Сейсенбі, 24 Желтоқсан 2024
2746 8 пікір 23 Қазан, 2018 сағат 12:33

Сауд Арабиясы журналист Хашоггиді өлтіру "үлкен қателік" болғанын мойындады

Эр-Рияд журналист өліміне қатысты көңіл айтты, бірақ оны қалай өлтіргенін және марқұмның денесі қайда екені туралы ештеңе хабарламады.

Сауд Арабиясы Жамал Хашоггидің Стамбул консулдығында өлтірілуін "үлкен қателік" деп атап, кінәлілерді жазалауға уәде берді.

Сыртқы істер министрі Адель әл-Жубейрдің жексенбі күні Fox News телеарнасына мәлімдеуінше, сауд агенттері "құзыреттерін асыра пайдаланған". Минстр болған оқиғаны "санкцияланбаған операция" деп атады.

Сауд дипломатиясының басшысы Хашогги отбасына көңіл айтты, бірақ журналистің қалай өлтірілгенін және оның денесі қайда екенін хабарламады. Бұл оқиғаға елді басқарып отырған тақ мүрагері Мохаммад бин Салманның қатысы бар-жоғы төңірегінде министр ештеңе айтпады.

"Үлкен қателік кеткені анық, оны жасыру арқылы жағдайды одан сайын қиындатқан", - деді әл-Жубейр.

Сауд билігінің сенбі күні мәлімдеуінше, 59 жастағы Хашогги 2 қазанда соңы төбелеске ұласқан жанжал салдарынан қаза тапқан. Эр-Риядтың бұл мәлімдемесі халықаралық қауымдастықтың наразылығын туғызды. "Алдап соққаны анық", - деп мәлімдеді сенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп.

Сауд Арабиясының мәлімдеуінше, Хашоггидің өліміне қатысты негізгі бес шенеунік қызметтен алынып, тағы 18 адам қамалған.

The New York Times газетінің хабарлауынша, Сауд Арабиясы Twitter'дегі интернет-тролльдерді Хашогги мен басқа да сыншыларды қудалау үшін пайдаланған. Басылым мәліметі бойынша, сауд агенттері сыншыларды әлеуметтік желілерде қудалау науқанын 2010 жылы бастаған. Газет мұндай стратегияны Сауд тақ мұрагері әл-Кахтани жасаған деп жазды.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1991