Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2881 0 пікір 19 Сәуір, 2011 сағат 10:42

Қажымұқан Ғабдолла. «Қазақ елі» халықтық қозғалысы құрылды

Сәуірдің 18-күні ұлт жанашыры, "Жұмадағы жүздесу" газетінің бас редакторы, Қажымұқан ҒАБДОЛЛАның ұйымдастыруымен Алматы қаласында елдің ертеңін ойлап, ұлттың үмітін үкілеп жүрген ел азаматтары бас қосты. Жиналысқа қатысушылар ұлтымыз бен еліміздің болашағына қатысты ашық та ащы ой-пікірлерін ортаға салып, қоғамда болып жатқан елеулі мәселелер төңірегінде пікір алмасты. Бүкіл халықты бірлікке шақыратын республикалық ұйымның қажеттігін, ұлтымыздың тағдырын жалпы халық болып ойласатын уақыт жеткендігін, оның кезек күттірмейтін келелі мәселе екендігін атап өтті.

Бас қосуға келген барлық азаматтардың бір ауыздан мақұлдауымен «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық қозғалысы құрылды.

Халықтық қозғалыстың ұйымдастырушы тобына Қажымұқан ҒАБДОЛЛА, Қуаныш МҰҚТАЙ, Марат УАТҚАН,  Серік САПАРҒАЛИ, Нұрлан ӘМІРҚҰЛ, Нағашыбай ЕСМЫРЗАЕВ, Халелхан ӘДІЛХАНОВ, Хазірет БЕРДІХАН, Амангелді ЖҰМАШ, Жәнібек ИМАМ ӘЗІР есімді азаматтар көпшіліктің дауысқа салуымен сайланды.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2061
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4924
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4124