесінің эволюциясы (жалғасы)
5. 5-ші кезең. Қазіргі уақыттан бастап 2012 жылға дейін
Енді Қазақстандағы доллардың жалғыз көзі, шикізаттан түсетін табыс болып қалды. Олай болса Қазақстандағы мұнай сатудан келген ақшаны барлық Қазақстанға бөлетін адам іс жүзінде елді түгелдей өзі қамтамасыз етеді деген сөз. Мысалмен түсіндірейік. Біз тұтынатын өнімнің 85 пайызы - киім, электроника, автокөлік, құрал-жабдықтар, жиһаз, құрылыс материалдары және т.б. Қазақстанда өндірілмейді.
Олар біздің елге қалай келген? Біз бұлардың барлығын долларға сатып алдық. Ал осыншама долларды біз қайдан алдық? Біз бұл долларды мұнай сатудан алып отырдық. Міне, осы мұнайдан түсетін табысты бақылап отырған адам әр дәйім Қазақстанға осы тауарларды сырттан әкелуге қанша доллар жұмсауға дайын екенін шешеді. Осылайша, біз дүкеннен теледидар сатып алғанда, сатушыға теңгемен береміз, ол өз кезегімен сол теңгені теледидарды шет елден алып келген импортшы компаниясына жібереді. Бұдан әрі импортшы компания Ұлттық банкке барып, теңгені долларға айырбастайды да, өз еліне доллармен жібереді. Ұлттық Банкке сол айырбастаған долларлар мұнай сатқаннан келіп түседі. Осылайша, біз өз шикізатымызды теледидарға айырбастаймыз. Ұлттық банкке шикізаттан түсетін долларды қандай мөлшерде бөлетінін Монархиялық капитал шешеді. Сол мөлшерге тәуелді бола отырып, біз көп теледидар немесе нөль теледидар сатып ала аламыз.
5. 5-ші кезең. Қазіргі уақыттан бастап 2012 жылға дейін
Енді Қазақстандағы доллардың жалғыз көзі, шикізаттан түсетін табыс болып қалды. Олай болса Қазақстандағы мұнай сатудан келген ақшаны барлық Қазақстанға бөлетін адам іс жүзінде елді түгелдей өзі қамтамасыз етеді деген сөз. Мысалмен түсіндірейік. Біз тұтынатын өнімнің 85 пайызы - киім, электроника, автокөлік, құрал-жабдықтар, жиһаз, құрылыс материалдары және т.б. Қазақстанда өндірілмейді.
Олар біздің елге қалай келген? Біз бұлардың барлығын долларға сатып алдық. Ал осыншама долларды біз қайдан алдық? Біз бұл долларды мұнай сатудан алып отырдық. Міне, осы мұнайдан түсетін табысты бақылап отырған адам әр дәйім Қазақстанға осы тауарларды сырттан әкелуге қанша доллар жұмсауға дайын екенін шешеді. Осылайша, біз дүкеннен теледидар сатып алғанда, сатушыға теңгемен береміз, ол өз кезегімен сол теңгені теледидарды шет елден алып келген импортшы компаниясына жібереді. Бұдан әрі импортшы компания Ұлттық банкке барып, теңгені долларға айырбастайды да, өз еліне доллармен жібереді. Ұлттық Банкке сол айырбастаған долларлар мұнай сатқаннан келіп түседі. Осылайша, біз өз шикізатымызды теледидарға айырбастаймыз. Ұлттық банкке шикізаттан түсетін долларды қандай мөлшерде бөлетінін Монархиялық капитал шешеді. Сол мөлшерге тәуелді бола отырып, біз көп теледидар немесе нөль теледидар сатып ала аламыз.
Біз осы мәселені түсінгеннен кейін ғана, біздің елдегі болып жатқан үдерістер айқын және болжамалы бола бастайды.
1. Парақорлықпен болып жатқан күрес түсінікті болып тұр
Бұрын бай шенеуліктер капиталистердің ақшаларынның бір бөлігін өз қалтасына сүңгітіп отырды. Бірақ сол ақшаның көбі шет елдегі банктерден келген ақша екенін біз түсінуіміз керек. 2007- ші жылдан бастап, банктерде ақша қалмады. Монархиялық Капитал иелігіндегі мұнайдан түсетін табыстар ғана қалды. Сәйкесінше, енді бюджетті тонаушылар Монархиялық Капиталдың қалтасынан ақша алып отыр деген сөз. Сөйтіп өзге таптардың күн көріс қаржаты азая бастайды, бұл дегеніңіз, Монархиялық Капиталды ұлт қолдау базасының және елдің тұрақтылығының азаюына әкеліп әлеуметтік жарылысқа алып келеді деген сөз. Сондықтан қазіргі кездегі жемқорлықпен болып жатқан күрес компаниясы, шынайы құбылыс деп қарау керек.
