Мемлекеттік департаменттің ресми өкілі Хизер Нойеттің мәлімдеуінше, Ресейге қарсы жаңа санкциялар АҚШ-тың химиялық қаруды бақылау туралы заңына сай келеді.
Ресейге қарсы шектеулердің алғашқы пакеті биыл тамыз айының соңында енген. Бұл - Британияда ГРУ-дің бұрынғы полковнигі Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлияның улануына байланысты реакциясы болатын.
Осыған орай АҚШ Конгресі Ресейден түсініктеме сұрап, бұдан әрі қайталанбайтынына кепілдік беруге үш ай уақыт берген.
АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Дэвид Теслердың Би-би-сиге берген сұқбатында әзірге ешбір қосымша шектеулер енгізілмегенін, бірақ келісі қадамдарға дайындық басталғанын нақтылай түскен. Оның қандай қадамдар екенін Мемлекеттік департамент кейінірек хабарлайтынын айтқан.
Алайда, санкцияның екінші пакетінде шектеулер қатая түсетіні қазірдің өзінде ішінара белгілі болды.Соның бірі - АҚШ банктеріне Ресей үкіметіне азық-түлік сатып алудан басқа жағдайда кредит беруге тыйым салу. Сонымен қатар, АҚШ пен Ресей үкіметі арасында дипломатиялық қатынасты тоқтату, Ресей үкіметінің бақылауындағы «Аэрофлот» секілді компаниялар жүзеге асыратын әуе тасымалына тыйым салу мәселесі де қарастырылған.
Abai.kz