Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2129 0 пікір 19 Сәуір, 2011 сағат 04:53

Әбдіуақап Қара. Мұстафа Шоқайға құрмет – Тәуелсіздікті бағалау

Мәжілісте 13 сәуір күні Шалатай Мырзахметов бастаған 20 депутаттың тәуелсіздіктің 20 жылдығында депутаттық сауал беріп Қазақстан тәуелсіздігінің символ тұлғасы Мұстафа Шоқайға тиісті орнын беруге шақырғанын тебіреніс толқумен қарсы алдым.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіздіктің 20 жылдығын жоғары деңгейде аталып өтілуіне үлкен мән беріп отырғандығы мәлім. Өйткені, Қазақстан тәуелсіздікке және 20 жылдыққа оңай келген жоқ. Осы үрдісте болған қиыншылықтары әрдайым еске алып біліп отырмасақ, тәуелсіздіктің, бүгінгі қол жеткен жетістіктердің қадір-қасиетін біле алмай қалуымыз мүмкін. Ал, тәуелсіздіктің құс сияқты, бір күні қолымыздан ұшып кетпесіне кім кепіл? Қазақтың мақалында: «ер жігіт бақтың қонғанын білмейді, ұшқанын біледі», деп айтылған ғой. Біз тәуелсіздік құсының елімізге қонып отырғанын, ол ұшқаннан кейін емес, қазірден жіті білуіміз керек. Сол үшін 20 жылдықты жан-жақты және әділ өткізуіміз қажет.

Тарихшы ретінде, осы атап өтулерде тарихи оқиғалар мен тұлғаларға басты орын беріледі деп сенемін. Қазақстан тәуелсіздігін -  Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін және тәуелсіздіктен кейін деп екі тарихи кезеңге бөліп қарауға болады.

Мәжілісте 13 сәуір күні Шалатай Мырзахметов бастаған 20 депутаттың тәуелсіздіктің 20 жылдығында депутаттық сауал беріп Қазақстан тәуелсіздігінің символ тұлғасы Мұстафа Шоқайға тиісті орнын беруге шақырғанын тебіреніс толқумен қарсы алдым.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіздіктің 20 жылдығын жоғары деңгейде аталып өтілуіне үлкен мән беріп отырғандығы мәлім. Өйткені, Қазақстан тәуелсіздікке және 20 жылдыққа оңай келген жоқ. Осы үрдісте болған қиыншылықтары әрдайым еске алып біліп отырмасақ, тәуелсіздіктің, бүгінгі қол жеткен жетістіктердің қадір-қасиетін біле алмай қалуымыз мүмкін. Ал, тәуелсіздіктің құс сияқты, бір күні қолымыздан ұшып кетпесіне кім кепіл? Қазақтың мақалында: «ер жігіт бақтың қонғанын білмейді, ұшқанын біледі», деп айтылған ғой. Біз тәуелсіздік құсының елімізге қонып отырғанын, ол ұшқаннан кейін емес, қазірден жіті білуіміз керек. Сол үшін 20 жылдықты жан-жақты және әділ өткізуіміз қажет.

Тарихшы ретінде, осы атап өтулерде тарихи оқиғалар мен тұлғаларға басты орын беріледі деп сенемін. Қазақстан тәуелсіздігін -  Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін және тәуелсіздіктен кейін деп екі тарихи кезеңге бөліп қарауға болады.

