Жексенбі, 24 Қараша 2024
Билік 4706 16 пікір 15 Қараша, 2018 сағат 14:51

«Нұр Отанның» бастауыш ұйымдары – кадрлық резерв қалыптастырудың негізгі көзі

Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы Бастауыш партия ұйымдарының бірінші республикалық форумында айтылды.

Жиынның пленарлық отырысында Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев форум қатысушыларын арнайы құттықтады. Елбасының құттықтау сөзін партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев оқып берді.

Мемлекет басшысы барша қатысушыларды «Нұр Отан» партиясының 20 жылдық мерейлі белесіне орай өткізіліп отырған форумның ашылуымен құттықтап, бұл айтулы оқиға партияның ең басты ресурсы оның мүшелері, яғни Отанымыздың дамуына, өркендеп, гүлдене түсуіне елеулі үлес қосып келе жатқан қоғамның ең белсенді әрі жауапты өкілдері екенін көрсететініне назар аударған.

Сондай-ақ Елбасының құттықтау сөзінде бүгінде алдымызда Қазақстанды әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 мемлекеттің қатарына қатарына енгізетін жаңа даму моделін қалыптастыру міндеті тұрғаны, бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін партияның өзі де жетіліп, заманауи үрдістер мен талаптарға сай жұмыс істеуге бейімделуі керектігі айтылған.

– Саяси кеңестің биылғы маусым айындағы кеңейтілген отырысында біз партияның жүйелі жаңғыру үдерісін бастадық. Оның басты бағыттарының бірі – бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жандандыру. Бүгінгі басқосу партия қызметіне тың серпін беріп, жұмыс тәсілдерін жетілдіру жолындағы маңызды қадам болады деп сенемін. Тәжірибесі мол жергілікті саяси көшбасшылар жетекшілік етіп отырған бастауыш партия ұйымдары – кадрлық резервті қалыптастырудың негізгі көзі. Олар сондай-ақ азаматтармен және қоғамдық ұйымдармен ықпалдастық орнатудың да маңызды буыны болуға тиіс, – делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.

Сонымен қатар жиында партия Төрағасының Бірінші орынбасары партияның Орталық аппараты мен барлық филиалдарының және бастауыш ұйымдарының алдында тұрған басым бағыттарға тоқталып өтті.

– Біріншіден, Елбасы Жолдауының стратегиялық маңызын ескере отырып, «Нұр Отан» партиясы оның тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін негізгі күшке айналуы тиіс. Осы бағытта қоғамдық бақылау жұмыстарын күшейтіп, оның мәні мен маңызын әр қазақстандыққа жеткізуде белсенді әрекет етуіміз керек. Екіншіден, партияның кадрлық әлеуетін арттыру үшін бастауыш ұйымдардың белсенді мүшелері мен көшбасшыларының біліктілігін молынан пайдалануымыз керек. Партияның кадрлық резервін қалыптастыруда осы мәселені міндетті түрде ескерген жөн. Үшіншіден, бастауыш ұйымдарымыздың халықпен жұмыс тиімділігін одан әрі арттыру қажет. Ол үшін жетекшілердің өздері саяси тәжірибеге бай, идеология, менеджмент, психология сияқты салаларда сауатты болуы тиіс. Төртіншіден, бастауыш партия ұйымдарының материалдық-техникалық базасын күшейту керек. Бесіншіден, партия жұмысында цифрлық технологияларды кеңінен қолданып, «Цифрлы партия» жобасын жүзеге асыруда белсенді әрекет етуге тиіспіз. Алтыншыдан, белсенді азаматтар мен жастарды жұмылдыру арқылы партия жұмысын күшейтудің маңызы зор, – деді Мәулен Әшімбаев.

Аbai.kz

16 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572