Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 3531 1 пікір 14 Қараша, 2018 сағат 14:20

Елбасы АХҚО-ның биржасындағы алғашқы сауда-саттықты бастау рәсіміне қатысты

Қазақстан Президенті «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасындағы алғашқы сауда-саттықты бастау рәсіміне қатысты.

Мемлекет басшысы іс-шарада сөйлеген сөзінде «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасындағы алғашқы сауда-саттықты бастау рәсімінің ұлттық валютамыз – теңгенің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында өтуінің символдық мәні зор екенін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев төл теңгемізді енгізу өз қаржы жүйемізді қалыптастырып, мемлекетіміздің экономикалық дербестігін қамтамасыз етуге мүмкіндік бергенін атап өтті.

– Содан бері Қазақстан экономикасы едәуір өсіп, халықтың тұрмыс деңгейі де артты. Ауқымды реформалар жүргізіліп жатыр. «Астана» халықаралық қаржы орталығының іске қосылуы – елімізді одан әрі орнықты дамытудың маңызды қадамы, – деді Елбасы.

Қазақстан Президенті рәсімге қатысушыларға әлемдік уран нарығының 20 пайызға жуығын қамтитын «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы бүгін ІРО-ға алғаш рет шығып отырғанын айтты.

– Келешекте біз «Қазақтелеком», «Эйр Астана», «Қазмұнайгаз» және өзге де ұлттық компаниялардың активтерін сатылымға шығаруды жоспарлап отырмыз. «Астана» халықаралық қаржы орталығы елімізге шет елдердің капиталын тартудың құралына айналып, қор нарығын дамудың жаңа деңгейіне шығаруға тиіс. Мұнда әлемнің үздік тәжірибелері жаппай қолданылып, тәжірибелі серіктестер мен сарапшылар тартылған, сондай-ақ оның жұмысына қатысушылар үшін теңдессіз жағдайлар жасалған, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев келешекте «Астана» халықаралық қаржы орталығы өңірдің басты қаржы хабына айналып, Азияның үздік қаржы орталықтарының қатарына қосылуға тиіс екенін атап өтті.

– Қаржы орталығы қазірдің өзінде елордамызға «қаржы астанасы» деген жаңа мәртебе берді. Жаһандық қаржы орталықтарының рейтингінде бас қаламыз тек соңғы жылдың өзінде 27 сатыға көтерілді. Астана тұрғындар мен елорда қонақтары үшін мейлінше қолайлы жағдай жасалатын «ақылды қала» ретінде одан әрі дами береді, – деді Елбасы.

Соңында Қазақстан Президенті мемлекетіміздің барлық бастамалары халқымыздың әл-ауқаты мен еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталғанын айтты.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5534