Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2024
3294 1 пікір 6 Қараша, 2018 сағат 10:12

Қазақстанда бірегей инновациялық жүйе дамитын болады

Бұл туралы бүгін Digital Bridge халықаралық инновациялық форумы алаңында Astana Hub бас атқарушы директоры Джозеф Циглер мәлімдеді.

Джозеф Циглер бірнеше бағдарламалық шешімдерді дайындаушы, DoubleClick Dart әзірлеуге қатысқан. Ол Қазақстанда Astana Hub аясында стартап-жобалар саласында академиялық жұмысты дамытуға ниет білдіруде.

«Мен мұнда Қазақстан экожүйесін құруға көмектесу үшін келдім. Біз осында экожүйені құруға жәрдемдесетін, тәжірибесі бар талантты шетелдік мамандарды тартудан бастаймыз. Біз көп нәрсе істеуіміз керек: венчурлық капитал жүйесін құрып, технологияларды дамытып, пайдалы әрі қызықты мансапқа жету үшін жастарды тарту керек. Іс жүзінде, біз бүкіл экономиканы ілгері жылжытып, оны идеялар мен кәсіпкерлерге негізделетін етіп жасауды қалаймыз. Бұл жерде мен осымен айналысамын және жұмысымды үлкен ықыласпен орындаймын», — деді Джозеф Циглер.

Сарапшы Қазақстанда инновацияларды дамыту бойынша өз көзқарасымен бөлісті.

«Адамдар Кремний алқабын қайталағысы келеді. Дегенмен, біз оны көшірмейміз. Қазақстанда бар артықшылықтар негізінде өзіміздің дербес нұсқамызды құруды көздейміз. Кремний алқабы өте ертеде дамыды, қорғау жүйелерінен бұл мүлдем басқа жүйе. Біз осында өзімізде бар артықшылықтарды пайдалана отырып, бірегей, қазақстандық инновациялық жүйені дамытамыз. Мәселен, бізде қор биржасы, жас білімді ұрпақ, ресурстар саласында көптеген инновациялар бар, сондықтан да бұл Қазақстанның кремний алқабы болады», — деп нақтылады Джозеф Циглер.

Сондай-ақ, ол халықаралық ауқымда осыған ұқсас форумдарды өткізудің қажеттігін атап өтті.

«Бұл форум екі мәселені шешеді. Біріншісі, ол бір-бірімен және аудиториямен пікір алмасатын сарапшыларды тартады. Екіншісі, мен үшін бұл – алдағы уақытта бірге жұмыс істеуге болатын адамдармен байланыс орнату. Мысалы, біз Startup Genome Ranking өкілдерімен байланыс орнаттық. Олар бізге қазақстандық экожүйені жетілдіруге және сол арқылы олардың рейтингіндегі біздің позициямызды көтеруге көмектеседі, түрлі экожүйелер рейтингтерін құрастырады. Сондай-ақ, біз салық мектептерімен және басқа да компаниялармен сөйлестік, нарықтарды кеңейту бойынша форум өткізе аламыз. Сондықтан да мен осындай мүмкіндіктердің болғанына өте қуаныштымын», — деп түйіндеді Джозеф Циглер.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2018