Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
46 - сөз 7211 8 пікір 31 Қазан, 2018 сағат 13:06

«Оппозиция»дегенді «дұшпан» деп түсінетін ағайындардың назарына!

Сонымен, ОППОЗИЦИЯ деген не немесе кім?
Қазақша Уикипедия оны көпшіліктің пікіріне қарсы шығушылар деп көрсетіпті. Соны жазған адамның да бір көздегені бар шығар. Қалай болғанда да, ниеті түзу болмағаны анық. Коммунистік партияның «Демократиялық централизм» рухында тәрбиеленген адам үшін көпшіліктің пікіріне қарсы шыққан адам бірден дұшпанға айналады. Кеңес заманында ондайлар түрмеге қамалды немесе жындыханаға жатқызылды...

Енді, ОППОЗИЦИЯ дегенді қазақтың жалпақ тілімен, қазақы ұғымға барынша жақындатып түсіндіруге тырысып көрелік...
Мәселен, сіз Отағасы немесе Отанасы ретінде үй салуды жоспарладыңыз делік!
Үйдегі үйелмендеріңіздің барлығы өрелері жеткенінше өз пікірлері мен көзқарастарын айтып жатыр. Бәрінің көздегені бір мақсат – ол болашақ үйдің іргетасы берік, сырты көркі көз тартарлық әсем, іші жанға жайлы болуы!
Әйеліңіздің (еріңіздің) немесе кейбір ұл-қыздарыңыздың пікірі сіздің, яғни Отағасының пікірімен үйлеспеуі мүмкін! Арасында тіпті ақылға сыймайтын пікір де айтылып қалуы мүмкін...

Міне, соны ОППОЗИЦИЯ дейді.
Сонда ол отағасына (отанасына) жау ма?
Соттаймыз ба?
Ар жағын өзіңіз ойлана беріңіз...

Өмір Шыныбекұлының facebook парақшасынан

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036