2. Импорттық тауарларға көтерілген баж салықтары орынды болып тұр
Кедендік саясаттағы өзгерістер, импорттық тауарларға бағаны өсіріп, долларға деген сұранысты азайтады. Бұл долларларды Монархиялық капитал өз қалтасынан шығарып отырғанын ұмытпауымыз керек.
3. Монополисттердің бағаны көтеруі ұғымды болып тұр
Әртүрлі коммуналдық тарифтердің төлемі өскен сайын экономикадағы теңге массасы азаяды. Соған сәйкес, халықтың қолындағы теңгесі азайып, импорттық тауарларды сатып алатын теңге болмағандықтан, доллардың сұранысы да төмендейді.
Келесі келтірілген кесте, 2007 жылдан бастап банктер экономикаға ақша құюды тоқтатқанын көрсетеді. Енді мұнайдан келген ақша жалғыс табыс көзі болып қалды. Ал банктер тек қана мұнайдан келген ақшаны жұмсап өз несиелерін жамап отырды.
Жылы |
2007 |
2008 |
2009 |
2010 |
Мұнайдың экспорты |
$32,733,462,800 |
$41,681,291,800 |
$31,819,561,200 |
$38,653,500,000 |
шетелдіктердін алатын дивидендтері |
$11,245,000,000 |
$17,192,000,000 |
$10,224,000,000 |
$13,388,000,000
|
мұнайдың толық өзіндік құны салықты қосқанда |
$11,296,750,000 |
$11,609,190,000 |
$13,915,260,000 |
$13,915,260,000
|
Ұлттық қорға бөлінген ақша |
$6,826,000,000 |
$6,408,000,000 |
$(3,345,000,000) |
$5,000,000,000
|
Қазақстан экономикасына ене алатын мұнайдан алынған еркін ақша |
$3,365,712,800 |
$6,472,101,800 |
$11,025,301,200 |
$6,350,240,000
|
мұнайдан алынған еркін ақша + мұнайдан келген салық |
$7,545,510,300 |
$10,767,502,100 |
$16,173,947,400 |
$11,498,886,200
|
Банктермен құйылған ақша |
-$6,725,000,000 |
-$9,133,000,000 |
-$3,969,000,000 |
-$7,939,000,000 |
Ал шағын және орта кәсіпкерлікке Монархиялық капиталдың қам істеушілігі осылайша түсіндіріледі:
1. Шағын және орта бизнес капиталының көлемі Монархиялық капиталға қарағанда әлде қайда аз, сондықтан олар оның билігіне қауіпті емес.
2. Егер шағын және орта бизнес капиталын өндіріске бағыттасақ, онда импорттық тауарларды жергілікті тауарлармен ауыстыру арқылы Монархиялық Капиталдың табысынан бөлетін долларға деген сұранысты азайтуға болады.
Дәл осыдан Монархиялық капитал кәсіпкерлікке кедергі келтіретін бай-шенеуніктердің «қолынан ұрып» отырып, кәсіпкерлікке бағытталған әкімшілік кедергілерді қысқартып, жазалаудағы ізгілендіру енгізеді.
Монархиялық Капитал орта және шағын капиталистерге ақырындап арқа сүйеу арқылы, бай-шенеуніктерден бас тарта бастады. Бірақ, Монархиялық Капитал орта және шағын капиталистерге толығымен арқа сүйемейді. Монархиялық капитал қолдаудың бір бөлігін өз билігін ақшаға айналдырған бай-шенеуніктерден алады. Ал бұл ақшаларды бай-шенеуніктер әртүрлі кәсіпорындарға айналдырғаны анық. Біріншіден, осы бай-шенеуніктердің кәсіпорындары өзге бай-шенеуніктердің аз да болса қыспағында болады. Екіншіден, олар зейнеткерлікке кеткенде, орындарына келетін жас және аш бай-шенеуліктер сол әкімшіліктің аталған кедергілерін қолданып, олардың иелігіндегі барлық мүлікті тартып алуы мүмкін екендігін біледі. Сондықтан бай-шенеуніктер енді өздерінің орнын басатын шенеуніктерден қауіптеніп, жеке меншіктегі бетсіз құқықтың бұзушылығына жол бермейді.
Қазақстандағы дәл осы кездегі негізгі таптардың жағдайы
1. Монархиялық Капитал
2010 жылға таман Монархиялық Капитал ақшаны шоғырландыратын секторлардың барлығын басып тастап, өз қарамағына қаратып алды. Бұл Қазақстандағы Монархиялық Капиталдың дамуының ең жоғарғы шегі болмақ. Оның болашақтағы одан әрі жоғарылауы біздің табиғи байлықтарымызды иеленетін ірі трансұлттық компаниялардың аумағына жетелейді.
Келесі кестені карап көрейік, «Біздегі мұнайдың иесі кім?». Осы кестеде 2008 жылғы мағлұматтар берілген. Бұл кестеде кен орындарынын атауы, олардың қоры, күніне өндіретін мұнай көлемі, мүлік иесімен оның акцияларының пайыз көлемі көрсетілген.
