Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2566 0 пікір 19 Сәуір, 2011 сағат 02:48

Еуроодақ Чернобыль АЭС-індегі апаттың салдарын жоюға 110 миллион еуро бөледі

БРЮССЕЛЬ. 19 сәуір.  ҚазАқпарат  /Димаш Сыздықов/ - Еуроодақ  Чернобыль   атом-электр стансасындағы   апаттың салдарын   жоюға  110  миллион  еуро бөледі.  Бүгін Киевте  өтетін  Чернобыль  жобаларын  жүзеге асыруға қаржы жинау жөніндегі  донорлық   конференцияның  қарсаңында  бұл туралы   еурокомиссар Андрис Пиебалгс мәлім етті.

Оның айтуынша,   Чернобыльда   осыдан  25 жыл бұрын  орын  алған  қайғылы оқиғадан кейін, Еурокомиссия  ядролық қауіпсіздік проблемаларымен  айналысу және   жергілікті  халыққа апаттың салдарын  еңсеруге көмектесу  жөніндегі  жобаларды жүзеге асыруға  470 миллион еуроға жуық  қаржы бөлген.   Бірақ та     атом-электр стансасының  зақымданған  реакторының үстінен  салынып жатқан  саркофагтың құрылысын аяқтау  үшін  2015   жылға дейін  тағы 740   миллиондай еуро   қосымша қаржы керек.

Еурокомиссар  А.Пиебалгстың айтуынша, «жақында Фукусимада  болған   апат,  еуропалық азаматтардың ядролық қауіпсіздігі бүгінгі  күннің  ең маңызды  мәселелерінің бірі  болып   қалып   отырғанын тағы да көрсетіп  отыр».

Естеріңізге сала кетейік, 1986 жылы  26 сәуірде   Чернобыль  АЭС-інде  болған  ядролық  апат  әлемдік   көлемдегі    трагедияға айналған  еді.   Жер шары  тұрғындарының     тең жартысына   радиациялық  сәуле қаупі төнді.   Адамзат      өз тарихында тұңғыш рет   осындай  жаһандық техногендік апатқа      ұшырады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1500
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5681