Сейсенбі, 24 Желтоқсан 2024
3068 0 пікір 26 Қазан, 2018 сағат 10:03

Қырғыз депутаты халық санын 10 миллион адамға жеткізуге шақырды

Жогорку Кенеш отырысында "Онугуу-Прогресс" фракциясының жетекшісі Бакыт Торобаев урбанизация мәселесін көтерді.

"Қала мәртебелерін көтеріп, халық санын өсіру керек", - деді депутат. Оның пікірінше, Кара-Балта және Жалал-Абад секілді қалаларда кем дегенде 300 мың адам тұруы тиіс. Халық санын көтеру үшін ол мұндай қалаларда қазіргі заманға сай спорт кешендерін, театрлар, университеттер, сауда орталықтарын салуды ұсынды.

Торобаев ел экономикасын дамыту үшін халық санын 10 миллион адамға жеткізу керек деп есептейді. Депутат жаңа туған нәрестелерге депозит ашуды ұсынды. "Олар 18 жасқа толғанда, ипотека алуға, оқу ақысын төлеуге, кәсіп ашуға мүмкіндіктері болады", - деді ол.

2017 жылғы ресми мәлімет бойынша, Қырғызстанда халық саны -шамамен 6,2 миллион адам.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1992