Сенбі, 23 Қараша 2024
Бәрекелді! 5925 34 пікір 2 Қараша, 2018 сағат 13:15

Латын әліпбиінде жарық көретін «Til-Qazyna» газетінің тұсауы кесілді

Ұлттық академиялық кітапханада латын әрпімен жарық көретін «Til-Qazyna» республикалық ақпараттық-танымдық газетінің тұсаукесері өтті, - деп хабарлайды Абай-ақпарат "Егемен Қазақстан" басылымына сілтеме жасап.

Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың 19 ақпандағы №637 Жарлығында бекітілген латыннегізді қазақ әліпбиін нәсихаттайтын және жаңа әліпбиге қатысты ақпаратпен, танымдық материалдармен бөлісетін жаңа әліпбиде жарық көріп отырған тұңғыш басылым – «Til-Qazyna» республикалық ақпараттық-танымдық газеті айына екі рет шығады.

Шараға Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы арнайы қатысып, газет ұжымын және оның шығуына ұйытқы болып отырған Тіл саясаты комитеті мен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Til-Qazyna» ұлттық ғылыми-практикалық орталығына алғысын айтып, құттықтады. Сонымен қатар газеттің алдағы уақыттағы бағыты талқыланып, бүгінгі қоғамның күн тәртібінде тұрған емле мәселелері жайында ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Газет таныстырылымы барысында өткен ғасырда латын әліпбиінде жарық көрген қазақ басылымдарының тарихына шолу жасалып, латын графикасындағы қазақ тілі әліпбиіне көшу кезеңдерінде жүргізіліп жатқан жұмыстар барысы пысықталды.

Шараға Парламент Мәжілісінің депутаттары, Мырзатай Жолдасбеков, Төлен Əбдік бастаған қаламгер, зиялы қауым өкілдері, министрлік қызметкерлері, тілтанушы ғалымдар және БАҚ өкілдері қатысты.

Жазушы Сұлтан Оразалин «Егемен Қазақстан» газетінде күнделікті латын әліпбиімен шығатын бағанды оқып, жаттығып қалғанын да тілге тиек етті. Ендеше «Til-Qazyna» газетін де қалың оқырман жатырқамай қабылдайды деп сенеміз.

Ұларбек Нұрғалымұлы 

Abai.kz

34 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354