Сейсенбі, 24 Желтоқсан 2024
3879 10 пікір 25 Қазан, 2018 сағат 06:56

Қоғам белсендісі бірыңғай аграрлық салықты бекітуді ұсынды

«Қазмедиа Орталығында» Ауыл шаруашылығы министрлігінің бастамасымен агроөнеркәсіп кешені форумының алғашқы күні өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Форум аясында ауылдағы үкіметтік емес ұйымдарды (ҮЕҰ) дамыту мәселелері бойынша «Азаматтық қоғам және мемлекет: серіктестік, диалог және жауапкершілік» атты республикалық конференция ұйымдастырылды.

Сондай-ақ шара аясында ауылдық ҮЕҰ Коалицияның құрылтай конференциясы мен тұқым өсіру шаруашылығын дамыту бойынша диалог алаңы өткізілді.

Аталғандармен қоса агроөнеркәсіп кешенінің салалық, аймақтық және инфрақұрылымдық бағдарламалары, аграрлық ғылым мен бизнесті біріктіру бойынша бірқатар сессиялар ұйымдастырылды.

Жерді тиімді пайдалану бойынша сессияда модератор ретінде М.Тайжан сөз сөйледі.

Қоғам белсенділерінің бастамашыл тобының атынан сөз сөйлеген ол тек Қазақстан тұрғындары үшін жекеменшік мүлік институтының орнына жалға алу институтын енгізуді, бірыңғай аграрлық салықты орнатып, жерді жерсерік арқылы бақылауды заңдастыруды ұсынды. Жиналғандар оны толық қолдады.

Шараны қорытындылай келе, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Б.Бисенғалиев ҚР Жер кодексіне енгізіліп отырған түзетулер қоғам белсенділерінің қатысуымен және жазылған шараларды кезең-кезеңмен іске асыру арқылы өтетінін айтты.

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1992