Мұның біріншісі, бізге тәуелсіздіктің оңай келмегенін көрсетеді. Ресей патшалығы мен Кеңес Одағы кезінде қазақ халқының тәуелсіздік арманына жету үшін жанқиярлықпен жасаған ерліктерін ортаға салады. Кеңесары Қасымұлы, ИсатайТайманұлы, Махамбет Өтемісұлы, Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсын, МіржақыпДулат, Мұстафа Шоқай, Желтоқсан құрбандары, Қайрат Рысқұлбеков, ЛәззетАсанова сынды қазақ арыстарының өмір жолдары, күрестерін жан-жақты ортаға салып халқымызға, жастарға, тіпті бүкіл әлемге таныстыратын іс-шаралар өткізілгені дұрыс. Өйткені, бұл әлемдегі қазақтар және өзге Орта Азия халықтары Кеңес Одағы өздігінен шаңырағы опырылып құлағаннан кейін тәуелсіздікке оп-оңай қол жеткізді, олар тәуелсіздік деген қасиетті ұғымды білетін өркениетті халықтар емес деген пікірлерге тойтарыс болар еді. Осындай жаңсақ пікір болғаны үшін оларды айыптауға да болмайды. Өйткені, халқымыздың тәуелсіздік жолындағы күрестерін алдымен өзіміз әлемге жария етіп танытпасақ, өзгелерге қазақ халқының тарихын дұрыс білмегені үшін қалай сын айта аламыз? Міне, осы орайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «ТүрікАкадемиясын» құру идеясы өте маңызды. Бұл академия өздеріңізге белгілі түркі халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеп, әлемге таныстыруды мақсат етеді.

Қазақтың тәуелсіздікке дейінгі кезеңде халқының жарқын келешегі үшін күрес жүргізген тарихи тұлғалары жіпке тізіп айта берсек көп. Бірақ әрбір кезеңнің симмволдық маңызды тұлғасы болады. Сондай символ тұлғаның бірі Мұстафа Шоқай болса керек. Сондықтан басқа тәуелсіздік қайраткерлерінің арасында 20 жылдықта Мұстафа Шоқайға ерекше орын беріп, Қазақстанда және әлем елдерінде таныстыратын іс-шаралардың өткені дұрыс.

Сонымен қатар, Қазақстанның 20 жылдық іс-шараларына бүкіл әлемнің зер салып мұқият қарап отырғандарын есте сақтау керек. Бұл шаралардың әділ өтуі сондықтан да маңызды болып отыр. Бұл шаралар Қазақстан халқының тәуелсіздік ұғымы турасындағы түсінігінің қандай екендігі туралы сыр шертеді.

Әсіресе, Қазақстанда тәуелсіздік тарихының символ тұлғасы Мұстафа Шоқайға әлі де лайықты бағасының берілмей кележатқандығы әлемде, оның ішінде Түркияда көп адамды таңқалдыруда.

Осы орайда БашкұртстанныңЗ әкиУәлиди туралы іс-шаралары алға тартылуда. Өздеріңізге белгілі Зәки Уәлиди мен Мұстафа Шоқай өз елдерінің Кеңес Одағынан тәуелсіздік алу жолындағы күресінде үзенгілес болған. Екеуіде Алаш Орда көсемі Әлихан Бөкейханның ұстаздығында саясатқа тәрбиеленген. Олар Еуропа елдерінде Кеңес Одағына қарсы идеялық күрес жүргізген және қос тұлғада 1890 жылы туылған.

Башқұртстан Кеңес Одағы ыдырағаннан бастап осы бір туар арысы Уәлидидің тарихи тұлғасына жоғары мән берген. Оның әлемдегі шашырап жатқан мұралары жинақталып Уфа қаласында ашылған музейіне орналастырылған. Сондықтан депутаттардың Астанада Мұстафа Шоқай атында музей ашу талабы өте орынды. Сөйтіп, оның әлемде жеке адамдардың қолдарында шашырап жатқан мұраларын жинақтуға мүмкіншілік болар еді. Тіпті, сол музейді «Мұстафа Шоқай және Қазақстан тәуелсіздік музейі» деп атап Мұстафа Шоқаймен бірге Қазақстан тәуелсіздігіне қызмет еткен бүкіл арыстарымыз туралы деректер, мұралар және мәліметтерді сонда жинастыруға болар еді. Бұл жас ұрпақтың және шетелдіктердің қазақ халқының қасиетті тәуелсіздік үшін күрес тарихын нақты көріп білуіне қызмет етер еді.

