Сейсенбі, 24 Желтоқсан 2024
2954 0 пікір 26 Қазан, 2018 сағат 10:22

Алматыда жолаушылар көлігін жаңарту одан әрі жалғасуда

Көлік реформасын жүзеге асыру аясында қаланың жолаушылар көлігін жаңарту одан әрі жалғасуда. Жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек қалаға келген жаңа автобустарды көрді.

Сыйымдылығы үлкен жаңа автобустар №48 бағыт бойынша жүреді, сонымен қатар № 12, 19, 56, 70, 77, 123, 124, 137 бағыттар күшейтіледі.

Ертеңнен бастап № 36, 51, 125 бағыттағы ескі газельдердің орнына жаңа автобустар қызмет көрсете бастайды, бұлар қозғалысы шектеулі жандар үшін қолайлы әрі тар көшелермен жүре алады. № 40, 46,122 бағыттар да кұшейтіледі.

Бұлардан өзге, № 59, 69, 71 бағыттарды жылжымалы состав толық жаңарады. № 8, 44, 74 бағыттар бойынша қосымша автобустар шығады.

№205 бағыт бойынша жаңа магистральды қозғалыс ашылады, ол Райымбек даңғылы бойымен «Барлық» базарынан қаланың бастыс жағын және «Жетісу» базарының шығыс жағын қамтиды. Бұл бағыт бойынша жолаушыларға жаңа 20 автобус қызмет көрсетеді.

Алматы агломерациясы бойынша жолаушыларды тасымалдау сапасын арттыру үшін Қаскелең қаласына қатынайтын ұзындығы 12 метрлі автобустар жүретін жаңа бағыт ашу жоспарлануда.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек қазіргі кезде көлік саласында ашық нарықтық механизмдердің жұмыс істей бастағанын атап өтті. Жылжымалы составты жаңарту, арнайы жолақтар ашу арқасында жолаушылар ағыны артуда.

«Ескі әрі түтін шығаратын автобустар қалада жүруі тиіс емес. Егер көрсетілген қолдауға қарамастан жеке тасымалдаушы жылжымалы составты жаңаламаса, онда олармен келісім бұзылады. Жаңа технологияларды енгізіп, болашақта бір көліктен екіншісіне тегін ауысуды қарастырған жөн. Жолаушылардың көлік жұмысына қанағаттануы – тасымалдаудың басты критерийі. Жеке көлікті қазіргі деңгейде ұстап тұру үшін лайықты балама ұсыну қажет», - деп атап өтті мегаполис басшысы.

Айта кетерлігі, қалаға жаңадан келген төмен еденді ЛиАЗ маркалы автобустар кондиционерлермен, видеобақылау камераларымен жабдықталған және экологиялық сыныптағы Евро-5 стандартына сай. Жылжымалы составтың дайындығына орай бағыттарға шығумен кезеңмен атқарылады.

Алматыда жыл аяғына дейін жаңа қоғамдық көліктің үлесі 87%-ға дейін жететін болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1992