Жұма, 29 Наурыз 2024
Бәрекелді! 3143 10 пікір 16 Қараша, 2018 сағат 12:42

Junior Eurovision байқауында Данэлия Тулешованы қолда!

Жақында Минск қаласында Junior Eurovision халықаралық байқауы өтеді. Сайыста ел тарихында тұңғыш рет Қазақстанның атынан 12 жасар Данэлия Тулешова өнер көрсетеді.

19 қараша күні шараның ашылу салтанатында жеребе бойынша  Данэлия Тулешованың қандай нөмірде бағын сынайтындығы белгілі болады. Жерлесіміз «Өзіңе сен» әнін орындайды. Ашылу салтанатын «Хабар» телеарнасында 23.00-де көресіздер.

Ал 25 қараша күні сағат 21.00-де «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде 20 мемлекеттің қатысушылары додаға түсетін байқауды ұсынады.

Қатысушылардың барлығы өнер көрсеткен соң, қатысушы мемлекеттер дауыс беруге кіріседі. Сондай-ақ дауыс беруге  3 ересек және 2 баладан тұратын қазылар алқасы да қатысады.

Қазақстандықтар Данэлияға дауыс беріп, қолдау көрсете алады. Сонымен қатар өздеріне ұнаған кез келген елдің қатысушысына, яғни жерлесімізден бөлек 3-4 адамға дауыс беруге рұқсат етілген. Көрермендердің дауыс беруі 23-25 қараша аралығында junioreurovisioin.tv сайтында өтеді. Жеңімпаз қазылар алқасы мен көрермендер дауысының ортақ шешімі бойынша анықталады.

Анықтама: «Junior Eurovision Song Contest» халықаралық ән байқауы 9 жастан бастап 14 жасқа дейінгі орындаушылар қатысатын «Евровидениенің» аналогы. Қазақстан байқаудың 15 жылдық тарихында алғаш рет байқауға қатысқалы отыр. Қазақстанның аумағында байқауды «Хабар» телеарнасы трансляциялайтын болады. «Хабар» агенттігі 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап іс-шараны ұйымдастыратын Еуропалық хабар тарату одағының (EBU) қауымдасқан мүшесі болып табылады, бұл мүшелік аталған байқауға қатысу үшін елден үміткер ұсынуға мүмкіндік берді.

Толықырақ дауыс беру туралы төмендегі видеодан көре аласыз!

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3553