Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2177 0 пікір 12 Сәуір, 2011 сағат 02:43

Минскіде лаңкестік әрекет болды

МИНСК.   12 сәуір.  ҚазАқпарат  /Айтуар Мамлин/ -  Кеше, 11 сәуір күні   жергілікті уақыт бойынша  17.55-те Минскідегі «Октябрьская»    метрополитен стансасында     жарылыс болды.

Бомба   адамдар  көп   жүретін    кезде   және   Минск  метрополитеніндегі  жолаушылар ауысып  отыратын   жалғыз    бекетте  - «Октябрьская» және  «Купаловская»  стансаларында  екі  пойыз тұрған  кезде     жарылған.

Куәгерлердің айтуынша,  платформада  алдымен   қатты тарс еткен    дыбыс естілген,  одан кейін   қара түтін   шыққан,  оқиға орнына  дереу  өрт сөндірушілер,  30 шақты   жедел жәрдем көлігі, милиция  қызмткерлері жеткен.

Жергілікті  уақыт  21.35-тегі жағдай  бойынша,   жарылыс салдарынан  11 адам қаза болған,  100-ден  астам адам жараланған.   35 зардап шегушіге    оқиға орнында  медициналық көмек көрсетілсе,   50-ден астам адам Минск ауруханаларына,   негізінен  2-ші және 3-ші клиникалық ауруханаларға   жеткізілген.   Ауыр   жарақат алғандар да бар.

Оқиғаға байланысты  Беларусь Президенті Александр Лукашенко  шұғыл  кеңес өткізді.   Ол   көліктегі    қауіпсіздік  шараларын күшейту,     Минскіде  көлік қозғалысының     үздіксіз  қозғалысын қамтамасыз  ету,    зардап шеккендер мен   олардың туыстарына  қажетті  барлық медициналық  көмектерді көрсету  туралы тапсырма берді.   Содан кейін     А.Лукашенко    оқиға орнына   барып,        жағдайды  өз көзімен  көрді және    гүл шоқтарын  қойды.

Құқық қорғау  органдары  бұл оқиғаны лаңкестік әрекет  ретінде   қарастырып  отыр.    Осыған   орай   Беларусь Республикасының  Бас прокуратурасы        қылмыстық іс қозғады.

Алдын ала мәліметтер  бойынша,      зардап шеккендердің арасында Қазақстан   азааттары  жоқ.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5636