Башқұрттардың Зәки Уәлидиді құрметтегендері соншалық, өткен жылы оның туғанына 120 жыл толуына байланысты Башқұртстанда, Түркияда және басқа әлем елдерінде бірқатар іс-шаралар өткізілді. Осы іс-шаралардың бірқатарын Анқарадағы «Түрксой» ұйымы ұйымдастырды. Бірақ Қазақстан басқарып отырған «Түрксой» ұйымының Мұстафа Шоқайдың 120 жылдығы туралы 2010 жылы ешбір іс-шара өткізбегені түрік зиялыларының назарынан тыс қалмады. Башқұртстан Ресей құрамында автономиялы мемлекет ретінде өзінің белгілі тарихи тұлғасына музей ашып әлем елдерінде іс-шаралар өткізіп отырғанда, тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің өзінің тарихи тұлғасына бей-жай қарауы түрік елінде бірқатар адамдарды таң қалдыруда.

Ал, тәуелсіздік тарихымыздың екінші кезеңі де, біріншісіндей аса маңызды. Бірінші кезеңде аталып өткен ұлы тарихи тұлғалар қол жеткізе алмаған тәуелсіздік арманына осы кезеңде қол жеткізді. Міне, мұның өзі 1991 жылғы 16-ншы желтоқсандағы Қазақстанның тәуелсіздік декларациясының маңыздылығын аша түсетіні анық.

Сол кездегі Қазақстанның тәуелсіздігі турасындағы әлемдік реакцияларға қарағанымызда Қазақстанның болашағы үшін аса пессимістік пікірлердің айтылғанын көреміз. Мәселен Колгейт университетінің профессоры, Сыртқы саясат зерттеулер институтының қызметкері және «Қазақтар» атты монографиялық еңбектің авторы Марта Брил Олкот былайдейді: «...... Орталық Азия халықтарына тән қасиеттің бірі, олардың Кеңес Одағының ыдырауынан бұрын тәуелсіздік үшін ашықтан-ашық ұмтылыс пен талпыныс жасағанын көрмейсіз. Аталмыш аймақ халықтарының бостандық үшін күрес жүргізбеулері, олардың тәуелсіздікті қаламағандықтарынан емес. Дей тұрғанменен де, олар тәуелсіз ел болу мүмкіндіктерінің бар екеніне сенген жоқ».

Ал, батыс елдеріндегі саяси сарапшылардың бірқатары 90- жылдардың басында жазған мақалаларында тәуелсіз Қазақстанның ұзаққа бармай этникалық қақтығыстар салдарынан бүлініп  Ресей қол астына қайта кіретініне сенгенін жасырмады. Олар Орталық Азия елдері ішінде Қазақстанның этникалық қақтығыстар салдарынан бөлшектену ықтималына баса назар аударды.   Қазақстанның этникалық қақтығыстар және көршілес Орталық Азия елдерімен болған келіспеушіліктер салдарынан бөлшектену қаупі болғанын көрсеткен В.Поп қазірдің өзінде оған жақын Тәжікстанда азамат соғысы жүріп жатқанын назарға алып, аталмыш аймақта исламдық фундаментализмнің күшейіп келе жатқанын және Қазақстанның Ресеймен келіспеушілікке ұрынуының да әбден ықтимал екенін атаған еді. Ол мақаласын төмендегідей жалғастырады: «... бүгінгі таңда орыс-қазақ байланыстары, жұмсартып айтқанда, бұлыңғыр. Қазақтар ендігәрі орыстарды ұлы халық ретінде емес, бағы тайған халық ретінде көріп отыр. Қазақтар, бұрыңғы отарлаушы ел болған Ресейге астықты экспорттық өнім ретінде сатып отыр. Ұлғайып келе жатқан этникалық теке-тірестер тікелей қақтығыстарға себеп болады. Қазақстанда жүзден астам ұлт өкілдерінен, ұлт құраушы қазақтар халықтың 42 пайызын құраса, орыстар оларға жақын қырық пайызды құрайды."

