Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Билік 5549 3 пікір 16 Қараша, 2018 сағат 12:06

Жолдау – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті қолдайды

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылдың 5 қазанындағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауында Сыбайлас жемқорлықпен қарсы белсенді күрес жалғасатындығы айрықша көрсетілген болатын. Демек, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты кінәлілерді анықтап, олардың жауапкершілігін қараумен ғана шектелмей, жалпы сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың себептерін анықтап, оның алдын алуды жүзеге асыруға бетбұрыс жасады. Нақтырақ айтқанда, алғашқы қадам халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер барысында мемлекеттік қызметшілердің тұрғындармен тікелей қарым-қатынасын азайтуға бағытталатын болды.

Бүгінде идеологиялық жағынан да, нормативтік-құқықтық жағынан да елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заманауи саясатты жүзеге асыруға толыққанды жағдай жасалған. Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жалпы мемлекеттік мәртебе берілген, сыбайлас жемқорлықты жою және оның көріністерін болдырмау жөнінде қоғамдық және саяси күштермен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауқымды науқан жүргізілуде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізудің келесі бағыты адал жұмыс істейтіндердің әрекетін қолдап, қарамағындағы қызметкер құқықбұзушылық жасаған жағдайда бірінші басшының жеке тәртіптік жауапкершілігі мәселесіне негізделді.

Үшінші бағыт «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобалары аясында елорданың жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру жөніндегі тәжірибесін еліміздің басқа өңірлеріне таратуға бағытталып отыр. Бұл өз кезегінде, халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастырып, дамытуға мүмкіндік береді. Осы мәселе «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі» деп түсініледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілетін білдіреді.

Сондай-ақ, үстіміздегі жылы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдаған жолдауында үкімет пен барлық мемлекеттік органдардың жұмысында формализм мен бюрократияны азайту жұмысы қолға алынып, министрлер мен әкімдердің шешім қабылдау еркіндігін қалыптастыру туралы айтылды. Мұның аталған мекеме басшыларының жария түрде халық алдында есеп беруі жағдайында тиімділігі жоғары деп бағалауға болады.

Экономикамызды қарқынды дамытып, бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етуімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу басты назарда болуы қажет мәселенің бірі болып қала бермек. Әрдайым мұндай жағымсыз дүниеден бойымызды аулақ салып, рухани жаңғыру жолында жасар әрбір қадамымыз әл-ауқатымыз бен тұрмыс сапамыздың жақсаруына кепіл болары анық.

Мұхтар Исаев

Философия докторы (PhD)

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052