Кен орны |
Қоры млрд. баррель |
Күніне өндіретін баррель көлемі |
Мүлік иесі |
% |
Абай |
2,8 |
|
ҚазМұнайГаз Stat Oil |
|
Ақтобе Мұнай Газ |
1,17 |
116 600 |
CNPC |
88 |
Дархан |
11 |
|
CNPC ҚазМұнайГаз |
|
Егізқара |
0,2 |
|
LG |
|
Эмба |
0,5 |
56 000 |
ҚазМұнайГаз MOL |
51 49 |
Исатай |
1,75 |
|
- |
|
Қарашығанақ |
2,3 |
252 000 |
Agip BG Chevron Lukoil |
33 33 20 15 |
Қарақұдық |
0,063 |
24 000 |
Lukoil |
100 |
Қаражанбас |
0,4 |
44 000 |
CNPC |
100 |
Қашаған |
9 |
|
Agip ҚазМұнайГаз Inpex Conoco Philips |
17 17 8,28 8,28 |
Қазжермұнай |
0,1 |
37 300 |
ҚазМұнайГаз Petro Kazakhstan |
50 25 |
Хвалинское |
0,4 |
|
ҚазМұнайГаз Lukoil |
|
Солтүстік Құмкөл |
0,1 |
71 000 |
Petro Kazakhstan Lukoil |
50 |
Оңтүстік Құмкөл |
0,116 |
74 000 |
Petro Kazakhstan |
100 |
Құрманғазы |
2,2 |
|
ҚазМұнайГаз Россия |
50 50 |
Маңғыстау Мұнай Газ |
0,5 |
112 000 |
CNPC ҚазМұнайГаз |
51 49 |
Солтүстік Бузачи |
1 |
33 000 |
Lukoil CNPC |
50 50 |
Нұрсұлтан |
4,65 |
|
ҚазМұнайГаз Conoco Philips Shell |
|
Сәтпаев |
1,85 |
|
ҚазМұнайГаз ONGC |
|
Тенгиз |
9 |
350 000 |
Chevron Exxon MoBIL ҚазМұнайГаз Luk Arco |
50 25 20 5 |
Орталық |
3,8 |
|
ҚазМұнайГаз Газпром Lukoil |
50 25 25 |
Тюб-Қараған |
7 |
|
Lukoil ҚазМұнайГаз |
50 50 |
Өзен |
0,147 |
132 000 |
ҚазМұнайГаз |
100 |
Жамбыл |
1,26 |
|
ҚазМұнайГаз Корея |
75 25 |
Жаңа жол |
|
|
|
|
Жемчужная |
0,733 |
|
Shell ҚазМұнайГаз Оман |
5 25 20 |
Осылайша, кестеде көрсетілген ірі кен орындардың өндіретін мұнай көлемі 1 302 000 баррель/тәулігіне дейін жетеді. Егер Қазақстанның тәулігіне өндіретін көлемі 2008 жылы 1 429 000 баррель болса, онда осы аталған ірі кен орындардағы өндірілетін мұнай, бүкіл Қазақстандағы өндірілетін мұнайдың 91% құрайды. Қалғаны ұсақ кен орындарға бөлінеді.
Сонымен қатар қытай компаниялары қазақ мұнайын өндіруде 20%-ға ие. Сәйкесінше, АҚШ пен Еуропа қазақ мұнайын өндіруде 22% және 14% ие. Орыс компаниялары қазақ мұнайын өндіруде 10%-ға жуық көлеміне ие. Қазақстан өз мұнайын өндіруде тек қана 17% дан 25%-ға дейін ие.
Монархиялық Капиталдың трансұлттық компаниялармен күресуге шамасы келмейді. Себебі олармен күресу үшін оған ірі әлемдік ойыншылардың қолдауы қажет. Біздің еліміздің Ресеймен кедендік одаққа кіру себебі ол АҚШ пен Қытайдан жабылу әрекеті, ал біздің табиғи байлығымызды біртіндеп Қытайға беру рұқсаты ол АҚШ-пен Ресейден жабылу талпынысы болып отыр. Бірақ мұндай саясат неге әкеліп соғатынын біз тарихтан көре аламыз, бұл саясат Абылай ханның саясатына ұқсас. Егер тарихтан сабақ алмасақ, тағы бір рет қателесуіміз ғажап емес.
2. Бай-шенеуніктер. Бай-шенеуніктердің табыс көзі азаюда. Енді оларға бюджетті еркін тонауға және кәсіпкерлердің ақшасын сыпырып алуда жол жоқ. Бұрында олар Қазақстан менің меншімгімде деп ойласа, енді Монархиялық капитал оларға Қазақстан олардың меншігінде емес екенін, бұл ел Монархиялық капиталдың меншігі екенін түсіндіріп отыр.
3. Капиталистер
Табыстың түсімі азайды, тіпті тоқтап қалды. Капиталистер, байларға қарсы күресінде Монархиялық Капиталдың қолдауын сезді және оған өз ризашылығын білдіруде.
«Дана жол ынталы тобы»
«Абай-ақпарат»