Оның үстіне бетбе-бет келіп отырған экономомикалық қиыншылақтарда Қазақстанның жарқын болашағына күмән келтіртіп отырды. 1994 жылы 14-нші ақпанда «Вашингтон Пост» газетінде шыққан мақаласында Фрэд Хият Қазақстанның көк мұз суық астанасында тұрақтылықтың кейбір нәзік жақтарының бар екенін көру қиын емес дейді. Қазақстан экономикасы дағдарыста екенін айтқан ол: «...жанармай табылмайды, шахтерлер мен фермерлердің жалақылары төленбейді, зауыттар жұмыстарын күрт азайтқан, тұрғын үйлердің көбісіне жылу мен ыстық су берілмейді. Сондықтан да, айтарлықтай артта қалған Қазақстан Ресейге тәуелді болып отыр» - дейді.

Мұндай пікірлерді айта берсек таусылмайды. Бірақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясаттарының арқасында Қазақстан бүгінгі дамыған 50 елдің қатарына шығып отыр. Бұл - осыдан 20 жыл бұрын болжам ретінде айтылса адам сенгісіз жағдай болар еді. Сондықтан Қазақстанның 20 жыл ішінде қол жеткізген озық жетістіктерін бағалай білуіміз керек.

Жалпы айтқанда, Қазақстан мемлекеті қалыптастыру мен халықаралық қатынастарда осыдан жиырма жыл бұрын ең оптимистік саяси сарапшыныңөзі болжай алмаған ірі жұмыстарды атқарды. Бұл ірі табыстардың артында Н.Назарбаевтың таланты мен саяси тәжірибесінің жатқандығы ақиқат.  Сондықтан Қазақстан тәуелсіздік тарихының екінші кезеңінің символдық тұлғасының Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев екені сөзсіз.

Президентті ұлықтау салтанатында сөйлеген сөзінде Нарғыз Иманғазы деген астаналық бүлдіршін мынадай өлең оқыған еді:

Тәуелсіздік, атың қандай киелі!

Сені қорғау - әр қазақтың парызы,

Әр қазақтың сен деп соғар жүрегі!

Тәуелсіздік - қандай ғажап бұл ұғым!

Сол ақын қыздың айтқанындай тәуелсіздік киелі ұғым. Оны қорғау бүкіл қазақтың парызы. Сондықтан қазақ халқының санасына осы киелі ұғым мен міндетті сіңіру үшін тәуелсіздікке еңбек еткен арыстарымызды бағалай білуіміз керек-ақ.

Осы орайда, Мәжілісте бастама көтерген Шалатай Мырзахметов бастаған 20 депутатқа алғысымды айтамын. Сондай-ақ, Бас министр Кәрім Мәсімов олардың бұл бастамасына оңды жауап береді деген сенімдемін.

Сөз соңында, 1941 жылдың 27-нші желтоқсан  күні дүние салған Мұстафа Шоқай енді тірілмейді. Бірақ Кеңес Одағы кезінде қазақ халқын құл қылып бодандықта ұстауға бағытталған мақсаттар мүддесі тұрғысынан халық санасынан біржолата өшіруге тырысқан Мұстафа Шоқайдың тарихи тұлғасын тірілтуге болады.  Қазақстанның айтулы мерекесі - тәуелсіздіктің 20 жылдығында Мұстафа Шоқайдың дүниеден қайтқанына 70 жыл толып отырғанда, рухының туған халқымен қайта қауышуына жағдай жасалса нұр үстіне нұр болмары хақ.

Әбдіуақап Қара

Түркия, Ыстамбұл қаласы,

Мимар Синан универсиетінің

профессоры,

Шоқайтанушы ғалым

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5664