Сейсенбі, 24 Желтоқсан 2024
2921 0 пікір 25 Қазан, 2018 сағат 10:50

Лондонда Елбасы кітабының тұсаукесері өтті

22 қазанда Лондон қаласындағы «Азия үйі» штаб-пәтерінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ағылшын тіліндегі «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды Абай-ақпарат turkystan.kz-ге сілтеме жасап.

Іс-шараны ҚР Тұңғыш Президенті қоры және Қазақстан Республикасының Ұлыбритания Біріккен Корольдігіндегі және Солтүстік Ирландиядағы Елшілігі ұйымдастырды.

Елбасы кітабының тұсаукесері биыл көктемде қордың бастамасымен Ресей Федерациясында - Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларында өтті. Сонымен қатар, кітап Минск, Бішкек, Тбилиси және Баку оқырмандарының назарына ұсылынған болатын.

Тарихи кітаптың тұсаукесер рәсімін Лондонда ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов өткізді. Іс-шараға Парламентарилердің қарусыздану мен ядролық қаруды таратпау қозғалысының тең төрағасы, баронесса Сьюзан Миллер, Қазақстан-Британ қоғамының төрағасы Руперт Гудман, Ұлыбритания Парламентінің депутаттары, қоғамдық қайраткерлер, дипломатиялық корпустың өкілдері және басқалары қатысты.

«Қазақстан Президентінің осы шығармашылық еңбегі әрбір қазақстандық үшін өте жақын, өйткені еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы жылдарын көрсетеді. Кітапта елімізде болған күрделі үрдіске, бетбұрысты сәттерге терең талдау жасалған. Сонымен қатар, онда еліміздің алдында тұрған жаңа міндеттер айқындалған. Осының барлығы кітапты нағыз тарихи құжат ретінде көрсетеді. Оның құндылығы осында», - деді қордың атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов.

Оның айтуынша «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы жастар үшін ерекше пайдалы. «Егемендік жылдары қазақстандықтардың еркін, белсенді, ашық жаңа буыны келді. Болашақтың іргетасын қалау үшін оның қайнар көзін, өзінің тарихын білу керек. Елдің биіктікке қалай қол жеткізгенін, қандай сын-тегеуріндерді еңсергенін түсінуі өте маңызды болып табылады», - Игорь Рогов.

Қор Елбасы кітабының тұсаукесерін шетелде ұйымдастыруды жалғастырады, кездесулер Берлинде, Парижде, сондай-ақ Бразилиада өтеді.

Баронесса Сьюзен Миллер Қазақстанның ядролық қарусыз әлем қалыптастырудағы нақты қадамдарын атап өтті.

«Тәуелсіздіктің қысқа мерзімінде Қазақстан айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Тәуелсіздік жарияланғанға дейін де 1989 жылы Қазақстан әлемде тұңғыш болып сынақ полигонын жабу үшін ядролық сынақтарға қарсы халықаралық қозғалысқа жол ашты», - деді Сьюзен Миллер.

Кездесу барысында танымал британдық режиссер Андре Сингердің Семей ядролық полигонындағы сынақтардың салдары және ядролық қарусыз әлем қозғалысы туралы «Жел тұрғанда» атты деректі фильмі көрсетілді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1992